Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3141 0 пікір 21 Қараша, 2013 сағат 12:52

Бейнеу ауданында алға басушылық басым

Жуырда БАҚ өкілдерімен өткен брифингте Бейнеу ауданының әкімі Басшы Әзірханов: соңғы 9 айда атқарылған жұмыстар қорытындысымен таныстырды.  

Биыл аудан бюджеті 6,2 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға көп. Соңғы 9 айда қаражаттың шығындары 99,5% орындалды. Білім беруге 61,6%, әлеуметтік қорғауға 5,9%, мәдениет пен спортқа 2,8%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен көлік және коммуникацияны дамытуға 20,2%, мемлекеттік қызмет және басқа да шығындарға 6% жұмсалған.

Б.Әзірхановтың сөзінше, Бейнеуге жыл басынан бері 488 адамы бар 97 отбасы көшіп келген. Халық көбейген соң, ауданда жұмыс орындары да көптеп ашылған. Соңғы мәліметтер бойынша, жыл басынан бері жаңадан 2273 жұмыс орны пайда болған. 1563 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, 355 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, 161 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін ауданда 5 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтіп, онда жұмыссыздар мекеме өкілдерімен тілдесіп қана қоймай, өз ісін ашуға несие алды.

Биылғы жылы ауданда бірнеше әлеуметтік нысандар бой көтерген. Білім саласы бойынша ауданда 624 орындық «Сам» орта мектебі мен Манашы орта мектебінің 6 кластық қосымша құрылысы жаңа оқу жылына пайдалануға берілді. Сондай-ақ мектеп оқушыларына қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын «Дарын» орталығына «Шапағат» қайырымдылық қорының демеушілігімен жаңа ғимарат салынып берді. 7 ауылдағы орта мектеп пен балабақша біріктіріліп «Мектеп-балабақша» болып қайта құрылды. Денсаулық сақтау бойынша жақында «Атамекен» шағын ауданында дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылысы пайдалануға берілмек. Аудандық аурухана мен бұрынғы туберкулез ауруханасынан босаған ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соңғы ғимарат «Орталық емхана» болып ашылады деп күтілуде.

Брифинг соңында Бейнеу ауданының басшысы ауыз су мәселесі жөнінде сөз қозғап, қазіргі таңда Тәжен селосында сыйымдылығы 50 текше метрлік су сақтайтын резервуар салынып, ауыл толықтай суландырылғанын, Ақжігіт пен Сыңғырлау ауылдарында село ішілік су құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ құны 4,2 млрд. теңге болатын Бейнеу селосын суландыру жүйесі мен құны 2,2 млрд. теңге болатын қуатты су тазарту қондырғысының жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, тиісті министрліктерге тапсырылғандығын айтты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379