Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3666 0 пікір 27 Қаңтар, 2014 сағат 05:23

Бас мүфти: қажылық табыс көзіне айналмасын!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қажылар қауымдастығының өкілдерін және қажылық компания басшыларын ұлы сапарды табыс көзіне айналдырмауға шақырды.

ҚМДБ төрағасы мүфтиятта өткен басқосуда Қазақстан Қажылары қауымдастығына, фирма жетекшілеріне қажылық сапарын жетілдіру жұмыстарына қатысты бірнеше мәселені шешуге пәрмен берді. Атап айтсақ, біріншіден, қажыға баратын отандастырымызды жаппай сауаттандыру, оларға ағартушылық бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Екіншіден, жерлестерімізді Діни басқарманың діни әдебиеттерімен қамтамасыз ету. Үшіншіден, қажылықты табыс көзіне айналдырмау, керісінше, сауапқа кенелуді көздеу. Төртіншіден, қайырымдылық бағытта қаржылық мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қажылыққа тегін апару. Бесінші, халық арасында ұлық сапардың мәні мен маңызын түсіндіру үшін арнайы кездесулер, фильмдер, бейнероликтер шығару.

«Қажылықты насихаттау жұмысы жанданса, халқымыз Алланың үйі – Қағбаға баруға ықылас танытады. Қажылық – теңдессіз сауапқа кенелетін сапар. Сондықтан бұған аса жауапкершілікпен қарауымыз керек. Иман жолына түсе алмай жүрген қаншама бауырларымыз қажылықтан кейін жаңа өмір бастайды. Мінезі түзеліп, иманы артады. Біз осыған мән беруіміз тиіс. Қажылық табыс табу емес, ол сауапқа бөлену. Осыны ойлайық», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Қазақстан қажылар қауымдастығының өкілдері Бас мүфтидің бұл бастамасын қолдайтынын жеткізді. Бұл игі іс-шаралар ҚМДБ Қажылық бөлімімен бірлесе атқарылатын болады.

Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,

ҚМДБ баспасөз хатшысы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566