Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
1173 0 пікір 23 Сәуір, 2024 сағат 20:05

Абай облысынан 200-ге жуық сарбаз Оралға аттанды

Сурет: Qaz365.kz

Еліміздің Қарулы күштерінің әскери қызметшілері су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсетуді үздіксіз жүргізіп жатқаны белгілі.

Солардың қатарында Абай гарнизоны әскери бөлімдерінің 200-ге жуық әскери қызметшісі Батыс Қазақстан облысы Орал қаласына арнайы бортпен аттанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Су тасқынына қарсы көмек көрсетуге аттанған әскери қызметшілерге «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов бағыт беріп, аталған шараның маңыздылығына тоқталды.

- Өздеріңіз білетіндей еліміздің батыс аймақтарында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қарулы күштердің әскери қызметшілері де тәулік бойы жұмыстар атқаруда. Тасқынның алдын алу мен салдарын жою шараларына белсене қатысып қайтуларыңызға тілектеспін, - деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, полковник Жеңіс Маралов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1519
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3300
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5897