Жексенбі, 24 Қараша 2024
817 2 пікір 23 Шілде, 2024 сағат 14:30

Қарағандыдағы апат: 6 адам өте ауыр халде

Коллаж суреттері: Азаттық радиосы, Үкіметтің ресми сайты

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған апаттан зардап шеккен жұмыскерлердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Апат салдарынан зауыттың бір жұмыскері қайтыс болды. Ақмарал Әлназарованың сөзінше, науқас денесінің 85 пайыздан астамын күйік шалған.

"Полиорганды жетіспеушілік себеп болды. Жүрекке, бүйрекке келетін тиісті асқынудан науқас көз жұмды. Күйік дәрежесі 60 пайыздан асса, өмірге өте қауіпті. Медицина тәжірибесінде күйік неғұрлым көп болса, өмірге төнетін қауіп соғұрлым жоғары болады. Алты науқас өте ауыр халде. Барлық тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Айта кетейік, осыған дейін Қарағандыдағы апат салдарынан зардап шеккен жұмыскерлер ауруханаға неге жедел жәрдем көлігімен тасымалданбаған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592