Сенбі, 23 Қараша 2024
1182 0 пікір 6 Маусым, 2024 сағат 11:01

Жылдамдықты асырған InDrive және Yandex Go жүргізушілері жұмыстан қуылады

Сурет: Getty Images

Енді жылдамдықты асырған inDrive және Yandex Go жүргізушілері тапсырыстарды орындаудан шеттетілуі мүмкін. Көлік министрлігінің мәліметінше, платформалардың серіктес-жүргізушілері үшін онлайн және офлайн форматта тренингтер өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды Abai.kz.

Көлік министрлігі тасымалдаушы жүйелердің көліктері жылдамдықты жиі бұзатынын ескертті. Бұл шаралар inDrive және Yandex Go компанияларымен жасалған меморандумда қарастырылған.

Осылайша, пайдаланушылардың пікірлері мен рейтингтеріне сүйене отырып, жылдамдықты жиі бұзатын жүргізушілер енді тапсырыс алудан уақытша немесе біржола шеттетілуі мүмкін. Сондай-ақ такси жүргізушілеріне көліктің техникалық жай-күйін тексеру және қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қажеттігі туралы хабарлама келеді.

Платформа жүргізушілері үшін жол қозғалысы ережелерін, жолаушылармен қарым-қатынас ережелерін және қалааралық тас жолдарда қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша онлайн және офлайн форматта тренингтер өткізу жоспарлануда. Айтпақшы, меморандумды әзірлеудегі басты мақсат – республикалық және жергілікті маңызы бар қалааралық автомобиль жолдарында, сондай-ақ қалаішілік жолдарда пайдаланушылардың қауіпсіздігін арттыру, - деп түсіндірді министрлік.

Сонымен қатар компаниялар биыл ерекше қажеттіліктері бар пайдаланушылардың жеке қажеттіліктері мен балалар орындығы қажеттілігі туралы хабарлауға мүмкіндік болатынына сендірді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347