Алматыдағы ескі көпір уақытша жабылды
Қалалық мобильділік басқармасы Алматының Жетісу ауданында Кемел ықшам ауданындағы Жолымбет көшесіндегі Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы жабылғанын хабарлады.
"50 жылдан астам уақыт бұрын салынған көпірді визуалды тексеру кезінде көпірге жақындаған жерлердегі жағалаудың шөгуі, сондай-ақ беткейлердегі топырақтың шайылып кеткені анықталды", – деп жазылған хабарламада.
Көпірдегі көлік қозғалысы шектелді. Құзырлы органдар құрылымның техникалық жағдайына сараптама жүргізеді.
Сурет: informburo.kz
Abai.kz