Жұма, 22 Қараша 2024
1220 0 пікір 23 Сәуір, 2024 сағат 20:12

2024 жылы қанша қазақ қандас мәртебесін алды?

Сурет: minber.kz

2024 жылдың басынан бері 4351 қазақ қандас мәртебесін алған. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Қандастардың жартысы Қытайдан келген. 31,9 пайызы Өзбекстаннан, 6,4 пайызы Түркіменстаннан, 5,4 пайызы Моңғолиядан, 3,7 пайызы Ресейден, 1,5 пайызы өзге де елдерден келген.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, қандастардың 59,1 пайызы – еңбекке жарамды адамдар, 31,7 пайызы – кәмелет жасына жетпегендер, 9,2 пайызы – зейнеткерлер. Еңбекке қабілетті қандастардың 16,9 пайызының жоғары білімі бар, 21,5 пайызы — орта кәсіби білімді, 55,5 пайызы — жалпы орта білімді, 5,1 пайызының білімі жоқ.

Министрліктің ақпаратынша, қандастар республиканың түрлі өңіріне қоныстанған. Еңбек күші тапшы өңірлер ретінде Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары аталды. Ресми статистикаға қарағанда, 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн 132,7 мың қазақ оралған.

Дереккөзі: Азаттық

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282