Облыстық делегаттар: «Нұр Отанның» жасампаздығы
Қазақстан өз тəуелсіздігін алып, дербес мемлекет болып даму жолына түскен 20 жылдан астам уақыт ішінде əлеуметтік жағынан да, экономика салаларында да орасан зор жетістіктерге жетті. Бұл еліміздің нағыз сын тезінен өткен кезеңі деуге болады. Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың алыс көкжиектерді көздеген сарабдал саясатының арқасында талай қиыншы-лықтарды еңсере білдік. Əлемнің көптеген алпауыт елдерінің өзін сансыратып кеткен қаржы дағдарысының салдарларын біздің халқымыз оншалықты сезіне қойған жоқ. Елбасының көрегендігі, дағдарыс толқынына тегеурінді тетіктерді уақытында қосуы арқасында кездескен қиыншылықтарды жеңе отырып тəуелсіздігіміздің тұғырын одан əрмен бекіте түстік. Тəуелсіз Қазақ мемлекеті бүгінгі таңда жаһандану бағытымен өмір сүріп жатқан жалпақ əлемде өркениет көшінен ойып орын алған, өзінің дербес даму бағыты бар еңселі елдер санатына қосылды.
Жақында жария етілген Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық бəсекелестік туралы жылдық есебінде экономикалық рейтинг бойынша Қазақстан əлемнің 148 елі арасында 50-орынды иемденгені айтылды. Бұл бұрынғы Одақ құрамында болған тəуелсіз мемлекеттерді, оның ішінде Ресей, Украина, Беларуссия сияқты ауыр индустриясы мейлінше дамыған мемлекеттер де бар, артқа тастап, біртіндеп алға оза бастағанымызды айғақтайтын көрсеткіш.
Қазақстан өз тəуелсіздігін алып, дербес мемлекет болып даму жолына түскен 20 жылдан астам уақыт ішінде əлеуметтік жағынан да, экономика салаларында да орасан зор жетістіктерге жетті. Бұл еліміздің нағыз сын тезінен өткен кезеңі деуге болады. Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың алыс көкжиектерді көздеген сарабдал саясатының арқасында талай қиыншы-лықтарды еңсере білдік. Əлемнің көптеген алпауыт елдерінің өзін сансыратып кеткен қаржы дағдарысының салдарларын біздің халқымыз оншалықты сезіне қойған жоқ. Елбасының көрегендігі, дағдарыс толқынына тегеурінді тетіктерді уақытында қосуы арқасында кездескен қиыншылықтарды жеңе отырып тəуелсіздігіміздің тұғырын одан əрмен бекіте түстік. Тəуелсіз Қазақ мемлекеті бүгінгі таңда жаһандану бағытымен өмір сүріп жатқан жалпақ əлемде өркениет көшінен ойып орын алған, өзінің дербес даму бағыты бар еңселі елдер санатына қосылды.
Жақында жария етілген Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық бəсекелестік туралы жылдық есебінде экономикалық рейтинг бойынша Қазақстан əлемнің 148 елі арасында 50-орынды иемденгені айтылды. Бұл бұрынғы Одақ құрамында болған тəуелсіз мемлекеттерді, оның ішінде Ресей, Украина, Беларуссия сияқты ауыр индустриясы мейлінше дамыған мемлекеттер де бар, артқа тастап, біртіндеп алға оза бастағанымызды айғақтайтын көрсеткіш.
Қоғам дамуы əрдайым бір қалыпты болмайтыны диалектикалық заңдылық. Əлемдегі бүгінгі өзгерістер, елдер арасындағы алуан қырлы қайшылықтар, дағдарыс алып келген дүрлігістер осының айғағы. Осындай алуан айшықты əлемде өз еліндегі бейбіт өмір мен тұрақтылықты сақтау, дүбəрə дүрмектерге бой ұрмай, қоғамдағы демократиялық үрдістердің дамудың қалыпты даңғылымен белең ала бастауы – Қазақстан басшысының көрегендік саясатының арқасы екенін қазір бүкіл əлем мойындап отыр.
Өткен жылдың аяғында Елбасымыз жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басты ерекшелігі –Қазақстанның дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқаны, еліміздің ХХІ ғасырдағы дамыған 30 елінің қатарына қосылуы, бұл жолда қазіргіден əлдеқайда биік белестерді бағындырудың бағыт бағдары баян етілді.
Қазақстанның қарқынды экономикалық дамуы мен əлем елдерінің өркениет көшіне ілесу, кірігу, олармен қалыпты байланыс қалыптастырудағы ұланғайыр істер қай тұрғыда да саяси жаңаруды талап етеді. Міне, осындай жаңарудың, қоғам дамуының жаңа кезеңіне қадам басуымызға партиямыздың кезектен тыс XV cъезі тың серпін бергенін айту керек.
Бұл күндері бүкіл еліміздің жұртшылығы партиямыздың XV съезінен кейінгі өрлеу кезеңін бастан кешуде. Съезд шешімдерінен, съезде Елбасымыз, партия Төрағасы Н.Ə.Назарбаевтың сөйлеген сөзінен алған орасан зор əсер мен тың серпін қоғам өмірінің қай саласында да айқын аңғарылуда. «Нұротандықтар» съезден елімізді одан əрі дамыту жолындағы жарқын істерге деген зор құлшыныспен оралғандары сөзсіз.
Съезде Нұрсұлтан Əбішұлының партияластарына, ел халқына арнаған тұжырымды сөздерін біздер алдағы атқарылатын ауқымды жұмыстарға арналған бағдаршам деп түсіндік. Елбасының өткен жылғы «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі бағыттарын айқындап берген Жолдауын жүзеге асыруда партияның рөлі мен міндеттері съезде қабылданған партияның жаңа саяси доктринасында нақты көрініс тапқан.
Елбасы, партия Төрағасы съезде сөйлеген тұжырымдамалық сөзінде осындай кең ауқымды қамтитын, елді одан əрі дамытудың алыс көкжиектерді көздейтін бағдарламалық тапсырмалары мен оларды нақты іске асырудың қағидаттарын жариялай отырып, мемлекеттің əлеуметтік жаңғыруы мен адамдарымызды дербес өмірге, бастамашыл еңбекке жұмылдырудың, ұлттың мəдени сапасын жаңа деңгейге көтерудің тұтастай жүйесін жасап берді. Жолдаудың негізгі бағыттарын жүзеге асырудың кешенді топтамасында жауапты орындарға берілген əрбір тапсырма өміршеңдігімен, аса маңыздылығымен қатар, жарқын болашаққа бастайтын, бірін-бірі толықтырып тұрған игілікті істердің жиынтығы деуге болады.
Партияның Маңғыстау облыстық филиалы, делегаттарымыз съезд шешімдерін, Елбасы, партия Төрағасы Н.Ə.Назарбаевтың съезде сөйлеген тұжырымдамалық сөзін қалың жұртшылыққа насихаттау, түсіндіру жұмыстарына съезден оралған бетте-ақ кірісіп кетті. Облыстық телеарнаның «Резонанс» телехабарына партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Жұмашев пен облыстық «Азаматтық альянс» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жақсыгүл Махамбетова қатысып, көрермендердің сұрақтарына тікелей эфирде жауап берді. «Ел ертеңі» телебағдарламасына делегаттарымызды, жастар өкілдерін қатыстырып, съезде айтылған мəселелер, партияның жаңа доктринасы туралы келелі əңгімелер жүргіздік. Облыс көлемінде шығып тұрған газеттерде делегаттарымыздың мақалалары жарық көре бастады. Съезд шешімдерінен туындайтын міндеттерімізді Саяси Кеңестің кеңейтілген мəжілісінде талқылап, партия ұйымдарына тиісті тапсырмалар берілді. Таяудағы жоспарымызда ірі кəсіпорындардың ұжымдары алдында, бастауыш партия ұйымдарында, түрлі қоғамдық ұйымдармен, жастар өкілдерімен делегаттарымыздың кездесулерін, арнайы лекциялар оқуды көздеп отырмыз.
Осындай өмірлік маңызы зор қадамдарды ұлт болашағы тұрғысынан алар болсақ, шын мəнінде де ұлттың болашағы қоғам дамуына тікелей байланысты. Тарихқа көз салар болсақ, мемлекеттердің дамуы, өркендеп, гүлденуі қоғамды да, мемлекет қалыптастырып отырған ұлтты да өркениетке жеткізеді. Қоғам өзгеруімен бірге адам көзқарасы өзгереді, талап-тілегі күшейеді, белсенділік, білім мен біліктілік, саяси сана жаңа арнаға көтеріледі. Алдымен қоғам дамуы процесіне барша қазақстандықтардың, соның ішінде мемлекетімізді қалыптастырып отырған қазақ ұлтының белсенділігі көтерілуі керек. Съезде Елбасымыз осы мəселеге де ерекше назар аударып, «Нұр Отан» партиясының қоғам өміріндегі көшбасшылық рөлін күшейтуге байланысты жеті тапсырма берді. Қазақ мемлекеті ұлттық рухты ұлықтай отырып алға басса ғана тəуелсіздігіміздің тұғыры нықталып, егемендігіміздің еңсесі биіктей беретіні сөзсіз.
Қазақстанды əлемдік қауымдастық ұлтаралық қатынастар мен тұрақтылықты дамытуға кепілдік беретін мемлекет ретінде таниды. Бұл орайда қоғам өмірінің көшбасында келе жатқан «Нұр Отан» партиясының алдында тұрған міндеттер ауқымы өте зор. Партия Төрағасы, ел Президенті елімізде демократиялық мəдениетті қалыптастыруда «Нұр Отан» партиясының рөлі мен маңызын айрықша бағалай отырып, бұл бағыттағы жұмыстарға жаңаша көзқарасты қалыптастыруды тапсырды.
Съезде қабылданған партияның жаңа саяси доктринасы Елбасы, партиямыздың Төрағасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан–2050» Стратегиясын нақты іске асырудың тағы бір тегеурінді қадамы деп бағалаймын. Бұл доктрина қазақстандық қоғамды жарқын болашақ жолындағы жасампаздық істерге жұмылдыруға, уақыт ағымы мен тəуелсіздік жылдарында қалыптасқан негізгі құндылықтарымызды өміршең идеялармен өрнектеген партиялық бағдарлама. Елбасының Тəуелсіз Қазақ елінің дербес мемлекет болып өркениет айдынына бет алуы жолындағы сарабдал саясатының мызғымастығын сақтауда, қоғам өмірінің қалыпты дамуына, адамдарымыздың əлеуметтік əлеуетінің артуына саяси доктрина тың серпін бермек. Партиямыздың рөлі мен орнын анықтап алу қажеттігінен өмірге келген бұл құжат əрбір партия мүшесінің өмірлік ұстанымына жалау болады деп сенемін. Доктрина Қазақстанды жедел дамыту мақсатында елдің адами, интеллектуалдық мүмкіндігін жандандыру мен жұмылдыруға, əрбір қазақстандықтың лайықты өмір сүру деңгейіне жетуге, республика азаматтарының Конституциямызда жазылған құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен қорғауға кепілдік береді.
«Нұр Отан». Нұрлы болашақ жолында!» деген атауы айтып тұрғандай, бұл доктринаның партиямыздың таяу болашақта атқаруға тиісті міндеттерін айқындаумен қатар, бүгінгі ұрпақты алыс көкжиектерге ұмсындыратын моралдық кодексі болуға əбден лайық. Доктринаның басты құндылығы да осында. Доктринаның тағы бір ерекшелігі – бұл «Нұр Отанның» 15 жылдығы қарсаңында қабылданғалы отырған стратегиялық маңызы бар саяси құжат болуында жəне «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың саяси тұжырымдамасына айналуы тиіс.
Доктринада белгіленген жаңа принциптер негізінде мемлекет азаматтар мүддесіне қызмет ету бағыт-бағдарын ұстанатын болады. Біздің партиямыз əр азаматты қолдайтын, кепілдіктер беретін, қамсыздандыратын, көмектесетін, əр азаматты икемдендіретін жəне өз мүмкіндіктерін іске асыруына жағдай жасайтын мемлекетті қалыптастыру жолында осы жаңа принциптерді басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды. Ата Заңымызда əрбір азамат үшін өзінің қоғамға пайдалы дарыны мен қабілетін еркін дамытып, іске асыруына тең мүмкіндіктер берілген. Əркімге өзінің жасампаз адал еңбегінің, өз кəсіпқойлығының, адами, ізгілік қасиеттерінің негізінде қоғамда лайықты орын алуға құқық беріледі.
Мəдени ерекшеліктер мен жаңа қазақстандық патриотизм негізіндегі дəстүрлі рухани құндылықтарды сақтау–Доктринаның маңызды идеологемасы болып табылады. Жаңа қазақстандық патриотизм – жалпыұлттық əрекеттер бірлігін, кез келген сынақтар мен қатерлерге бірлесе қарсы тұруға дайын болуды, табысты болашақты көздеп, оған ұмтылушылықты білдіретін құндылық.
Президенттің «Қазақстан – 2050» Стратегиясында айтылған жас ұрпақты «Қазақстандық патриотизм» рухында тəрбиелеудің қағидаттары Доктрина жобасында жаңа қырынан көрініс тапқан. Тəуелсіздік жылдарында елімізде тоталитарлық жүйенің салқыны тимеген жаңа ұрпақ өсіп-жетілді. Оларды ұлттық құндылықтарымызбен сусындатып өсіру, төл тарихымызды таныту, тіліміз бен діліміздің өміршеңдігін санасына сіңіру, əлемдік мəдениет пен өркениет өнеге тұтып жүрген демократиялық үрдістер рухында тəрбиелеп жетілдіру біздің партиямыздың айнымас қағидасына айналуы тиіс.
Тəуелсіздік жылдарында қазақстандық қоғамда қалыптасқан басты құндылықтар мен жасампаздық идеалдар - еркіндікті, қоғамдық келісімді, əділдікті, заңның салтанат құруын, отбасы мен дəстүрді, төл тарихымызды түгендеуге, болашаққа деген ұмтылысты бекітуге бағытталған партиямыздың жаңа саяси доктринасы ел жұртшылығын алыс көкжиектерді көздейтін Стратегиямыздың басым бағыттарымен үйлесімді өмір сүріп, жұмыс жасауға жұмылдырады деп сенемін.
Қорыта айтқанда, біздерді съезд қабылдаған шешімдерді, Төрағамыздың съезд мінберінен айтқан тұжырымдары мен тапсырмаларын жүзеге асыру жолындағы жасампаздық істер күтіп тұр.
Есберген ІҢІРБАЙҰЛЫ
«Нұр Отан» партиясының XV съезінің делегаты, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі