Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1691 0 пікір 25 Сәуір, 2024 сағат 16:04

Тоқаев БАҚ өкілдері мен блогерлерге ескерту жасады

Сурет: Ақорда телеграм арнасы

Президент Тоқаев кейбір БАҚ пен блогерлерге заң жүзінде шара қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Abai.kz.

– Бұқаралық ақпарат құралдары және өздерін блогер санайтын кейбір азаматтар табиғат апатына қатысты дүрбелең тудырып байбалам салу, билікті орынсыз айыптау қоғамды ортақ іске ұйыстыруға бөгет болатынын, мемлекеттік органдар ахуалды уысынан шығарып алды деген жалған ұғым қалыптастыратынын түсінуге тиіс. Мұндай әрекет әлеуметтік күйзеліс тудырады. Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан билік осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін адамдарға заң жүзінде шара қолданады, – деді Мемлекет басшысы.

– Қазіргі күрделі кезеңде елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау – ең басты міндет. Біз қоғамға іріткі салатын әрбір әрекетке тосқауыл қоямыз. Мен бұрын да айтқанмын, қазақтың мемлекеттігіне қарсы кейбір теріс пиғылды адамдар қарап отырмайды.

«Атың шықпаса, жер өрте» деген. Олар қоғам ішіне іріткі салу үшін әлеуметтік желіде түрлі қитұрқы әрекеттерге баратыны анық. Бір сөзбен айтсақ, халық арасында жалған мәлімет таратады. Сондықтан бәріміз кез келген ақпаратқа сын көзбен қарап, тек ресми мәліметтерге сүйенуіміз қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340