Жексенбі, 24 Қараша 2024
1026 4 пікір 17 Шілде, 2024 сағат 18:46

Машкевич пен Шодиев компаниясына тықыр таянды ма?

Сурет: matritca.kz

«Eurasian Resource Group» компаниялар тобы: «Олигарх Машкевич пен Шодиев директорлар кеңесінен кетті», - деп хабарлайды.

Олигархтар Александр Машкевич пен Патох Шодиев «Eurasian Resource Group» компаниялар тобының директорлар кеңесінен кетті. Бұл жөнінде компанияның 17 шілде күнгі хабарламасында айтылды.

Директорлар кеңесінің төрағасы болған Александр Машкевичтің орнын 2021 жылдан бері кеңеске мүше болған Шухрат Ибрагимов басты. Патох Шодиевтің орнына оның ұлы Сабыр Шодиев келді.

Компания Машкевич пен Шодиевтің директорлар кеңесінен кету себебін нақты түсіндірмеді.

«ERG» компаниялар тобы Қазақстандағы тау-металлургия кешенінің үштен бір бөлігіне иелік етеді. Қазақстанда осы компаниялар тобына қарасты «Казхром» трансұлттық корпорациясы, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік кәсіпорны» (ССГПО), «Қазақстан алюминиі», «Қазақстан электролиз зауыты» (КЭЗ), «Еуразия энергетика корпорациясы» (ЕЭК), «Шұбаркөл көмір» және т.б. кәсіпорындар бар.

Компанияны миллиардер кәсіпкерлер Алиджан Ибрагимов (пандемия кезінде қайтыс болған), Патох Шодиев пен Александр Машкевич құрған. Машкевич те, Шодиев те Қазақстан азаматтары емес.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608