Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2586 0 пікір 5 Қараша, 2013 сағат 15:04

9 айдың қортындылары сарапқа салынды

Облыстық әкімдіктің кіші залында 2013 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша қалалар мен аудандар әкімдерімен селекторлық кеңес өткізілді. Кеңес жұмысын облыс әкімі А.Айдарбаев кіріспе сөз сөйлеп ашып, Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысы мен «Нұр Отан» партиясының XV съезінде берген тапсырмаларымен таныстырды.

– Баршаңызға белгілі, осы айдың басында Елбасымыз Үкіметтің кеңейтілген отырысына басшылық жасап, ағымдағы жылғы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 9 ай қорытындысын, сондай-ақ индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асырудың барысын талқыға салған болатын,-деді Алик Серікұлы. – Президент мемлекеттік органдардың жұмысына оң баға беріп, жарияланған «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асыру бойынша
қажетті мақсаттарды айқындап берді. Толықтай алғанда, еліміз бен аймақтар дамуының жағымды өсімі атап өтілді.

Сонымен қатар жергілікті мемлекеттік органдардың атына сын-ескертпелер айтылды, олардың ішінде жекелеген көрсеткіштер бойынша біздің облысымыз дербес аталды. Кеңес қорытындылары бойынша нақты тапсырмалар берілді, олардың негізгі бөлігі аймақтық саясатты күшейтуге бағытталды. Оларды орындау үшін қазірдің өзінде тиісті іс-шаралар жоспары жасақталды.

Облыстық әкімдіктің кіші залында 2013 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша қалалар мен аудандар әкімдерімен селекторлық кеңес өткізілді. Кеңес жұмысын облыс әкімі А.Айдарбаев кіріспе сөз сөйлеп ашып, Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысы мен «Нұр Отан» партиясының XV съезінде берген тапсырмаларымен таныстырды.

– Баршаңызға белгілі, осы айдың басында Елбасымыз Үкіметтің кеңейтілген отырысына басшылық жасап, ағымдағы жылғы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 9 ай қорытындысын, сондай-ақ индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асырудың барысын талқыға салған болатын,-деді Алик Серікұлы. – Президент мемлекеттік органдардың жұмысына оң баға беріп, жарияланған «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асыру бойынша
қажетті мақсаттарды айқындап берді. Толықтай алғанда, еліміз бен аймақтар дамуының жағымды өсімі атап өтілді.

Сонымен қатар жергілікті мемлекеттік органдардың атына сын-ескертпелер айтылды, олардың ішінде жекелеген көрсеткіштер бойынша біздің облысымыз дербес аталды. Кеңес қорытындылары бойынша нақты тапсырмалар берілді, олардың негізгі бөлігі аймақтық саясатты күшейтуге бағытталды. Оларды орындау үшін қазірдің өзінде тиісті іс-шаралар жоспары жасақталды.

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының XV съезінде де көптеген өзекті міндеттер белгіледі. Бірінші кезекте жаңа қазақстандық патриотизм мен жалпыұлттық бірлікті қалыптастырудың жалпыұлттық орталығы ретінде партияның маңызды миссиясына ерекше назар аударылды. Аймақаралық байланыстарды тереңдету мен нығайтудағы партияның шешуші рөлі айқындалды. Өздеріңізге белгілі, бүкіл еліміз бойынша ауылдар мен аудандық маңыздағы қалалар әкімдерінің сайлауы өтті, жергілікті билік түбегейлі жаңарды. Орталықтан аймақтарға әрекеттік өкілдіктер берілді. «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудың алғашқы қадамдарының бірі «А» жаңа басқару корпусын қалыптастыру болды. Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп,
алғашқы конкурс қорытындыларын талдауды ескере отырып, «А» корпусын дәйекті дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдайтын болады. Сонымен бірге «А» корпусының ішінде жүйелік ауыс-түйіс қамтамасыз етілетін болады.

Таяуда сайланған селолық округтердің әкімдеріне Мемлекеттік қызмет академиясы жанында қысқа мерзімді курстар ұйымдастыруға дейін қолдау көрсетуге айрықша назар аударылатын болады.

Президент «А» корпусына кіретін Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін жақсарту жүйесі арқылы олардың тиімді жұмысын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Сондықтан келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап аталмыш корпус басқарушыларының жалақысы 50 пайызға өсірілетін болады. Сонымен бірге ол жалақыны көтеру алда тұрған жұмыстарды орындауға алдын ала беріліп отырған төлемақы екендігін назарға берді. 

 Өңірлік саясаттың негізгі бағыттары мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Мен тиісті медиа-жоспар бекіттім.
Ай ішінде барлық мемлекеттік органдар басшылары, аудандар мен қалалар әкімдері, жұртшылық өкілдері Мемлекет басшысымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар мен қойылған міндеттерге сәйкес аймақтағы ағымдағы жағдайға түсініктеме беретін болады.
Кеңесте облыс әкімінің орынбасары Ш.Илмұханбетова 2013 жылғы 9 айдағы аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндама жасады.

–Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша ағымдағы жылдың 9 айына оң өсім сақталуда,-деді Шолпан Лазарқызы. – Үкіметтің тиісті кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша 8 негізгі көрсеткіштің негізінде республика өңірлеріне саралау жүргізетіні белгілі.

Үстіміздегі жылдың 9 айында біздің облысымыз 8 экономикалық көрсеткіш-тің төртеуі бойынша сыни жағдайда тұр, яғни бұл көрсеткіштердің деңгейі орта-ша республикалық көрсеткіштерден жоғары немесе төмен немесе 100 пайыздан аз.

Бұл жұмыссыздық деңгейі (5,5 пайыз, ҚР-5,2 пайыз), құрылыс жұмыстарының көлемі (96 пайыз, ҚР-102,5 пайыз), ауыл шаруашылығының жалпы көлемі (99,3 пайыз, ҚР-105,5 пайыз), шағын және орта бизнес субъектілерімен шығарылған өнімдердің көлемі (100,3 пайыз, ҚР-101,2 пайыз) сияқты көрсеткіштер.

Басқа барлық көрсеткіштер бойынша оң өзгерістер байқалуда. Мәселен, өнеркәсіптік өндірісте өсу қарқыны бар, оның көлемі 1,7 трлн. теңге немесе 101,2 пайыз құрады.

Бұл кезеңде 13,4 млн. тонна мұнай өн-дірілді, ол өткен жылмен салыстырғанда 101,8 пайыз болды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 20,7 пайызға ұлғайды.

Сонымен қатар Маңғыстау ауданы (438,6 млрд. теңге, 97,2 пайыз), Түпқара-ған ауданы (369,9 млрд. теңге, 96,1 пайыз) және Мұнайлы ауданы (19,9 млрд. теңге, 85,8 пайыз) бойынша өнеркәсіптік өнді-рістің көлемдері төмендеді.

Негізгі капиталға инвестициялар 290 млрд. құрады, олар 5,5 пайызға өс-ті. Бұл көрсеткіштің төмендеуі Ақтау (40,1 млрд. теңге немесе 75 пайыз) мен Жаңаөзен (16 млрд. теңге немесе 50,9 пайыз) қалаларында байқалады.

Өздеріңізге белгілі, инвестицияларды тарту, өнеркәсіп көлемдері мен көптеген басқа көрсеткіштерді өсіру жөніндегі негізгі құрал индустрияландыру Картасының жобалары болып табылады. Негізгі жобалар бұрынғыдай Ақтау қаласының аумағы мен маңында іске асырылады.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының кө-лемі 110,8 млрд. теңге құрады. Мұнда құрылыс-монтаж жұмыстары көлемдері 4 пайызға төмендеді, олардың ішінде құрылыс жұмыстары Қарақия ауданында 63 пайызға, Түпқараған ауданында 34 пайызға, Ақтау қаласында 30,5 пайызға, Жаңаөзен қаласында 25,5 пайызға дейін азайды.

Облыста 340,5 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдаланылуға берілді, бұл өткен жылғыдан 4 пайызға төмен. Өздеріңізге белгілі, құрылыс жұмыстарының негізгі көлемі жеке меншік тұрғын үйлерді пайдалануға беру есебінен іске асырылады. Сонымен бірге құрылыс жұмыстары Бейнеу ауданында 11,5 пайызға, Маңғыстау ауданында 37 пайызға, Түпқараған ауданында 3,7 пайызға, Ақтау қаласында 18,5 пайызға, Жаңаөзен қаласында 13 пайызға төмен-дегені байқалып отыр.
Жұмыспен қамту саласында 20,1 мың жұмыс орны құрылды (2012 жылы - 19,5 мың жұмыс орны), тіркелген жұмыссыз-дық деңгейі- 0,7 пайыз, жалпы ол облы-сымыз бойынша 5,5 пайыз құрады.
Көптеген аудандарда жұмыссыз азаматтар қатары ұлғайғандығы анықталып отыр. Мәселен, Бейнеу ауданында тіркелген жұмыссыздардың саны 157-ге дейін (2012 жылы – 112 адам) көбейді. Қарақия ауданы мен Ақтау қаласында да осындай жағдай қалыптасып отыр, оларда жұмыссыздардың саны тиісінше 145 және 435 адамға дейін өсті. Өткен жылмен салыстырғанда, Жаңаөзен қаласы бойынша құрылған жаңа жұмыс орындарының саны азайды. Үстіміздегі жылы мұнда 3,9 мың жұмыс орны құрылды (2012 жылы – 4,6 мың жұмыс орны).

Өткен жылмен салыстырғанда, кедейшілік деңгейінен төмен тұратын адамдар саны 1,5 есе азайды, олардың қатары 2643 адамнан 1749 адамға дейін төмендеді.

Бұдан кейін облыс басшысының орынбасары Ш.Илмұханбетова шағын және орта бизнесті дамыту, іскер қауым өкілдерін несиелеу, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру, кәсіпкерлердің несиелерін субсидиялау, салықтар мен түсімдердің бюджетке түсу, бюжетті орындау мен трансферттерді игеру, білім беру мен денсаулық сақтау салалары нысандарын өркендету, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау және ауылдық елді мекендерді дамыту жөніндегі кемшіліктер мен оралымсыздықтарға тоқталып, барлық көрсеткіштер бойынша жақсы жетістіктерге қол жеткізу үшін іс-шаралар жасақтау мен жұмыстарды күшейту қажеттігін атап көрсетті.

 Кеңесте облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқарма-сының басшысы Бақытжан Өтеғалиев жылу беру науқанына әзірлік және «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру, құрылыс басқармасының басшысы Орақ Аяпов «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асырудағы проблемалық мәселелер, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлмира Қалмұратова жұмыспен қамту саласындағы жағдай және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Руслан Бектубаев денсаулық сақтау саласындағы ағымдағы жағдай туралы баяндамалар жасап, атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Сонымен қатар Мұнайлы ауданы-ның әкімі Елубай Әбілов «Ауданның ағымдағы жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» есеп беріп, өнеркәсіптік өндірістер мен ауыл шаруашылығы нысандарын, елді мекендерді дамыту мәселелері жөнінде ег-жей-тегжейлі баяндады.

Облыс басшысы А.Айдарбаев кеңей-тілген кеңесті қорытындылай келіп, «Әріптестеріміздің сөйлеген сөздері-нен көрінгендей, есепті кезеңде әлеу-меттік-экономикалық дамудың бірқатар бағыттары бойынша аудандар мен қа-лалардың әкімдіктерінде төмен қарқын байқалады. Айтылған ескертпелерге әкімдердің түсініктеме беруін сұрай-мын, оларды жою бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

Мәселен, барлық аудандар мен Жаңаөзен қаласында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша іске асырылып жатқан жобалар санының аздығы байқалады, Сіздерден

Индустрияландыру картасына арналған жобалар жөнінде ұсыныстар келіп түскен жоқ, қылмыстардың саны өсуде, аудандардың кәсіпкерлері Қазагро желісінің жобаларын тіпті іске асырмайды» деп, аудандар мен қалалар әкімдерінің атына көптеген сындар айтты. Бұдан кейін облыс басшысы әрбір аудан мен қаланың кемшіліктеріне жеке-жеке тоқталды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379