Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
921 9 пікір 10 Маусым, 2024 сағат 11:25

Кәрім Мәсімов президенттен кешірім сұрады

Сурет: 100biografiy.ru

Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында отырған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов кешірім жасау туралы өтініш берді.

Кәрім Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен 18 жылға сотталған.

"Шынында да, осы мекемеден ол 2024 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасы президентінің атына кешірім жасау туралы өтініш жолдады", – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)") және 366-бабы, 4-бөлігі ("аса ірі мөлшерде пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Еске салайық, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар кезінде ұсталды.

Abai.kz

9 пікір