Цифрлық даму министрі Павел Дуровты Қазақстанға шақырған
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Telegram компаниясының басшысы Павел Дуровты Қазақстанға шақырғанын айтты, деп хабарлайды Abai.kz.
Павел Дуров жақында Қырғызстанға барған. Осы сәтті пайдаланып Мәдиев Дуровты талқылайтын мәселелер барын айтып, Қазақстанға шақырған.
Иә, оның Ыстықкөлге барғанынан хабардармын. Оның командасын жеке білемін. Мен Павел Дуровты әлі кездестірген жоқпын. Негізінде, маған шақыруым оған жеткізілді деп сендірді. Болашақта ол Қазақстанға келеді деп ойлаймын. Бұл үшін жеке өзім күш саламын. Талқылайтын нәрсе бар. Telegram – жоғары технологиялық компания. Жақында олар компанияларды біріктіру бойынша бірқатар бастаманы жариялады және блокчейн қосымшаларына арналған платформаны іске қосуда. Біз жұмыс істейміз, - деді министр.
Abai.kz