Жексенбі, 24 Қараша 2024
1156 4 пікір 20 Мамыр, 2024 сағат 14:11

Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты

Сурет: BBC сайты

Кеше түс ауа Иран президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақ апатқа ұшырады деген хабар әлемдік ақпаратты шарлап кетті. Иранның құзырлы органдары мен биліктегі лауазымды тұлғалары бұл хабарды растады. Бұл туралы Mezgil.kz ақпараттық порталы жазды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесуден қайтып келе жатқан Иран президентінің әуе кортежінде 3 тікұшақ болған. Үшеудің екеуі межелі нүктеге аман оралып, Раиси мінген тікұшақ Иранның солтүстік-батысындағы таулы аймақта апатқа ұшыраған.

1716191817695866.jpg

(Коллаж: Mezgil.kz. Суреттер ВВС және Ирна агенттіктерінен алынды)

РАИСИДІҢ ДЕНГЕСІН ІЗДЕУ 10 САҒАТҚА ЖАЛҒАСТЫ

Іздеу жұмыстары кеше түнімен жалғасты. Әзербайжан, Түркия және Ресей құтқару жұмыстарына қолұшын берді. Техникалары мен құтқарушыларын жіберді. Иран президентінің апатқа ұшыраған тікұшағы мен оның бортында болғандарды іздеу ұзын-ырғасы 10 сағатқа жалғасты. Осы уақыт ішінде Иранның лауазымды тұлғалары Ибрахим Раиси туралы бірқатар ақпарат таратты.

Иран БАҚ-тары әуелде: «Президент Раиси дін-аман. Ол көлік кортежімен Тебризге кетіп барады», - деген ақпарат таратты. Таратты да, лезде бұл ақпаратты жойды. Ирандағы Қызыл жарты ай ұйымы артынша Иран президенті Ибрахим Раиси мен СІМ басшысы Амир Абдоллахиянның амандығы туралы ешқандай ақпараттың жоқтығын хабарлады.

Іздеу жұмыстары басталғаннан 10 сағатқа жуық уақыт өткенде апатқа ұшыраған тікұшақтың бөлшектері мен президент Раисидің денелері табылды.

«Президент Раиси, Иран СІМ басшысы және тікұшақта болған өзге тұлғалар түгел қаза тапты», - деп хабарлады Иранның лауазымды тұлғалары мен ресми БАҚ-тары. Бұл ақпаратты Иранның вице-президенті Мохсен Мансури де растады.

РАИСИГЕ ҚАСТАНДЫҚ ЖАСАЛДЫ МА?

Апат Әзербайжан шекарасы маңында орын алған. Апаттың соңғы-нақты себебі әлі айтылған жоқ. Бірақ, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та таратаған бейнежазбалардан тікұшақтың тау сілемдеріне соғылғанын анық байқауға болады.

Десе де, Иран президенті Ибрахим Раисиге қастандық жасалуы мүмкін деген нұсқа да Иран БАҚ-тарында қызу талқылануда. Бұған қатысты Иранның негізгі қарсыласы – Изарильдің күштік құрылымдары ресми түрде: «Иран президенті мінген тікұшақ апатына Израильдің еш қатысы жоқ», - деп мәлімдеді.

БАҚ жазуынша, Иранға салынған халықаралық санкциялар елдегі тікұшақтардың техникалық жөндеу жұмыстарына айтарлықтай қиындықтар туындатқан. Ал Иранның әскери-әуе флоты да 1979 жылы, Ислам революциясына дейін жасақталған.

1716191888907875.jpg

(Сурет: «IRNA» агенттігінен алынды)

ҚАЗА ТАПҚАНДАР ТІЗІМІ:

Ал Иранның мемлекеттік «IRNA» агенттігі президент Раиси мінген тікұшақ америкалық «Bell 212» тікұшағы екенін хабарлады.

Президент Ибрахим Раисимен бірге тікұшақ ішінде тағы кімдер болды? Қараңыз:

*Иран президенті Ибрахим Раиси;

*Иран СІМ басшысы Амир Абдоллахиян;

*Иранның Шығыс Әзербайжан аймағындағы аятолланың ресми өкілі Али Хашим;

*Шығыс Әзербайжан аймағының губернаторы Малик Рахмати;

*Иран президенті қауіпсіздік қызметінің басшысы Мусави;

*Тікұшақтың ұшқышы Мустафави;

*Ұшқыштың көмекшісі Дарьянош;

*Тікұшақты техникалық жөндеуге жауапты Кадим;

*Президенттің қорғаушысы Мохсен.

1716192009524144.jpg

(Сурет: ВВС сайтынан алынды)

ИБРАХИМ РАИСИ КІМ? ОНЫҢ ИРАН САЯСАТЫНДАҒЫ ЫҚПАЛЫ ҚАНДАЙ БОЛДЫ?

Қаза тапқан президент Ибрахим Раиси Иранның жоғарғы рухани көсемі һәм Ирандағы ең ықпалды тұлға Аятолла Хаманейдің ізбасары (мұрагері) саналып келген.

Ирандағы қатаң саяси бағытты ұстанған Раисидің жасы 63-те болған. Ол небәрі 25 жасында Тегеранның орынбасар прокуроры болған. Онан соң, Тегеран прокуратурасын басқарған. Ал 2014 жылы Иранның Бас прокуроры атанған. 2019 жылы Аятолла Хаманей Раисиді Ирандағы ықпалды лауазымға – елдің сот билігін басқаруға тағайындайды.

Ибрахим Раиси президенттік сайлауды 2021 жылы жеңіп, ел президенті атанады. Президенттікке жайғасқан сәттен бастап Ирандағы моральдық заңдарды қатаңдатумен айналысты. Ел ішіндегі анти-үкіметтік наразылықтарды күшпен басып, әлемнің ірі державаларымен ядролық келіссөздерді белсенді жүргізді.

1716192066691945.jpeg

(Сурет: Википедиядан алынды)

ИРАНДЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?

Иранның саяси басқару жүйесінде 85 жастағы Аятолла Хаманей бар. Ол 1989 жылдан бері Иранның жоғарғы көсемі және Ирандағы ең жоғарғы билікке ие. Түкпілікті шешімді қабылдайтын да осы Аятолла Хаменей.

Ал қаза тапқан президент Раисидің орнына Иранның бірінші вице-президенті Мұхаммед Мохбер отырады. Ол үшін Иранның жоғарғы рухани көсемі Хаменей мақұлдауы тиіс.

Мохбер қазір 68-де. Ол Иранның 12 вице-президентінің ішіндегі ең үлкені. Иран конституциясы бойынша, бірінші вице-президент, парламент спикері және Жоғарғы сот төрағасы 50 күннің ішінде кезектен тыс сайлауды ұйымдастыруы тиіс.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608