Сәрсенбі, 5 Ақпан 2025
1478 2 пікір 15 Мамыр, 2024 сағат 19:02

Алматыдағы бірнеше көшеге жаңа атау берілмек

Алматыдағы бірнеше көше аттары жаңармақ. Аталмыш шешім жобасы республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберіледі.

Алматы қаласы әкімдігініі хабарлауынша қала көшелеріне Қазақстанның белгілі өнер қайраткерлері: әнші Ермек Серкебаев, композитор Ескендір Хасанғалиев, актерлер Юрий Померанцев пен Владимир Толоконниковтың есімін беру туралы өтініштер келіп түсті.

Қалалық мәслихат шешімінің жобасы бойынша Бостандық ауданы Ю.Гагарин даңғылының К.Тимирязев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігіне Ермек Серкебаев даңғылы, Әуезов ауданы Юбилейная көшесіне Владимир Толоконников атын беру жоспарланған. Ескендір Хасанғалиевтің есімін Түрксіб ауданының "Жас Қанат" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге беру көзделді", – деп жазылған хабарламада.

Ал Юрий Померанцевтің есімімен қаланың Бостандық ауданындағы атауы жоқ көше аталады.

Сурет ашық дереккөзден алынды

Abai.kz

2 пікір