Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1963 0 пікір 2 Желтоқсан, 2025 сағат 15:39

Ресейдегі утильалым Қазақстанға әсерін тигізе ме?

Сурет: all-leasing.ru сайтынан алынды.

1 желтоқсаннан бастап Ресей Федерациясында автокөліктерге арналған жаңа утильалым мөлшерлемелері күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметте өткен брифингте журналистер Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтан бұл өзгерістің Қазақстанда өндірілетін көліктердің Ресейге экспортталуына қалай әсер етуі мүмкін екенін сұрады.

Жуырда Ресей Федерациясының өнеркәсіп министрімен кездесіп, бюджетке түсетін алым мөлшерлемелерінің өсуін және отандық өндірушілерді қолдау шараларын талқыладық. Қазіргі таңда біздің көліктерді Ресейге жаппай шектеуге негіз болатын алғышарттарды көріп тұрған жоқпыз. Интеграциялық бірлестіктегі әріптесіміз қандай да бір өзгеріс қабылдаса, ол бізбен талқыланады. Біз барлық келісімдер аясында жұмыс істейміз, сондықтан қазіргі уақытта алаңдауға себеп жоқ, – деді министр.

Нағаспаевтың айтуынша, утильалым мөлшерлемелерінің өсуі бағаға әсер етуі мүмкін. Алайда бұл Қазақстан үшін күрделі проблема болмайды. Ел қолданыстағы келісімдер шеңберінде өндірістік және экспорттық жоспарларын қажетіне қарай реттеуге дайын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2559
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 710
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676