Жұма, 20 Қыркүйек 2024
847 0 пікір 16 Мамыр, 2024 сағат 16:07

Мектеп түлектері грантта оқу үшін қанша бал алуы керек?

Сурет: elorda.info

Ұлттық бірыңғай тестілеуден грант алу үшін қанша бал жинау керектігін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желісінде бөлісті.

– «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары үшін кемінде 75 бал, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» кемінде 70 бал, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кемінде 60 бал (ұлттық жоо үшін); ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 бал, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 бал жинау керектігін еске салды, – дейді ол.

Министрдің айтуынша, 2024-2025 оқу жылына 112 мың грант бөлінген. Оның 79 мыңы бакалавриаттық білім алуға бөлінген.

– Осы аптада еліміздің батыс өңірінде талапкерлер үшін ең ауқымды көрме өткендігіне куәсіздер. Ол үшін Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша жол карталарын бекіттік», - дейді Саясат Нұрбек.

Abai.kz

0 пікір