Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
2692 1 пікір 17 Мамыр, 2024 сағат 18:49

Құлсарыдағы 200-ден астам үйдің бағалау нәтижесі әзір болды

Сурет: azh.kz

Құлсары қаласының мобильдік топтары су тасқынынан зардап шеккен үйлердің залалын бағалау және техникалық сараптама қорытындыларын түсіндіру бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлады Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы. 

Бүгін, алты мобильді топ, бағалау нәтижелерін таныстыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 100-ге жуық құлсарылықты қамтитын болады.

Бағалау нәтижелерімен танысқаннан кейін, екі күн өткен соң Құлсары тұрғындары мемлекеттен көмек алу үшін Жылыой ауданының әкімдігіне жүгіне алады.

"Қазір бұл үй тұруға жарамсыз, біз бір шаршы метрге 240 мың сомаға қанағаттанамыз. Бұл қаражат үйімізді бұзып, қайтадан салуға жеткілікті", – деді Гүлнұр Ілиясова.

"Мемлекет тарапынан бір шаршы метрге 200-240 мың теңге көлемінде ұсынылып отырған сома мен үшін жеткілікті. Дәл қазіргі жағдайда мен үшін ең бастысы – үйімді салып алу. Маған артық ештеңе қажет емес, ұсынылып отырған өтемақыға ризамын", – деді тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың бірі Күләш Аманбайқызы.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1150
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2682
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 797
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 768