Гүлшара кеше кiм едi?
Шендi-шекпендiнiң бәрi “тұңғыш президент” күнiнiң қамымен шапқылап жүрген тұста Ақордада тағы бiр ауыс-түйiс жасалды. ҚР премьер-министрiнiң орынбасары қызметiнен босаған Ербол Орынбаев президенттiң көмекшiсi болып тағайындалды. Ал оның орнына бұған дейiн Н. Назарбаевқа кеңесшiлiк етумен қоса, ҚР президентi жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссияның төрайымы қызметiн атқарған Гүлшара Әбдiхалықова келдi. Сөйтiп, билiк өкiлдерi үшiн әйдiк мереке саналатын 1 желтоқсанды Гүлшара ханым жаңа мәнсабымен қарсы алды.

Жамбыл жеңiл және тамақ өнеркәсiбi технологиялық институтын бiтiрген, мамандығы экономист, экономика ғылымдарының кандидаты.
1994-1995 жж. – ҚР Жоғары Кеңесi Халықты әлеуметтiк қорғау комитетiнiң консультанты.
1995 - 2003 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнде бөлiм бастығы, басқарма бастығының орынбасары, зейнетақымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы. Әлеуметтiк қамтамасыз ету департаментi директорының орынбасары, Әлеуметтiк қамтамасыз ету және әлеуметтiк көмек департаментiнiң директоры, Зейнетақымен қамтамасыз ету және халықтың кiрiсiн реттеу департаментiнiң директоры.
2003- 2005 ж.ж. – ҚР еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi.
2005- 2006 ж.ж – “Өмiрдi сақтандыру компаниясы – Мемлекеттiк аннуитеттiк компания” АҚ басқармасының төрайымы.
2006- 2007 ж.ж. - ҚР еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi.
2007- 2008 ж.ж - ҚР еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң жауапты хатшысы.
2008-2009 ж.ж. – ҚР президентiнiң кеңесшiсi, ҚР президентi жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссияның төрайымы.
2009 жылы– ҚР еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi.
2012 жылы – Қазақстан Республикасы президентiнiң кеңесшiсi, ҚР президентi жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссияның төрайымы.