Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2870 0 пікір 13 Желтоқсан, 2013 сағат 04:57

Нұрлан Әлімжан: "Елбасын ешкіммен салыстырудың қажеті жоқ"

Тәуелсіздік күніне орай әйгілі желтоқсан  оқиғасы жайлы естелік шығар деп, жыл сайын экранға елеңдейтін көрерменге  «Көшбасшының жолы» атты туынды тарту етілді.  «Балалық шағымның аспаны» атты көркем фильмде  бозбала Нұрсұлтанды сомдап, президенттен алғыс алғаны ұнады ма,  киногерлердің басты кейіпкерді  іріктеуде таңдауы тағы да Нұрлан Әлімжанға түсті.  Нұрланның бұған дейін талай көркем туындыларға түсіп, халқын әдемі әнімен сусындатып жүргенін ескерсек, оның да  өзіндік  қалыптасқан жолы бар өнер иесі екені анық. Осыны ескере отырып,  актерден бүгінгі  өнердің өрісі жайлы сұрап көрдік.  Сазгерлігі тағы бар сегіз қырлы жігіттің қоғам мен кино жайлы тілге тиек еткені төмендегідей болды.

 

- Нұрлан мырза, бұрынғы Нұрлан мен қазіргі Нұрланның арасында қандай айырмашылық бар сияқты?

- Көпшіліктің айтуына қарағанда, бет әлпетім бұрынғы қалпында көрінеді. Ал ішкі жан дүниемде  айтарлықтай өзгеріс бар...

- Мұны сұрап отырғаным, сіз Елбасы туралы бірнеше фильмге түсіп үлгердіңіз. Көптеген әріптестеріңіздің бұған қолы жете бермеді.  Президенттің рөлін сомдау беделімді арттырды дей аласыз ба?

Тәуелсіздік күніне орай әйгілі желтоқсан  оқиғасы жайлы естелік шығар деп, жыл сайын экранға елеңдейтін көрерменге  «Көшбасшының жолы» атты туынды тарту етілді.  «Балалық шағымның аспаны» атты көркем фильмде  бозбала Нұрсұлтанды сомдап, президенттен алғыс алғаны ұнады ма,  киногерлердің басты кейіпкерді  іріктеуде таңдауы тағы да Нұрлан Әлімжанға түсті.  Нұрланның бұған дейін талай көркем туындыларға түсіп, халқын әдемі әнімен сусындатып жүргенін ескерсек, оның да  өзіндік  қалыптасқан жолы бар өнер иесі екені анық. Осыны ескере отырып,  актерден бүгінгі  өнердің өрісі жайлы сұрап көрдік.  Сазгерлігі тағы бар сегіз қырлы жігіттің қоғам мен кино жайлы тілге тиек еткені төмендегідей болды.

 

- Нұрлан мырза, бұрынғы Нұрлан мен қазіргі Нұрланның арасында қандай айырмашылық бар сияқты?

- Көпшіліктің айтуына қарағанда, бет әлпетім бұрынғы қалпында көрінеді. Ал ішкі жан дүниемде  айтарлықтай өзгеріс бар...

- Мұны сұрап отырғаным, сіз Елбасы туралы бірнеше фильмге түсіп үлгердіңіз. Көптеген әріптестеріңіздің бұған қолы жете бермеді.  Президенттің рөлін сомдау беделімді арттырды дей аласыз ба?

- Әрине, Елбасының рөлін сомдау беделімді айтарлықтай арттырды. Мақтанғаным емес, шынымен де екінің біріне Президенттің образына ену бұйыра бермейді. Фильмге кейіпкер таңдау барысында сынақтан бірнеше адам өтті. Соның ішінде таңдау маған түскенде қуанышымда шек болмады. Бір айта кететіні – араға   таныс-тамыр жүгіріп,  жоғарыдан қоңырау соғылған жоқ. Іріктеу әділ өтті.

-  Жалпы киногерлердің    таңдауы неге сізге түсе берді? Әлде кешегі  Нұрсұлтан мен бүгінгі Нұрланның арасында әлдебір ұстастық бар ма?

- Әрине,  ұқсастық болған соң таңдау маған түсті деп ойлаймын.

- Мәселен?

- Ең бірінші сыртқы пішінімізде көп  ұқсастық бар.  Мұны  өзім  Елбасының жас шағындағы келбетіне қарап салыстырғанда аңғардым. Байқағаным, көзіміздің қаралығы, маңдайымыздың ашықтығы, жақ сүйектеріміздің формасы бір-бірімізге келетін тәрізді. Фильмнің мақсаты – негізгі кейіпкер мен кейпкердің кейпіне енетін актердің арасындағы ұқсастықты  табу емес,  тұлғаның өмір жолын көрсету ғой. Сонымен қатар азаматтық тұрғысында Елбасының  жас кезіндегі ішкі жан-дүниесін жеткізу болды.

- Мұны сұрап отырғаным, сіз де бозбала Нұрсұлтан сияқты бала күніңізде   ұшқыш болуды армандаған екенсіз. Бірақ, Нұрлан неге өнерге кетіп қалды?

- Менің де бала күнімде  ұшқыш болуды армандағаным рас. Тоқтар Әубәкіров ағамыз сияқты косманавт болсам дейтінмін. Дегенмен,  ер жете келе ол арманға қол жеткізудің оңай емес екенін ұғындым. Себебі ұшқыш болу үшін мектеп қабырғасынан бастап математика мен физика, химия пәндерін жақсы меңгеру керек екен. Ал мен көбіне  ауыз әдебиетіне жақын болдым. Әскери қызметте істейтін  бір ағам да  ұшқыштардың өмірінің сыртта өтетінін айтып,  райымнан қайтаруға тырысты. Біздің отбасы да өнерден алшақ емес, әкем -  ақын әрі драматург.  Дастарханымыздан небір ақын-жазушылар келіп дәм татып жататын.  Сөйтіп жүргенде бір күні  Көкшетау қаласының  театрынан әкемнің «Құдалық» атты қойылымын көрдім. Содан бастап өнерге көзсіз ғашық болдым. Спектакльде ойнаған актерлердің шеберлігін көрген соң, мен де осындай әртіс болам деп өзіме іштей серт бердім.

- Жалпы Елбасы жайлы деректі фильмдерден бастап, толық метражды  туындыларды түсіру сәнге айналды. Осының барлығы  бүгін бар да, ертең ұмыт болатын  уақыт сұранысындағы «жылтыр» дүниелер есебінде қалып қоймай  ма?

- Әр замманның өзіндік геройы бар десек,  біз өмір сүріп жатқан уақыттың геройы -   Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дер едім. Өйткені ол кісінің халқына  еткен еңбегі ұшан-теңіз. Сондықтан  кейінгі ұрпақ ол кісі жайлы киноларды қызықтап, тамашалайтын болады. Егер Абылай ханның заманында кинематография саласы дамып, ханның өмір жолына арналған картина түсірілген болса, мен оны  тамсанып көрген болар едім. Өйткені мың рет естіп оқығаннан гөрі  көзбен көрген ақиқат  анағұрлым тартымды. Президент туралы туындылардың құндылығы да уақыт өткен сайын артпаса, кемімейді. Жарыққа шыққалы отырған  «Көшбасшының жолы» картинасы -үлкен эпопея. Мұның жалғасы әлі түсіріледі. Бұл кинода Елбасының балалық шағынан бастап, оқушы, жұмысшы дейсіз бе,  өмір жолының барлық кезеңі бейнеленеді.

- Алайда көзі тірі адамды осылайша мадақтау орынды дей аласыз ба?

- Президент туралы кино түсіріп жатқан ел жалғыз біз емес қой.   АҚШ та  президенттерінің құрметіне арнап талай фильмдер түсірген. Тіпті,  қазір кез келген жеткіншектен өскенде кім болатынын сұрасаңыз, бірден «Президент» дейді.  Мен Елбасы туралы туындылар бүгінгі  жеткіншектерге жігер береді, армандарына қанат байлайды  деп ойлаймын.

- Егер келер ұрпақты тәрбиелейтін тұлға іздесек қазақ тарихында небір қас  батырлар, баһадүр хандар болған жоқ па?

- Кешегі өткен  батырлардан бастап, бүгінгі спорт шеберлерінің құрметіне арналған туындылар түсіріліп-ақ жатыр. Бірақ олардың жарнамасы аз. Жалпы Елбасын ешкіммен  салыстырудың  қажеті жоқ деп санаймын. Өйткені ол кісінің де  қазақ тарихынан алатын өзіндік орны бар. Құрметті көзі  тірісінде көрсеткеніміз жөн болар.

- Білуімше, қазақтың қайтпас батыры, тәуелсіздігін аңсап кеткен соңғы ханы Кенесары бейнесін кинода сомдау  көптен бергі арманыңыз.  Егер Кенесарыны сомдау бағыңызға бұйырса, сіз үшін кімнің рөлін алып шығу мәртебе болар еді? Кешегі Кенесары ханның ба, әлде бүгінгі Президенттің бе?

- Кенесарының рөлінде ойнауды армандайтынымды айтып, аталған фильмнің режиссері Сатыбалды Нарымбетов ағамның алдынан өттім.  Алайда,  актерлерді таңдап қойғанын, маған лайықты рөл жоқ екенін айтты.  Егер Кенесарыны сомдаудағы арманым орындалғанда ол рөлді   үлкен ыждахаттылықпен  алып шыққан болар едім. Кенесары халқының тәуелсіздігі  үшін күресіп, соның жолында жанын құрбан еткен  батыр тұлға. Ал, бүгінгі Президент сол хан Кенелердің жалғасы іспетті. Құдайға шүкір, қазір қай жақтан жау тиіп кетеді  деп қалтырап  отырған жоқпыз.  Бұл  Елбасымыздың тыныштықты ту етіп отырғандығының арқасында болса керек. Ел тізгінін ұстаған жандарды  бөліп- жармаймын. Әрқайсысының халық жүрегінен ойып алар өзіндік орны бар. Кімнің рөлін сомдасам да бар ынтамды салуға тырысамын. Ол менің актерлік міндетім.

- Мысалы, қытайлық Джеки Чанды кунфусыз елестете алмаймыз. Атақты Брюс Ли де  осы бір ұлттық спорт түрін мадақтап өтті. Ал бізде  қазақ күресін қойып, жастарға спортты мадақтайтын бір де бір туынды жоқ екен. Болашақта өзіңіз тілін меңгерген таэквондо кинодан көрініс табуы  мүмкін бе??

- Әрине, мүмкін. Таэквондоның қаталдығымен қатар  әсемдігі де басым.  Кез келген адамды еліктіріп, баурап алады. Дейтұрғанмен оны насихаттайтын  киноға түсуге әлі тәжірибем жетпейді. Демек,  уақыттың еншісінде дегенім жөн болар. Болашақта арнайы киностудия ашып, режиссерлықпен айналыссам деймін. Бұл жоспарым сол кезде жүзеге асуы мүмкін. Ойымда  спорттан  да басқа экранға алып шықсам  деген тақырыптар жетерлік. Біздің байтақ жердің табиғаты шексіз сұлу ғой! Өкініштісі сол – біз соны   өзгелерге көрсете алмай келеміз.  Осындай баға жетпес  байлығымызды экран арқылы паш етсем деген үміт бар.

- Телеарналардан түрік пен кәріс сериялары сырылып,  төл туындыларды түсіру қолға алынады деп жатыр.  Бұл қуантарлық жағдай. Әйтсе де мұның соңы  сапасыз туындылардың көбеюіне  жол ашады деп күмәнданбайсыз ба?

- Егер осы бастама қолға алынса,  мен үшін  қазақ киносының дәуірлеу кезеңі басталған болар еді. Өйткені – біз бойымызға  басқа жұрттың мәдениеті мен дәстүрін сіңіріп жатырмыз.  Дегенмен сапасыз туындылардан көрерменді жерітіп аламыз ба деп, алаңдайтыным  да жасырын рас. Себебі – бүгінгі түсіріліп жатқан отандық телесериялдарға көңілім толмайды. Көбісінен тіпті қазақтың иісі шықпайды, еліктеушілік басым. «Көш жүре түзеледі» деген ғой, бәлкім, уақыт өте оңалып кетер. Мәселен, күні кеше «Келін» картинасы арқылы көптің сынына қалған Ермек Тұрсыновтың кейінгі  «Шалы» қандай сәтті шықты.  Режиссер халықтың менталитетімен санасу керектігін ұғынды.  Біз неліктен түрік пен кәрістің сериялдарын көргенде ұйып қаламыз. Өйткені олардың туындысында  өз ұлтының құндылығы сақталған. Ұятты қылық, анайы көріністер жоқ. Қарап отырсаң беретін тәрбиелік мәні көп. Сол сияқты бізде де  ұлтық болмысымызды көрсетіп, салт- дәстүріміздің айнасы болатын жобаларды қолға алса, құба құп дер едім.

- Сіздің  сәждеге жығылып, бес уақыт намаз оқиытындығыңыздан  хабардармыз. Осы орайда қоғамда қалыптасқан бір  пікір жайлы сұрағым келіп отырғаны. Біреулер «балаңды намазға жық» десе, ендібіреулер «оданда тұщымды тәрбие беріп, ғылым мен техниканың тілін үйрет» деп жатады. Бұған не дейсіз?

- Екі пікірді де қолдаймын. Өйткені  намаз ғана  оқып,  тіршілік етпей қол қусырып отырған дұрыс болмас. Алла тағаланың өзі амал жасап, еңбек ететін адамдарды сүймей ме? Ғылым мен техниканың тілін меңгердім, болдым толдым деуге тағы келмейді. Себебі – өмірдегі бақыттың кілті ғылым мен технологияда ғана емес. Бұл өмірде жүріп о дүниенің де  бар екенін ұмытпауымыз керек.

- Әріптестеріңіз Алматыны қия алмай жүргенде сіз неліктен астаналық атануға асықтыңыз?

- Жаңа қалаға ертерек еніп, етене сіңісіп кетсем дедім. Қазір ата- анаммен бірге тұрамын. Атым Астанада дегені болмаса, затым Алматыда. Өйткені Алатаудың бөктері өнер мен мәдениеттің ордасы болып қалыптасып қойған ғой. Сондықтан  Алматы мен Астананың арасында жүремін. Арасында асабалықпен  айналысатын болғандықтан,  шақыртылған тойларға  да келіп тұрамын.

- Сіздей сал сері жігіттің жары отағасын «қызыл көз» қыздардан қызғыштай қоритын болар. Оның үстіне сіз көбіне түзде жүретін адамсыз. Отбасында кикілжің туындап қалатын сәттер жиі бола ма?

- Отбасында ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды дейді.  Ал, менің  шаңырағымда бәрі керемет, кем-кетіксіз күн кешеміз десем өтірік болар. Көбіне  жарым түсіністікпен қарауға тырысады.  Өйткені ол да өнерден алшақ жан емес. Әрдайым бағыт беріп, керек кезінде  дем беріп отырады.   Балаларымды бағып, үй шаруасына бас- көз бол демегенімде ол кісіден де  мықты актриса шығар еді. Отбасымның берекесін келтіріп отырған аяулы жарым бүгін де үш баламның анасы.

- Экранның адамы болғандықтан салонға барып дегендей бет ажарыңыздың күтіміне жіті мән беріп тұратын боларсыз?

- Салонға бармаймын. Бірақ,  келбетіме көңіл аударатыным жасырын емес.  Ол үшін дұрыс тамақтанып, уақытылы ұйықтауға тырысамын. Үнемі баратын  арнайы шаштаразым ғана бар. Әйтпесе  ешқандай маникюр жасатпаймын, тырнағымды өзім аламын. Боянып, сыланып-сипанудан аулақпын. Мен үшін басты сұлулық – табиғаттың берген болмысында.

Әңгімелескен Динар КАМИЛОВА,

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377