Жексенбі, 24 Қараша 2024
1248 0 пікір 10 Мамыр, 2024 сағат 16:57

Алматыда Әзербайжан-Армения келіссөздері басталды

Коллаж суреттері Орда сайтынан

Алматыда Әзербайжан Сыртқы істер министрі Жейхун Байрамов пен Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянның келіссөздері басталды. 

Әзербайжан мен Армения СІМ басшыларын Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу күтіп алған.

Әзербайжан мен Армения СІМ басшыларының ресми кездесуіне дейін Мұрат Нұртілеу тараптармен жекелеген келіссөздер өткізді.

Армения СІМ басшысы Арарат Мирзоян бұл жолғы Алметы келіссөздерінің символикалық мәні жоғары екенін атап өтіп, 1991 жылғы Әзербайжан мен Армения қақтығысын реттеуге күш салған Алматы декларациясын еске түсірді.

Алматы декларациясы Әзербайжан мен Армения арасындағы шекара бөліске арналған декларация еді.

Әзербайжан СІМ басшысы Жейхун Байрамов өз кезегінде тараптарға келіссөз алаңын ұсынған Қазақстанға алғыс айтып, бүгінгі келіссөздерден оң нәтиже күтетінін айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572