Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3364 0 пікір 21 Қараша, 2013 сағат 12:58

Анталияда ақталған үміт

4-10 қараша күндері Түркияның Анталия қаласында өткен V халықаралық білім олимпиадасынан Н.Марабаев атындағы №7 физика-математикалық лицейдің оқушылары түрлі аталымнан 50 медаль жеңіп алды.

Бұл олимпиада Анталия қаласының муниципалитеті қолдауымен, EDUANT білім орталығының ұйымдастыруымен өткен интеллектуальды жоба. №7 лицейдің білімпаз оқушылары ортақ есеппен алты елден келген 26 команданың арасынан алға суырылып, жеңімпаз атанды. Нәтиже бойынша, олар биология, география және математикадан үш кубок әкелді. Ал медальдерге келсек, әртүрлі пәндер бойынша 14 қола, 7 күміс, 8 алтын медалін еншіледі, 21 оқушы IV орын медалімен марапатталды. Сондай-ақ «еркін жанрдың әртісі» номинациясымен осы лицейдің оқушысы Богдан Ни өнерімен әділқазыларды тәнті етіп, бірінші орынды қанжығасына байлады.

Білім деңгейлерінің жоғары екенін дәлелдеп, елдің мәртебесін асқақтатқан, Маңғыстаудың мақтанышына айналған Н.Марабаев атындағы №7 физика-математикалық лицейдің оқушыларын жеңіспен шын жүректен құттықтай отырып, елдің абыройын көтеретін жастар көбейе берсін деп тілейміз!

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 962
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2474
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 668
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 644