Жұма, 22 Қараша 2024
1666 0 пікір 26 Сәуір, 2024 сағат 17:06

Алматыда жаңа жағалау салынуда

Алматыда өзен жағасында демалуға арналған жаңа локация пайда болмақ.

Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша Алматы қаласының 7,7 шақырымға созылып жатқан "Қарғалы" өзенінің жағалауы қайта жаңғыртылуда.

"Алматы — біздің ортақ үйіміз" науқанының үшінші аптасы "Біздің қала – біздің таулар, өзендер мен көлдер" ұраны аясында өтуде. Апта ішінде жағалаулар мен су айдындары, саябақтар, скверлер мен тау бөктері тазартылады.

"Мұнда өзен арнасын тазартып, серуендеу аймағын құру жоспарланған. 3 мыңға жуық ағаш отырғызылады. Сондай-ақ көпжылдық гүлдер мен шөптердің гүлзары, қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар мен бұталар егіледі. Жалпы ұзындығы 2,7 шақырымға жететін суармалы су құбыры тартылады. Ұзындығы 4,3 шақырым болатын 196 жарық бағанасы орнатылады. Келушілердің жайлылығы үшін 135 орындық пен қоқыс жәшігіне қою жоспарда бар", – деп жазылған хабарламада.

Жоба мақсатында көпір жолын қайта құрып, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге қауіпсіздік пен қолжетімділік қамтамасыз етілмек. Тротуарлар мен велосипед жолдарын орнату қарастырылған.

Сурет: pinterest

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5276