Жұма, 20 Қыркүйек 2024
684 1 пікір 19 Маусым, 2024 сағат 11:33

Владимир Путин Ким Чен Ынмен кездесті

Сурет: vk.com

Пхеньяндағы Ким Ир Сен алаңында Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мен Ресей президенті Владимир Путинның ресми кездесу рәсімі өтті, деп хабарлайды Abai.kz.

18 маусымда басталған КХДР-ға екі күндік ресми сапары кезінде Владимир Путин  Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынды Пхеньян әуежайында күтіп алған. Екі ел басшылары бірнеше минут сөйлесіп, кейін олардың кортежі әуежайдан кеткен.

Бүгін, 19 маусымға жоспарланған кеңейтілген келіссөздер барысында екі ел басшылары халықаралық күн тәртібін, сондай-ақ қауіпсіздік, экономика, энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар Ресей президенті жұмыс сапары барысында гала-концерт ұйымдастырылып, мемлекеттік қабылдау, сондай-ақ Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Кореяны азат еткен Қызыл Армия жауынгерлеріне арналған «Азаттық» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Abai.kz

1 пікір