Жексенбі, 24 Қараша 2024
1175 0 пікір 16 Мамыр, 2024 сағат 19:12

Атырау облысының әкімі Құлсары тұрғындарымен кездесті

Сурет: primeminister.kz

Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб, өңір басшысының Құлсары тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-талаптарын тыңдап, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу тәртібін түсіндіргенін хабарлады.

 Облыс әкімі Серік Шәпкенов Құлсары қаласы бойынша зардап шеккендердің арнайы нысаналы шоттарына шамамен 200-240 мың теңге төленетінін хабарлады.

Әкімнің айтуынша, су тасқыны кезінде зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындары ақшалай өтемақыларды – жаңа тұрғын үй сатып алуға, тұрғын үй салуға немесе жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына жұмсауға тиіс.

 "Қазір бірінші кезекте су тасқынынан зардап шеккендер бағалау қорытындысымен және мүлікті техникалық сараптау қорытындыларымен танысып, ақшалай қаражатты төлеуге өз келісімін беруі тиіс. Төлем екі апта ішінде жүргізіледі", – деді Серік Шәпкенов жиналғандарға. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588