Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 1629 3 пікір 16 Шілде, 2024 сағат 18:03

Әшімбаевтың мақаласы: Онда не айтылған?

Сурет: Егемен Қазақстан гәзеті

Еліміздегі саяси тұлғалардың мақала жазуы біраз нәрседен хабар береді. Ұстанған негізгі бағыты, жалпы жоспарын аңғаруға болады.

Күні кеше «Время» газетіне Сенат төрағасы Мәулен Сағатханұлының мақаласы шықты. Жоғарғы палатаның спикері кейінгі жылдары жүргізілген реформаларға, экономикалық мәселелерге қатысты көзқарасын бөлісті.

Мақаладан бірнеше мессеж байқауға болады. Мысалы, егемендіктен кейінгі суперпрезиденттік модельдің жеке бас пайдаға жұмыс істеп кетуін сынға алған. Содан кейін Назарбаев қызметтен кеткеннен кейін Қаңтар оқиғасына дейінгі уақытта елде «екі биліктің» болғанын жазыпты.

Негізі, бұл таңғалатын нәрсе емес қой. Елдің бәрі соны айтып жүрді. Бұқаралық ақпарат құралдары да талай жазды. Бірақ Сенат төрағасының бұған пікір білдіруі, елдегі басылымдардың біріне мақала етіп жазуы бірінші рет шығар. Бұған дейін осындай жоғары саяси лауазымды тұлғаның көзқарасын ашық білдіргені есімде жоқ.

Былай қарасаңыз, Тоқаевтың билікке келуімен елде түрлі мәселе көбейген секілді көрінеді. Шын мәнінде, мұның бәрі 30 жыл бойғы шіріген жүйенің салдарынан болып жатқан оқиғалар. Олардың бәрін тізіп жазудың қажеті жоқ шығар. Бәрі көз алдымызда болды ғой.

«На первых порах Президенту и его сторонникам приходилось преодолевать скрытое, но вязкое и активное сопротивление представителей старых элит. Кроме того, в первые же месяцы дала о себе знать инерция накопленных за 30 лет ошибок и откладывавшихся проблем», - деп жазыпты Мәулен Әшімбаев.

Мақалада келтірілген реформалар туралы пікірлерді, атқарылған жұмыстардың бәрін мұнда қайталап жатқан артық. Бірақ мақаланы түсіне оқыған адамға Тоқаевтың атқарып жатқан жұмысы бұған дейінгі биліктің жіберген кемшіліктерін реттеуге арналғаны байқалады.

Демек, бұл мақала – жай ғана мақала емес, үлкен мессеж. Ендеше, алдағы уақытта оған қатысты қандай да бір шаралар қабылданып жатса, таңғалудың қажеті жоқ!

Дәурен Сейітжанұлы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1435
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3200
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5146