Жұма, 20 Қыркүйек 2024
871 4 пікір 18 Маусым, 2024 сағат 15:12

Қазақстан әлемде армиялар рейтингі бойынша нешінші орында

Сурет: instagram.com/modgovkz

GlobalFirepower-дың 2024 жылғы көрсеткішіне сәйкес, Вьетнам әлемдегі ең үлкен армияға ие ел атанды, деп хабарлайды Abai.kz.

Ranking.kz сайтының мәліметінше:

  • Бірінші орындағы Вьетнамдық әскердің 600 мыңы белсенді әскери қызметшілер, ал 5 миллионы – резервте.
  • Екінші орында Оңтүстік Корея: 3,6 миллион адам, оның 600 мыңы белсенді әскерилер, 3,1 миллионы – запастағылар.
  • Ал үшінші орынды Ресей иеленген: 3,3 миллион адамның 1,3 миллионы белсенді әскери қызметкерлер, 2 миллионға жуығы – резервте.
  • Үндістан (2,6 миллион), Қытай (2,5 миллион), Тайвань (ҚХР) (2,5 миллион), АҚШ (2,1 миллион), Украина (2,1 миллион), Солтүстік Корея (1,9 миллион), Филиппин (1,4 миллион), Пәкістан (1,2 миллион) және Ұлыбритания (1,1 миллион).

Ал үш елде армия жоқ. Олар Ауғанстан, Панама және Исландия. Панама өз армиясын жойып жіберген.

Рейтинг бойынша Қазақстан белсенді армиясының саны бойынша 145 елдің ішінде 46-орында – 110 мың адам, бұл Ресейді қоспағанда Орталық Азия мен ЕАЭО елдерінен жоғары.

Abai.kz

4 пікір