Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3493 0 пікір 23 Қаңтар, 2014 сағат 06:32

Ерлан Бапанов. «Еуромайдандағы» текетірес: не бел кетеді, не белбеу кетеді

Украинанада қазір саяси күштердің текетіресі жүріп жатыр. Бұл әсіресе 2013 жылдың 21-қарашасында ел үкіметінің еуроықпалдастық үдерісін тоқтату әрі Еуропа Одағымен қауымдастық туралы келісімге қол қоюдан бас тарту туралы шешімінен кейін шиеленісіп кетті.  Еуроықпалдастықты қолдауға бағытталған жаппай шаралар бірнеше қалада көрініс берді.  Киевтің орталық алаңы қақтығысушы тараптардың басты аренасы болып отыр.

   Құқық қорғау органдарының «Еуромайданды» күшпен таратуға әрекеттенген қатаң іс-қимылдары отқа май құйып, адамдардың көшеге жаппай шығуына ұласты. Қазіргі уақыттағы шерушілердің басты талабы – еуроықпалдастықты жалғастыру, үкіметті доғарысқа жіберу, мерзімінен бұрын президенттік және парламенттік сайлау өткізу, полициямен қақтығысқа қатысушыларды босату әрі оларға рақымшылық жасау болып отыр.

  Украина Бас прокуратурасының мәліметтеріне қарағанда, 2013 жылдың 24-қарашасынан бері ел астанасындаболған тәртіпсіздіктер барысында 400-ден астам адам түрлі дене жарақатын алған. Әлі күнге дейін Незалежности алаңы шерушілерге лық толы, онда шамамен 4 мыңға жуық адам тұр.

     Кейбір есептеулерге қарағанда, қазірдің өзінде уақытша шаралардың салдарынан украин тарапы ТМД елдерімен сыртқы сауда-саттықтың шамамен 20 пайызын жоғалтып алған. Ал, Украина шығыс көршілерімен арадағы көпірді күрт үзуге де ниетті емес. Алайда сыртқы ойыншылар қатаң талап қойып, біржақты таңдау жасауға мәжбүрлеуде.

   Өткен жылдың 13-желтоқсанында билік пен оппозиция «Украинаны біріктіреміз» деген ұранмен өткен дөңгелек үстелде  В.Янукович қарсылық шараларына қатысқаны үшін тұтқынға алынғандарға рақымшылық жасауға, сондай-ақ оппозиция мен биліктің келіссөздер жүргізуі барысында күш қолдануға мораторий енгізуге келісіп, Еуроықпалдастық жолын одан әрі қарай жалғастыруға уәде берген еді. Алайда мұның бәрі адыра қалды десе болады.

   Себебі, 17-желтоқсанда Ресей және Украина президенттері Мәскеу Украинаның құнды қағазына Ресейдің ұлттық әл-ауқат қорынан 15 миллиард доллар салатыны туралы келіскені белгілі болды. Сондай-ақ, Путин мен Януковичтің кездесуінен кейін Ресейдің «Газпром» мекемесі Украинаға газдың бағасын үштен бір есеге төмендеткені хабарланды. Бұл дегеніміз Ресей тарапы қарыз беріп, Украинаны жіпсіз байлаудың бір амалы екені анық. Бұл мәліметті естіген украин халқы 19-қаңтарда дүрлігіп, Киевтегі қақтығыстар қайта жалғасты. Қақтығыс салдарынан көтерілісшілер тарапынан да, тәртіп сақшыларынан да жарақат алғандар саны күн санап артуда. Жұрт етек-жеңін жинап болмастан Украина билігі митингтер мен басқосуларға қатысқандарды  қатаң жазалау туралы заң жобасын қабылдап жіберді. Заңның қабылдануына қарсылық білдіріп 19- 20 қаңтарда көшеге наразылыққа шыққан мыңдаған демонстрант милициямен қақтығысып,   екі жақтан 200-ге жуық адам зардап шеккен.

  Украина премьер-министрі Николай Азаров егер «арандатушылар» Киевтегі әрекетін тоқтатпаса, үкіметке наразы шерушілерге қарсы күш қолданылады» деген ескерту жасады.  20-қаңтарда Киевтегі демонстранттар мен милицияның қақтығысынан хабар таратып жүрген РЕН ТВ, 5 канал, 1+1, СТБ, ICTV, «Вести»  арналары мен  LB.ua. газетінің өкілдері,  жалпы саны 30 журналист зардап шекті. Сонымен қатар, «Еуромайдан» акциясы жетекшілерінің бірі Игорь Луценконы белгісіз адамдар ұрлап әкетіпті. Қақтығыс алаңындағы «Беркут» милиция жасағы демонстранттарды Еуромайданнан  тықсырып шықпақ болып, травматикалық қару, көзден жас ағызатын газ қолданған. Украина оппозициясы қақтығыстарға президент Виктор Янукович жауапты деп, онымен дереу кездесуді талап етіп отыр.

  Ал, БҰҰ адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нави Пиллэй Украина заңдары адам құқықтары жөніндегі халықаралық заңнамаларға сәйкес келмейді деген пікірде. Оның айтуына қарағанда,  «бұл заңдар азаматтардың ой-пікір еркіндігін, бейбіт жиын өткізу, ақпарат алу еркіндігін және азаматтық қоғамның еркін жұмыс істеу құқықтарын бұзады», сондықтан ол алаңдаушылық білдіре отырып  Украина билігін  қабылданып кеткен қатал заңның күшін жоюға шақырған. 

 «Удар» партиясының көшбасшысы Виталий Кличко Украинаның Қоғамдық телеарналарының біріне берген сұқбатында елдегі жағдайдың ушығып кеткендігін және халық азаматтық соғыстың алдында тұрғандығын мәлімдеді. «Қазіргі мемлекеттік жүйе халыққа жұмыс істемейді, ол тек биліктегілерге ғана жұмыс істеп тұр»,− деді ол. Қалай дегенменде украин халқы өзін мүддеге берік, намысқой халық екенін аңғартты. Сондықтан олар билік техникасының табанына тапталғанына қарамастан  талаптарын тыңдатпай, алаңнан қайтпайтындарын мәлімдеп отыр.

P.S.

Таяу күндерден бері Кедендік одақ Украинадан бұрын Ресейдің өзіне тиімсіз дегенді орыс экономистері сарапқа сала бастады. «Украина, - дейді сарапшылар, - Ресейден арзанға көгілдір отын алып оны Еуропаға сатуы мүмкін. Сөйтіп екі жеп биге шығуы ықтимал». Естеріңізге сала кетейік, Киевтегі саяси сипат алған қарбалас басталғанға дейін РФ президенті Путин Ресей нарығын Украинадан шыққан тауралар жауалап алғанын қынжыла айтып жүрген. «Украина Кедендік одақ құрамына қабылданса, біздің нарық алаңы украин кәспкерлерінің өніміне толып кетеді. Путин неге осыны ескермейді? Біздің билік өзге елдермен қарым-қатынас барысында экономикалық емес, саяси мүддені бірінші орынға қояды. Бұл – Ресей халқы үшін тиімсіз мүдде», - дейді орыстар.  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552