Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3217 0 пікір 22 Қаңтар, 2014 сағат 04:19

Қазақстанға қаптап барайық!

(Қытайдағы қазақ ұлтжандыларының әлем  қазақтарына ашық хаты)

Қазақты 16 миллион дегелі қанша жыл болғанын білесіздер ме?

Неге өспейді бұл қазақ?
 
Жауап: өспек түгілі азая түсуі қалай? Өйткені, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан,  Ресей сияқты елдердің қазағы басқаларға жұтылып, көбеюдің орынына кеміп барады. Екі жылдың алдында Өзбекстан халқының 4 %-ын құраған (мұнда1%- ды 300 мың адам деп есептесек)1 миллион 100 мың қазақ өсіп 1 миллион 300 мың, не одан да көп болуы керек еді. Қазір Өзбекстандағы қазақтардың жансаны 800 мыңға түсіп қалды, 300 мың қазақ қайда сонда? Олар қазақ болса да өзбек болып жазылып кетті, ол қазақтар енді қанша қазақпын десе де Қазақстан оған басқа ұлт ретінде қарайды.

Түркіменстанда болған 140 мың қазақтан қазір бары – 40 мың, қалғаны қайда? Түркімендер жұтып кетті.  Қырғызстандағы бұрынғы 67 мың қазақ қайда? Ол неге  33 мыңның айналасында шектелген? Қырғыздар жұтып кетті.
Басқа елдерде де жұтылып жатқан қазақ көп. Айталық Ауғанстандағы қазақтар...

Ал табиғи өсімі жоғары деп танылған Маңғолиядағы  қазақтар да 5 жылдан бері 100 мыңнан аспай отыр, бұл қалай?

ҚХР-дағы қазақ 10 жылдан бері 1.5 миллионға байлаулы.  Осы күні қытайдағы қазақтың 20% -ы қалада тұрады, оның көбі жас отаулар десек, бір отбасында екі бала болсын, бірі қазақша оқиды де, қалай айтсаң да, ҚХР-дағы қазақтың  2-3% -ы қытайға айналды. Бұл үрдіс енді тіпті тездей түспек, себебі қазір балабақшаға бармаған қазақ баласын қытай оқуға алмайды. Балабақша болса да тілі толық шығып үлгермеген баланы қабылдайды. Балабақша аты қос тілді,  іс жүзінде қытай тілді. Осылайша сан мыңдаған жас балаларымыздың тілі қытайша шығып жатыр, ал ұлттық ар-ожданнан, намыстан жұрдай қазақтар бұны бас қосуларда, тойларда мақтанып айтып отыруды әдетке айналдырды.

Баласын қытайландыруда қала-аудандағы қазақтың келіндері зор үлес қосуда,біз үнемі айтатын орыстанған қазақ сияқты қытайланған қазақ та қазақты иттің етінен жек көреді.

Ресей қазағы 647 мың деген санға неше жыл байланып тұрары белгісіз ,бірақ жоқтан гөрі бұған да шүкіршілік.

Қазақ тарихын оқысақ көбінде басқаларға жұтылумен келеді екенбіз, мұның мысалдары :

- Ата бабамыз – ғұн мен шянбилердің ханбалық еліне барған сардарлары мен ақсүйектері қытайға сіңіпті;

- Қытайды билеген Юан династиясы кезінде жүз -мыңдаған керей, найман, меркіт, оңғыт, қоңырат, қият, жалайыр қытайға жұтылды,тағы қаншамасы Иранға кетті, қаншама қыпшақ  мажарға сіңді, қаншама қыпшақ Египетте қалды;

-1500-жылы 360 мың қандасымыз Шайбаниға еріп, өзбек атанып кетті, одан кейін 1920-жылдары сан мыңдаған қазақ  тағы да «өзбекке» айналды.  Содан соң екі рет аямай қырылдық, азайдық!
 
Егер басқаларға жұтылып кетпегенде, біз, қазақ, баяғыда 20 миллион болар едік қой!

Сондықтан қазақтың бір баласы басқаға сіңсе, жүрегіміз ауыруы керек! Әр қазақ менің – жалғызым! Әр қазақ менің – туысым! Бауырым! Ағам, інім, қарындасым!

«Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос!»

Әр қазақтың бір-біріне мейірімі болмаса, қазақ-қазақ бола алмайды!

Қазақты  қандай қиындықтан да  тек қазақ құтқарады! Береке-бірлік құтқарады!

Сондықтан, қазақ баласы, мейлі Қазақстан үкіметі қанша тосқауыл қойса да, Қазақстанға қаптап барайық! Қазақстанға керегі қазақтың саны,  біз Қазақстанға ақжағалы ұлықтары шетінен шіреніп орысша сөйлейтін орыс билігі үшін бармаймыз, тек қазақ үшін барамыз!

Саны өспейтін орыс пен қара орыстың аты қашанғы бәйгеден келе берер дейсің? «Көп асқанға да бір тосқан болар» түбі!
Көбей, қазақ! Қытай үкіметі де қалада екі балалы, қырда 3 балалы болуға қазір жол берді, енді көбеймей не істейміз? Баға алмаймын деп қорықпа, әр баланың өз несібесі бар! Ұрпағың көп болса – байлығың сол! Қанша бай  болғаныңмен ұрпақсыз болсаң, өміріңнің сәні не?  Сондықтан, қазақ баласы,  Қазақстан үкіметі не саясат шығарсын, онда жұмысымыз болмасын. Қазақстанға барайық, мейлі, бай болайық, кедей болайық, барынша көбейейік! Сонан 10 жылдан кейін көр, еш қиындықсыз Қазақстанды санымызбен жаулап аламыз! Ол кезде анау  қазаққа қырын қарайтындардың күні бітеді. Олар қазақты қаншалықты жоғалтпақ, қорқытпақ, азайтпақ болса да, бәрібір мақсаттарына жете алмайды! Бұл анық ақиқат! Ендігі 20 жылдан кейінгі Қазақстан нағыз Қазақ мемлекеті болады!

Мұсылмандығымызды , салт-сана, әдет-ғұрпымызды дәріптейік, бұл бізді басқаға сіңуден сақтайтын алып қорған!
Қазақ көші мәңгі тоқтамасын, ағайын !

Ескерту: «Ашық хат « қытай қазақтарының «Сен қазақ» сайтынан алынды. Ашақ хатты криллицаға аударған еларалық «Көрші» журналының редакциясы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578