Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 11565 0 пікір 14 Қаңтар, 2014 сағат 04:28

Ауыт Мұқибек. О, менің Іле Қазақ облысым!

Іле Қазақ автономиялы облысы! Бұл атау бізге – арғы беттегі қазақтарға бір кезде Кеңестік Қазақстан Республикасы деген ұғыммен бірдей дәрежеде сезілетін.

Шығыс Түркістан республикасы тұншықтырылып, коммунистік жүйедегі жаңа қытай үкіметі билік басына келген соң, ондағы қазақтар «Шыңжаң бейбіт жолмен азат болды!» деген үкімді дәтке қуат етті.

1952 - жылдан бастап Қытайда аз санды ұлттар шоғырлы қоныстанған өңірлерде ұлттық территориялы автономя органдары құрыла бастады. Сол қатарда, 1954 - жылдың 22- қарашасында Іле Қазақ автономиялы районы құрылып, келесі жылы 12 - қарашада оның аты «Іле Қазақ автономиялы облысы» болып өзгертілді. Сөйтіп, қазақтар үшін есімі құлаққа жағымды естілетін, жүрекке жылы тиетін Іле Қазақ автономиялы облысы барлыққа келді. Оның әкімшілік орталығы Құлжа қаласы болып бекітілді. Іле Қазақ автономиялы облысына қазір бұрынғы Іле аймағының сегіз ауданы (Қорғас, Шапшал, Тоғызтарау, Текес, Мұңғылкүре, Күнес, Нылқы, Құлжа ауданы) мен Алтай, Тарбағатай аймақтары қарайды. Күйтін мен Құлжа қаласы да осы облыстың тіке еншісінде.

Іле Қазақ автономиялы облысы! Бұл атау бізге – арғы беттегі қазақтарға бір кезде Кеңестік Қазақстан Республикасы деген ұғыммен бірдей дәрежеде сезілетін.

Шығыс Түркістан республикасы тұншықтырылып, коммунистік жүйедегі жаңа қытай үкіметі билік басына келген соң, ондағы қазақтар «Шыңжаң бейбіт жолмен азат болды!» деген үкімді дәтке қуат етті.

1952 - жылдан бастап Қытайда аз санды ұлттар шоғырлы қоныстанған өңірлерде ұлттық территориялы автономя органдары құрыла бастады. Сол қатарда, 1954 - жылдың 22- қарашасында Іле Қазақ автономиялы районы құрылып, келесі жылы 12 - қарашада оның аты «Іле Қазақ автономиялы облысы» болып өзгертілді. Сөйтіп, қазақтар үшін есімі құлаққа жағымды естілетін, жүрекке жылы тиетін Іле Қазақ автономиялы облысы барлыққа келді. Оның әкімшілік орталығы Құлжа қаласы болып бекітілді. Іле Қазақ автономиялы облысына қазір бұрынғы Іле аймағының сегіз ауданы (Қорғас, Шапшал, Тоғызтарау, Текес, Мұңғылкүре, Күнес, Нылқы, Құлжа ауданы) мен Алтай, Тарбағатай аймақтары қарайды. Күйтін мен Құлжа қаласы да осы облыстың тіке еншісінде.

Іле Қазақ автономиялы облысының тұңғыш әкімі – Пәтіхан Сүгірбаев. Ол – кезінде Кеңес Одағынан әскери тәрбие және шен алған, 1949 - жылы 1 - қазанда өтетін Қытай Халық республикасының құрылу салтына кетіп бара жатқан жолында бір топ серігімен бірге «Ұшақ апатынан» қаза тапқан атақты қазақ генаралы Дәлелхан Сүгірбаевтың баласы. Пәтіханнан кейін облыс тізгінін ұстаған кісі – Жағда Бабалықұлы. Үшінші кезекте бұл орынға Құрманәлі Оспанов отырды. 1962- жылғы «Май оқиғасы» – Шығыс Түркістан қазақтарының Совет Одағына қотарыла көшуі осы Құрманалі дәуіріне тұспа - тұс келді. Соған байланысты Қ.Оспанов қызметінен алынып, қала іргесіндегі Партия мектептің ауласына оқшаулатылды. Өмірінің 20 жылын ешкіммен кездесуге тиым салынған тәртіппен биік дауал ішінде өткізді. Ол жақтағы ел жазаның мұндай түрін «Мырза қамақ» деп атайды. Одан бергі жерде аталмыш Облысқа Ерғали Әбілқайырұлы, Дияр Құрмашұлы, Асхат Керімбайұлы, Бекмұхамет Мұсаұлы, Алпысбай Рахымұлы, Нұрлан Әбілмәжінұлы, Қызайжан Сейілқожаұлы, Мәукен Сейітқамзаұлы кезегімен басшылық етіпті. Бір мезгілде Жәнабыл Сымағұлұлы да (1974 - 1978) бұл міндетті облыстық партком хатшылығымен қосып, қосымша өтепті. Қазір Іле Қазақ автономиялы облысын Мәнен Зейнелұлы деген қандасымыз басқарып отыр. Қытай қазағы үшін Жәнабыл Сымағұлұлы туралы айтылар әсерлі әңгіме тіптен ұзақ, әрине. Ел тізгінін ұстаған осынау тұлғалардың қай - қайсысының да орны, атқарған шаруасы бөлек - бөлек жыр. Басшылық міндетке қай кезде де кездейсоқ адамдар келген емес, аттары елге мәлім, білімді, партияның сынағынан сүрінбей өткен, туған халқының қадыр - құрметіне бөленген іскер  тұлғалар ғана таңдап қойылып отырды. Мысалы, Құрманәлі Оспанов пен Ерғали Әбілқайырұлы атақты ақындар болса, Бекмұхамет Мұсаұлы химия ғалымы, Нұрлан Әбілмәжінұлы кәсіби заңгер. Қалған кісілер де өз кезіндегі ЖОО -ын тамамдаған өз саласының мамандары. Осы әкімдердің барлығының есімдері облыс тарихына алтын әріппен айшықталып жазылатынына шүбә жоқ. Десе де, ел есінен өшпес орын алған екі әкімді айырықша атап өткім келеді. Оның біріншісі бұл күнде құрметті зейнеткерлік өмірдің қызығын көріп, ұлағатты ұл мен ибалы қызға әке, немерелерге ардақты ата болған Дияр Құрмашұлы ақсақал. Дияр аға әкімдік креслоға 20 жылға жалғасқан Маоның «Мәдени төңкерісі» аяқтап, билік басына қадірменді Дың Шияупин (Дэн Сяопин) келген кезде отырды. Дың (Дэн Сяопин)  шыға салып, «Барлық сала ретке салынсын!» - деп, бұйрықты бір - ақ ұрды. Айдың оңнан туа бастағанын бірден сезген дана көкірек аға облыс қызметіне бар ынтасымен кірісті. Келіп тұрған орайдан ұтымды пайдаланып, ұлтының ұпайын түгендеп қалуға барын салды. Соның арқасында, басқаны айтпағанда, қуғынға ұшырап, азап шеккен қазақ оқығандарының осы мезгілде қызметке ілінбегені жоқ! Қазақ байларының тәркіленген малы мен мүлікінің белгіленген тәртіппен иесіне қайтарылмағаны тағы жоқ!! ЖОО - ын тамамдап келген қазақ жастарына облыс, аймақ, аудандардың тиісті мекемелеріне қаратып өз қолымен жолдама беріп,  жауапты қызметтерге жаппай қойып отырды. Осы жерде бір атап өтер игі іс, сол жастардың басым көбін облыс оталығына алып қалуға тырысты. Өтіп жатқан ұлттық түсі қою мәдени шараларда есеп жоқ. Қазақ санасында, өмірінде зор сілкініс пайда болды. Сөйтіп, аз ғана жылдың ішінде облыс «Іле Қазақ облысы» десе, дегендей деңгейге тіке секірді. Біздің бала кезімізде осы Дияр әкімді кино актері Мүтәліп Әбдрахманов ағам туған ауылымыз Ойманбұлаққа шақырып әкелгені; Ол кісілердің ауыл бастығы Алпысбай ағаның үйіне қонғаны; бастауышта оқып жүрген біздің әдемі мәшинелерді айналсоқтап, сыйпап таңырқағанымыз бар. Облыстың тұрпаты бөлек, мәртебесі жоғары әкімін анадай жерден тұңғыш көргеніміз де сол! Көп өтпей, түн болса түнек басатын  қап - қараңғы сайда бетон бағаналар сап түзеп, электр сымы тартылды. Кәресін (киросин) шамның орнына домалақ ләмпешкелер (лампочкалар) жарқ ете түстін болды. Сөйтсек, ол – атақты актердің ауылына Дияр Құрмашұлының шешімімен алғашқы жасалған шарапат екен. Қысқасы, Қытайдағы қазақтарға «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманның басы осы Дияр аға қызмет атқарған мезгілден басталды десек, артық айтқандық емес.

Екіншісі, Нұрлан Әбілмәжінұлы. Нұрлан қытайша оқыған жігіт. Жоғарыда айттық, аса жоғары деңгейдегі кәсіби заңгер. Осы облыс әкімдерінің ішіндегі ең жасы есептеледі. Отыз жасында Облыстық соттың төрағасы болды. Ол облысты небәрі тоғыз - ақ ай басқарды. Әбілмәжінұлы әкімдік таққа отыра салысымен заңды тұлға ретінде обылыстың кәдір тағайындау мен экономикасын басқару құқығын бірден өз қолына алды. Көп өтпей, мекемелерден сиреп бара жатқан қазақтардың қарасы қайта көбеие бастады. Қысқа мерзім ішінде қазақ ауылдарының жол қатынасы түзеліп, облыс бет - бейнесі айтарлықтай өзгерді. Арынды басшыны ары қарайғы жерде Үкімет өлке орталығына өсіріп жіберді. Дияр ағасынан кейін, араға жылдар салып барып, Іле облысынан қазақ иісін бұрқыратып дүрілдеткен әкім осы – Нұрлан аға. Ол қазір ШҰАР - дағы төрт біріншінің біреуі – Шыңжаң Ұйғыр автоном райондық Саяси кеңестің төрағасы. Н.Әбілмәжінұлының орнын басқан Қызайжан Сейілқожаұлы да бұл жұмысты ақсатпай жалғастыра білді...

Биыл, міне, сол Іле Қазақ автономиялы облысының құрылғанына 60 жыл.

Қытай жағы бұл 60 жылдықты лайықты дәрежеде атап өтеді деген ойдамын.

Облыс кезінде Қытайда жүргізілген солақай саясаттың соққысына ұшырап, сандаған дауылдарды басынан өткерді. Бірақ, оның «Іле Қазақ...» деген ардақты аты мен «Автономия» мәртебесі күні бүгінге дейін сақталып келеді. Қазақ елі тәуелсіздік алудан бұрын ол Қазақтың бір үлкен қара шаңырағы есебінде болды. Біз оны дербес мемлекеттің деңгейінде сезіндік. Басшыларын патшамыздай сыйладық. Бүгін Құдайға тәубе, аспанымызда көк Туымыз желбіреп тұр.  Шетте қалған қазақ жері мен қалаларының атын Астана көшелеріне беріп, жоғымызды түгендеп жатырмыз. Осынау дүбірлі тойдың қарсаңында Астана әкімі Иманғали Нұрғалиұлы Елорданың бір көшесіне «Іле Қазақ автономиялы облысы көшесі» деген ат берсе екен деген ізгі тілегім бар. Өйткені, бұл күнде ондағы қандастарымызға осы облыстың атынан басқа енекөкірек ететін ештеңе қалмай барды. Жаман айтпай, жақсы жоқ, алып көршіміз «Қытай арманы» деп аталатын үлкен реформаны бастап кетті, мұндай автономия басы артық іс саналып, жойылып кетуі де мүмкін ғой?!

«Abai.kz» ақпартаттық порталына тұрған алғашқы жұмысымды осынау туған облысыма арнаған жыр - шәшумен бастап, отандастарымды арғы бетте алда болатын жөн - жосығы бөлек тойдан ертерек құлағдар еткенді дұрыс көрдім.

 

Өкінбен алыс кеткен жолым үшін,

Кетті ғой сағынышқа толып ішім.

«Есімнен ертелі - кеш бір кетпейсің»,

О, менің Іле Қазақ облысым!

 

Іздесем табылады сайран мұнда,

Түрі көп қымыздың да, айранның да.

Сені де сағынамын аласұрып,

Қасқайып қала берген, қайран Құлжа!

 

Боласың кейде мені шақырғандай,

Кеудемде өшпейтін бір лапыл бардай.

Құлаққа тұратұғын жылы естіліп,

Дейтұғын «Іле Қазақ...» атың қандай!

 

Атыңның маған аян мәңгі екені,

Көктегі бұлтқа айналды шаң кешегі.

Сауырдың ұл мен қызы мұнда келген,

Қалды-ау деп қайран Алтай әндетеді.

 

Көсілген көз ұшында Тарбағатай,

Секілді ескі көзден қалған атай.

Күн туып Сыр бойынан ел ауғанда,

Саған кеп күлін төккен жолда Матай.

 

О, менің қасиетті, байтақ Ілем,

Сен жайлы көп шежіре айта білем.

Күн кешті мекендеген қалың Қызай,

Өмірдің еңісімен, қайқаңымен...

 

Мен бүгін жалыққамын сан санаудан,

Арқармын ашық күнде Арқаға ауған.

Ұш Аймақ – үш арысың айбыны асқақ,

Бар тағы қармағыңда қаншама аудан.

 

Мен үшін тым қымбатты соның бәрі,

Алтынды ардақтадың қолыңдағы.

Қанымды кернейді де бір жылы ағыс,

Жанымды тербетеді жол ырғағы.

 

Қатайтып алсақтағы біз қанатты,

Кермек ой кеміреді тұздан ащы.

Туған жер батады екен ақындар мен

алысқа ұзатылған қызға қатты.

 

Жүргем жоқ Айға қарап, жұлдыз қарап,

Арысқа бағалайды мың қыз балап.

Сарыарқа төсін келіп тұғыр етті,

Өзіңнен ұшып кеткен бір мұзбалақ.

 

Жерісің әкемнің де, арғы атамның,

Өлеңмен саған бүгін таңба салдым.

Арқасы біздің шалқып жүргеніміз,

Ақсарбас айтып сойған әр батаңның.

 

Мекенсің кіндігімнің қаны тамған,

Үлгі алдым әз анадан, кәрі шалдан.

Қонармын бір биікке шығып ертең,

Болармын көш бастайтын әлі тарлан.

 

Мені алып ұшқан кезде биік арман,

Әкемнің бір сайыңда үйі қалған.

Бір уыс топырағың жүр қалтамда,

Апамның жаулығына түйіп алған.

 

Жандағы торқасы жоқ сол топырақ,

Тастайды сағынышты тарқатып-ақ.

Әжемсің әлдилеген кеше мені,

Көтерген күні бойы арқасына ап.

 

Арыңды сен дарыттың маған аппақ,

Бір белден астым бүгін табан аттап.

Қалдырдым саған ғана кешегі өткен,

Бейітін ата-баба аманаттап.

 

Қашанда болсын бағың, Ордам, үстем,

Кешір сен ете алмасам қолғабыс мен.

Қайсы деп облысың сұрағанға,

Айтамын атыңды асқақ, зор дауыспен.

 

Бұзбасын ешкім сенің шырқыңды, Іле,

Жүрсе екен мені дағы жұртың біле.

Болсам да көрші еліңнің азаматы,

Жазулы паспортымда тұрсың, міне.

 

Бидайдай тұрсың жалғыз арпа ішінде,

Ұйықтасам көрем сені әр түсімде.

Сағындым Көкқамырдың көк бағланын,

Сағындым Баяндайдың мәнтісін де.

 

Алшаңдап жүрген шақта кең көшеңде,

Жүргендей болушы едім дербес елде.

Сарғайған саған деген сағынышты,

Жазбайды қай дәрімен емдесем де.

 

Есімің сенің бүгін – бағалы есім,

Кірлейді сен тұрғанда жаға не үшін!?

Бөрідей жан жарасын жалап жазып,

Жиды ғой сен арқылы қазақ есін.

 

Мен сені жүрем шетте ыңғай бағып,

Сақараң кетпесе деп құмға айналып.

Деген сол «Іле қазақ...» ардақты атқа,

Мүддесі ондағы елдің тұр байланып.

 

Қанатты саған қарай сілкіп ұшсақ,

Қаламыз кәдімгідей бір тыныстап.

Автоном деген асқақ мәртебеңмен,

Өшірмей қазақ атын тұрсың ұстап.

 

Тұлғаңды рухы асқақ, еңселі әрі,

Тұрмын-ау жеткізе алмай мен шамалы.

Жөңкілген Ертіс - Іле – қос бұрымың,

Балтырын Сарыарқаның тең соғады.

 

Қазақты, қайда жүрсе, бос ойлама,

Қанымен ата-баба жасайды ана.

Тәңіртау Алатаумен бір туысқан,

Қарайтын Балқаш - Сайрам – қос айнаға.

 

Мекені ұлдың ыстық, қыздың ізгі,

Кешірдің бастан кеше жүз дүбірді.

Үш жүздің оғландары арда туған,

Ұстады алма-кезек тізгініңді.

 

Жас ұрпақ қаулап өскен артыңда бар,

Қадамы келе жатқан қарқындап әр.

Төсіңде жүрсін аман алшаң басып,

Жәнәбіл бастаған сол нартұлғалар!

 

Әр шыңнан қаулап шыққан, әр төбеңмен,

Мақтан сен жас қайыңмен, қарт еменмен.

«Қазақтың кіші қара шаңырағы»  –

Жасай бер деген ұлы мәртебеңмен!!!

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2042