Сенбі, 23 Қараша 2024
1026 1 пікір 5 Маусым, 2024 сағат 15:46

 717 отбасы жаңа үй мен пәтерге ие болды

Сурет: bogorodsky-okrug.ru

Су тасқынынан зардап шеккен 717 отбасына жаңа үй мен пәтер берілді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі. 

Су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету бойынша жұмыстар әлі де жалғастырып жатыр. 31 552 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды.

“Мәселен, Қостанай облысының тұрғындарына 298 үй/пәтер ұсынылса, Ақмола облысында — 85, Ақтөбе облысында — 121, Солтүстік Қазақстан облысында — 135, Батыс Қазақстан облысында — 70, Қарағанды облысында — алты, Павлодар облысында — екі жаңа баспана берілді. Зардап шеккен тұрғындарға арнап шамамен 1 862 жаңа үй салынып жатыр. 3 981 отбасы тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіруге деп өтемақы алды. 5 066 отбасына жоғалған аса қажетті дүние-мүлкін сатып алу үшін 150 АЕК мөлшерінде қосымша көмек көрсетілді”, –  делінген хабарламада. 

Сондай-ақ 34 ШОБ субъектісінің жалпы сомасы 377 миллион теңгелік шығыны өтелді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341