Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3830 0 пікір 22 Қаңтар, 2014 сағат 04:37

Ықылас Ожайұлы. Түрме

Біздер – сотталғандармыз. Өзіміз сотталмасақ та санамыз сотталды.  Рухизат танымымыз ғасырлар бойы  Соцлагерьдің төрт төңіректі тұмшалаған түрмесінде жатты.  Дәлел дейсіз бе? Азаттық ауа райы орнай қалып еді көбіміз кеңестік түрменің қып-қызыл қылмыскерлері екенімізді дәлелдедік. Таладық, талқандадық. Бүлдірмеген бір нәрсеміз қалмаған екен. Тұншыққан түрмелік түйсігімізден шығар, біз түк те түсінбеппіз. Бақсақ, Бөкейханов сотталмапты, біздің санамыз сотталыпты. Ахмет атылмапты, біздің азат ой, ақылымыз атылыпты. Сірә, шын мүсіркеушіні алмастырып алғанға ұқсаймыз. Сөзіміз сана турасында болып отыр ғой.

Сана – фотоаппарат. Көрген, білгенін мәңгілік сақтап қалады. Кейін бұл ақпараттар қанға, қан арқылы генетикаға сіңеді. Біздің аталарымыз бен әкелеріміз бергіні айтпағанда, аштық (1932)  пен абақтыны (1938)  көрді. Санадағы  сурет (үрей) оларға  үндемеуді үйретті.   Гендегі улы ақпараттар радиациясының элементі түгел дерік төлдеріне (біздерге) өтті. Кейде ойлаймын: «Біз кімбіз осы? Шынымен жастармыз ба? Жас болсақ аға буыннан неге аумаймыз?» деп.  Сөйтсем себеп санамда екен.  Сана ғұмырыма,  суреттер мінезіме әлдеқашан айналып үлгерген екен...

Түрме

Бұл өмір абақты ғой саналыға...

(Мағжан)

Біздің қоғам борсыған ой, қотыр сөз,

Сізде соған шырматылып отырсыз.

Мен осындай ойсыздықтан ұшынып

Өзімді-өзім өгей халге түсірдім,

тамыр біткен ісініп...

АЙҚАЙЛАРДЫҢ ЖЕР ҚУЫРЫП АПШЫСЫ,

ЖАЙҚАЛЫП ТҰР ЖАНУАРЛЫҚ ТҮСІНІК.

Иә біздер жануармыз кәдімгі

Не демексіз енді сіз.

Себебі біз...

санасы өлі елденбіз.

БІЗДІҢ ҚОҒАМ – ТӘТТІ ҰЙҚЫНЫҢ ТӨСЕГІ,

БІЗДІҢ ҒҰМЫР – ОЯУ ЖҮРІП КӨРГЕН ТҮС.

Анау Алаш заманда

Ахметтің аспан аңқып ұғымы,

Ағып түсті алмас сынды ғұмыры,

Мазақ етіп кісәпір мен азғынды.

ҚАРА ЖЕРДІ ҚЫЗЫЛ ҚАНМЕН СУАРҒАН,

БІЗДІҢ САНА – СТАЛИННІҢ ЕЛЕСІ,

БІЗДІҢ АҚЫЛ – АБАҚТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ.

Абайдың да арғытаным ішінен,

Масғұттың мас болуын түсінем...

Мұнымен де тыншымады-ау мұңды шу.

ҚҰЛ-ҚҰТАННЫҢ ҚИҚУЫНА КӨМІЛГЕН

ТЫР ЖАЛАҢАШ ЖЫНДЫХАНА МЕКЕНДЕ

АЛ ІШПЕЙ ГӨР ЖЫНДЫ СУ.

Өтірік пен өңеш жайлы ілімді

ӨРКЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ дейді бүгінгі

Мүгедек ми қырсығым...

ҚАРАҢҒЫЛЫҚ ҚҰШАҒЫНДА ТЕРБЕЛІП

ТАЛЫҚСИДЫ СӘБИ САНА, СОҚЫР КӨЗ

МЕНІҢ ТҮРМЕ ТҮЙСІГІМ...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555