Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3345 0 пікір 22 Қаңтар, 2014 сағат 05:57

Тәуелсiздiк пен танк: КЕРЕКУДЕ АРАЗДЫҚТЫ ҚОЗДЫРУҒА НЕГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНБАЙДЫ?!

Павлодар облысының әкiмi қызметiне Қанат Бозымбаев тағайындалған күннен бастап “Городская неделя”, “Обозрение”, “Версия” тәрiздi жергiлiктi орыстiлдi тәуелсiз басылымдардардың белсендiлiгi күрт артып, бұрынғы басшының жұмысын қаралайтын бiр жақты сыни материалдарды жарыса жариялауда. Сондай мақаласымақтарды оқысақ, Павлодар аймағы экономикалық көрсеткiштерi бойынша республикада ең соңғы орында қалған, әлеуметтiк-экономикалық жағдайы құлдыраған. Ал әлгiндей мақалалардың интернеттегi нұсқаларын қолдап пiкiр жазушылардың қарасы тiптi көп. Әрине, кiмдер жазатыны белгiлi... Мұндай әсiре белсендiлiк өткен ғасырдың жаппай жазалау жылдарындағы баспасөз беттерiнде ғана көрiнiс тапқан шығар деп ойлаймыз.

Павлодар облысының әкiмi қызметiне Қанат Бозымбаев тағайындалған күннен бастап “Городская неделя”, “Обозрение”, “Версия” тәрiздi жергiлiктi орыстiлдi тәуелсiз басылымдардардың белсендiлiгi күрт артып, бұрынғы басшының жұмысын қаралайтын бiр жақты сыни материалдарды жарыса жариялауда. Сондай мақаласымақтарды оқысақ, Павлодар аймағы экономикалық көрсеткiштерi бойынша республикада ең соңғы орында қалған, әлеуметтiк-экономикалық жағдайы құлдыраған. Ал әлгiндей мақалалардың интернеттегi нұсқаларын қолдап пiкiр жазушылардың қарасы тiптi көп. Әрине, кiмдер жазатыны белгiлi... Мұндай әсiре белсендiлiк өткен ғасырдың жаппай жазалау жылдарындағы баспасөз беттерiнде ғана көрiнiс тапқан шығар деп ойлаймыз.
Өкiнiшке қарай, әлгiндей ұрда-жық жарияланымдар мен жазбалар облыстың жаңа басшысына ықпал ете бастаған     сияқты. Мәселен, орыстiлдi басылымдар кезiнде бұрынғы әкiм Ерлан Арынның орыс пен қазақ халықтары достығының символы тәрiздi болған Григорий Потанин мен Шоқан Уәлихановқа, Ашаршылық және Саяси қуғын-сүргiн құрбандарына, Тұңғыш ұстазға (символикалық ескерткiш), қазақтың аса көрнектi ақыны Қалижан Бекхожинге, т.б. ескерткiштер тұрғызуын жаманшылыққа жорып шуласқан болатын. Осы әсер еттi ме, облыстың жаңа басшысы Жүсiпбек Аймауытовтың мүсiнi үшiн бөлiнген қаржыны қысқартып тастады. Осылайша, 1937 жылы Мәскеуде “халық жауы” ретiнде атылған, сүйегi қай жерде көмiлгенi белгiсiз Алаш қайраткерiнiң тас тұлғасын тұрғызу iсi қолға алынбай жатып тас-талқан етiлдi! Бiз – даңқты жерлесiмiздiң туғанына 125 жыл толуы қарсаңында отаншыл, мемлекетшiл, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге тиiстi аға буын өкiлдерi осындай өнегесiз қылық көрсеттiк.
Тағы бiр мысал келтiрейiк. Ленин көшесiндегi ардагерлер сая­бағында тұғырда тұрған кеңестiк “Т-34” танкi өткен жылдың қыр­күйек айында Сормов көшесiнде темiр жолға таяу бақта жаңадан салынып жатқан Әскери даңқ мұражайына көшiрiлген екен. Соғыс жылдарында әскерлер сол тұстан майданға аттаныпты.    Жуырда әлгi басылымдар танкты орнына қою жөнiнде байбалам салып едi, қалалық прокуратура солардың пайдасына шешiм шығарды: “Т-34” танкi 30 күн iшiнде бұрынғы орнына қайта апарылуы керек!.. 
Павлодар қаласы прокурорының аға көмекшiсi Орман Қа­лиевтiң айтуына қарағанда, прокуратура шешiмiне тарих жә­не мәдениет ескерткiштерiн бiр орыннан екiншi орынға көшiру тәртiбiнiң бұзылуы негiз болған көрiнедi. Мұндай жағдайда ес­керткiшке тарихи-мәдени сараптама жасалуы керек, сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақ­парат министрлiгiнiң арнаулы комиссиясының келiсiмi қажет екен.
Алайда заң органының ше­шiмi заңды ма? Осы орайда бiршама сұрақтар туындауда. Айталық, Кеңес үкiметi тұсында коммунистiк идеология талабына сәйкес тарихи-мәдени ес­керт­кiштер санатына жатқызылған кеңестiк “Т-34” танкi қазiргi тәуелсiз елдiң егемендiк кезе­ңiнде де сол мәртебесiне ие ме? Танкты тұрған орнынан онша алыс емес әскери даңқ мұражайына апарып қою үшiн тарихи-мәдени сараптама жасап, ҚР Мәдениет және ақпарат ми­нистрлiгiнiң арнаулы комиссиясының келiсiмiн алудың қандай қажеттiлiгi бар? Бұл – жергiлiктi билiктiң құзiретiне жататын iс емес пе? Егер “Құрылғысы шiрiп, тозуына байланысты танкты металл бөлшектерiн қабылдау орнына тапсыру” мәселесi көте­рiлсе, әңгiме басқа.
Жалпы, әу баста танкiнiң қала орталығына тарихи-мәдени ескерткiш ретiнде қойылғаны орынды ма? Және кеңестiк соғыс қаруын бүгiнгi бейбiт кезеңде құрметтеу саяси, идеологиялық тұрғыдан негiздi ме? Онсыз да қаланың қақ ортасындағы Жеңiс алаңында Ұлы Отан соғысы құрбандарын еске алып құрметтеуге арналған Мәңгiлiк алау жанындағы Даңқ обелисксi бар емес пе?
Ендi соғыс қаруының тас тұ­ғыр­ға қойылу сырына үңiлейiк. Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсiнiң дүмпуi Ертiстiң Кереку өңiрiне де жетiп, облыс орталығы мен аудандарда да наразылықтар бой көрсеттi. Кө­терiлiс күшпен басылған соң, iле 1987 жылы жер-жерде жазалау шаралары басталды. Кеңестiк қарулы күштер, қауiпсiздiк және құқық қорғау органдары егемен­шiл жастарға күш қолданумен қатар, өлiм жазасына кесу, бас бостандығынан айыру тәрiздi құқықтық шараларды қолданып сағын сындыруды қолға алса, компартия мен комсомол органдары саяси шаралармен халықтың ұлттық рухын сындыруды көздедi. Дәл сол 1987 жылы, сондай мақсатпен салмағы 32 тонналық қаһарлы соғыс қаруы Ленин көшесi бойына, жұртшылық көп жүретiн көрнекi жерде тұғыр үстiне қойылды... Бұл шешiмнiң басқадай түсiндiрмесi негiзсiз.
Егер Павлодар соғыс жылдары Сталинград тәрiздi жаудың құрсауында қалып шабуылына төтеп берген “Батыр қала” болса, немесе қалада танк шығаратын зауыт жұмыс iстеп, павлодарлықтар мыңдаған танкiнi майданға жiберiп отырса, айтар уәж жоқ. Өңiрдiң тыл еңбек­керлерi өздерiнiң ауыр тұрмыстық жағдайына қарамай, майдандағыларға вагон-вагон азық-түлiк, киiм-кешек жiберiп, қор­ғаныс саласына өз қаржысынан ақша бөлгенi тарихи шындық. Бiрақ бейбiт тұрғындардың   аза­­маттық парызын өтеуiн “Т 34” танкiсiмен еске түсiрiп, құрметтеу өнегелi iс емес.
Кеңестiк танкiлер Кеңес одағының басқыншылық озбыр саясатының белгiсi сияқты көрiнедi. Кеңес әскерлерiнiң 1968 жылы Чехославакияға, 1979 жылы Ауғанстанға, 1991 жылы Литваның астанасы Вильнюске танктермен баса-көктеп кiргенi әлем халықтарына белгiлi ақиқат.   Демек, бейбiтсүйгiш қазақ елiнiң бiр қаласында кеңестiк танкiнi тұғыр үстiне қойып құрметтеу Кеңес одағының басқыншылық саясатын жария дәрiптеумен бiрдей әрекет.
Ал Алматыдағы 28 панфиловшылар паркiне қойылған   панфиловшы жауынгерлердiң зеңбiрегi мен даңқты жерлесiмiз, Кеңес одағының батыры Махмет Қа­йырбаевтың (1925-1996 ж.ж.) Павлодарға әкелiнген зеңбiре­гi­нiң жөнi бiр бөлек. Өйткенi қа­зақстандық батырлар сол қарулармен Ресейдiң Мәскеу, Смоленск қалалары, Литваның Шауляй қаласы аймақтарын жаудан қорғады.  
Кеңестiк танкiнi тарихи-мәдени ескерткiш ретiнде құрметтеген бұл қала өзге елдердiң әскери, саяси тұлғаларының есiмде­рiн ұлықтау бойынша Қазақстан қалаларының көш басында тұр десек, артық айтқандық емес шығар. Мәселен, Павлодар ата­уы патшазада Павел Романовтың құрметiне қойылған, көшелерiне патшалы Ресей империясының әскербасылары: фельдмаршал Кутузов пен генералиссимус Суворов, атаман Ермак, чекист Дерибас, большевиктер көсемi Лениннiң есiмдерi берiлген. Бұған қоса қалада Ленин атындағы бақ, Лениннiң мүсiнi бар. Қала iргесiндегi Ленин кентiнiң қаланың бiр аумағына айналғаны қашан, бiрақ аты сол қалпында қалды.
Солай бола тұра,   егемендiк кезеңiнде Владимир Ильичтiң кiм екенiн мүлде бiлмейтiн бiр ұрпақтың өсiп жетiлгенi ескерiлген жоқ. Ескерiлсе де, лауазымды тұлғалардың арасынан қандай да бiр құндылығы жоқ ескерт­кiштiң тұсына “В.И.Ленин – жүз миллиондаған адамның өмiрiн жалмаған коммунистiк режимнiң негiзiн қалаған большевиктердiң көсемi” деген сықылды сөздердi жазып қоятын бiр шенеунiк табылар деймiсiз?..
Жүрекке шаншудай қадалатын тағы бiр жайт, Ленин ескерт­кiшi мен кеңестiк танк салтанат құрған Павлодарда Тәуелсiздiк монументi жоқ, XVIII ғасырдағы ұлт азаттық соғысы кезеңiнде Ертiстiң Кереку-Баянауыл өңiрiн басқыншылардан қорғаған Олжабай, Жасыбай, Малайсары, т.б. батырларға ескерткiш орнатылмаған. Жаяу Мұса, Мәшһүр Жүсiп, Естай, Майра, Иса тәрiз­дi даңқты тұлғаларға кiшкене бюст те қойылмаған. Жүсiпбек Аймауытовтың аруағын күңi­ренткенiмiз анау. Тiптi кейбiр орыстiлдi жерлестерiмiз Павлодар қаласының алғашқы негiзi болған әскери бекiнiстiң көне түркi кезе­ңiнен берi Кереку жар атанған жерге салынғандықтан Коряков Яр атанғанын қаперге алмай, Кереку атауын қолда­ныс­тан мүлде шығарып тастағысы келедi!
Президент Н.Ә.Назарбаев 1998 жылдың 17 наурызында, Алматыда, республиканың зиялы қауымының танымал өкiлдерiмен кездескенде былай деген едi: “Онамастикалық саясатты босаңсытуға болмайды. Жалтақтай беретiн ештеңе жоқ. Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетiн атауларды да, тiлдiң өзiндiк заңдылығын, табиғи үндестiгiн бұзып тұратын атауларды да ауыстырмаса болмайды”. (Н Назарбаев, “Қазақтың бүкiл тарихы – бiрiгу тарихы, тұтастану тарихы”. “Егемен Қазақстан” №53, 18.03.1998 ж.)
Ел президентiнiң өзi осылай десе де, бiздiң жергiлiктi билiк орыстiлдi тәуелсiз басылымдар­ға жалтақтауда. Жуырда орыс­тiлдi ағайындар Ленин атындағы бақта қабырғасының жұқанасы ғана қалған, қандайда бiр тарихи құндылығы жоқ, 1910 жы­лы “Россия” қонақ үйi ретiнде са­лынған ғимарат қалдығын қайта қалпына келтiру жөнiнде мәселе көтердi. Жергiлiктi билiк ендi сол ұсынысты қарап, әлгiлердiң көңiлiн табу жағын ойластырып жатқан сыңайлы.
Дегенмен, Назарбаевтың сая­сатын жүзеге асырып, идеологиясын жүргiзуге тиiстi Павлодар облысы басшылығының және заң талаптарының орындалуын қадағалайтын қала прокурорының әлгi iс-әрекеттерiн ендi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы, Президент әкiмшiлiгi және бас прокуроры қалай бағалайды екен? 
Тiптi, басқаны былай қойғанда, Юнеско мен Еуропарламент “Зұлымдық империясы” атанған мемлекеттен қалған кеңестiк сұрапыл соғыс қаруы – танкiнiң Қазақстан Республикасының бiр қаласында тұғырға қойып, құрметтелуiн оң бағаламайтын шығар деймiз.
Ал, шындығын айтсақ, ешқандай ұлттық және идеологиялық маңызы жоқ ескеркiшке бола орыс­тiлдi басылымдардың осыншама шу көтеруi, олардың танк үшiн емес, әйтеуiр қайтсек те жергi­лiктi билiкке өз дегенiмiздi iсте­темiз дегенi секiлдi. Осының барлығын бiздер, жергiлiктi ұлт жанашырлары орыстiлдi басылымдар тарапынан қасақана түрде араздықты қоздыру деп түсiнемiз.
Керекулiк бiр топ ұлт жанашырлары: Хайролла Қаженов, Қанатбек Нәбиев, Мақсұт Қалиев, Қайырболат Нұрбаев, Руза Бейсенбайтегi, Қуандық Баязитов, Амантай Тойшыбаев, Сайлау Байбосынов.
"Жас Алаш" газеті
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550