Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1374 0 пікір 4 Қараша, 2025 сағат 15:54

Өзбекстанда 9 айда жол апатынан 1300-ден астам адам қаза тапқан

Сурет: Колеса сайтынан алынды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Биыл қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Өзбекстанда 5895 жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында баяндама жасаған Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комитеттің төрағасы Кутбиддин Бурханов мәлімдеді, деп хабарлайды.

Сенатордың айтуынша, тіркелген жол-көлік апаттарынан 1 303 адам қаза тауып, 4 592 адам зардап шекті. Бұл ретте 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қайғылы оқиғалар саны 4,8%-ға азайған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 10 рет ереже бұзған өзбекстандықтар енді көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін. Бұған қоса, Өзбекстанда автобус жолағына түскен көлік жүргізушілеріне айыппұл салынуы мүмкін екенін жазып едік.

Былтыр мас күйінде көлік басқарған 31,3 мың өзбекстандық әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ, 2024 жылы Өзбекстанда жол апатынан 2 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1055
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2602
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 738
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 700