Жексенбі, 24 Қараша 2024
967 0 пікір 14 Мамыр, 2024 сағат 17:34

Қазақстандағы жолаушы вагондары тозып кеткен

Сурет: forbes.kz

Қазақстан Республикасының теміржол көлігін дамытудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасының жобасында  жолаушы вагондарының орташа жасы белгілі болды. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

Еліміздегі жолаушылар вагондарының саны 2 151-ге тең болса, вагондардың орташа жасы 17 жыл. Ал вагондар паркінің орташа тозуы – 42,8% құраған. Жеке тасымалдаушылар паркі 506 вагоннан тұратын болса, оның 75 пайызы – 20 жылдан ескі вагондар.

"Соңғы үш жылда "ҚТЖ" ҰК" АҚ 267 локомотив, оның ішінде 2023 жылы 113 локомотив сатып алды. "ҚТЖ" ҰК" АҚ жаңа локомотивтерді сатып алуы есебінен тозу деңгейі 2020 жылдың қорытындысы бойынша 68%-дан 2023 жылдың соңына қарай 52%-ға дейін төмендеді", – делінген құжат жобасында.

Бағдарлама мәліметіне сәйкес, Қазақстанда локомотивтер паркінде 1 778 транспорт бар болса, оның ішінде 1 151 тепловоз және 527 электровоз бар. Локомотивтердің 96 пайызы "Қазақстан Темір Жолына" тиесілі болса, 4 пайызы жеке меншіктің үлесінде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583