Жексенбі, 24 Қараша 2024
909 0 пікір 13 Мамыр, 2024 сағат 18:17

Қазақстан: Таксилерге қандай шектеулер қойылады?

Cурет: Константин Кокошкин

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстанда мереке күндері мен қолайсыз ауа райы жағдайында таксилердің бағаны тым шарықтатуына шектеу қою жоспарланғанын хабарлады.

Түсіндіруінше, Яндекс такси қызметіне сұраныс жоғары уақытта үш айда бес реттен артық қолдана алмайды. Яғни аталған мерзім ішінде оның бағаны үш еседен артық етіп бес реттен көп белгілеуіне жол берілмейді.

Министр жауабындағы мәліметке сүйенсек, 2024 жылдың алғашқы үш айында 238 мың тапсырыстың бағасы үш еселенген коэффициенттен асып түскен. Бұл жалпы тапсырыс көлемінің 0,15 пайызын құрайды.

"Бұл тариф 2023 жылдың желтоқсанында іске қосылып, 2024 жылдың бірінші тоқсанында осы тариф бойынша шамамен 4,5 млн сапар жүзеге асырылды", – делінген министрдің жауабында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578