Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 5071 0 пікір 29 Қаңтар, 2014 сағат 08:53

Бейсен Ахметұлы. Қытайлар Африкада – құл, Қазақстанда – қожайын

Қытай үшін жемқорлық жайлаған ел  –  ең қолайлы ел

 Құмырсқаның илеуіндей құжынаған қалың қытайдың қорқынышы Азия, Еуропаны аттап, Африкаға да жетті. Прақорлық пен жемқорлық – Қытайдың жымысқы саясатының  бір бөлегі екенін төрт құрлықтың газеттері жарыса жазуда.  Ұлы бабамыз Күлтегін, Тоныкөк қағандарымыздан қалған өсиетте: «Шығыста Табығаш деген халық бар. Күллі түркілердің жауы, содан сақтаныңдар! Себебі олар адамды мақтамен бауыздайды» - деген екен. Қазір қытайлар бізді ақшамен де мақтамен де бауыздап кетіп жатыр. Парақорлық – қытайдың  тарихи қалыптасқан дүние танымы деуге де болады. Тарихта сандаған экономикалық және әлеуметтік жағдайды бастан кешірген қытай үкіметінің шет мемлекеттерге қарата көзқарасы мен қытай азаматтарының құн көзқарасын барған сайын күрделендірді. Қытай үкіметі үшін керегі сыймай жатқан адамын таратып, қысымнан құтылу, халқына жұмыс, байлық табу мүмкіндік ашу. Ал қытайлар үшін керегі тек қана ақша.

Қытай үшін жемқорлық жайлаған ел  –  ең қолайлы ел

 Құмырсқаның илеуіндей құжынаған қалың қытайдың қорқынышы Азия, Еуропаны аттап, Африкаға да жетті. Прақорлық пен жемқорлық – Қытайдың жымысқы саясатының  бір бөлегі екенін төрт құрлықтың газеттері жарыса жазуда.  Ұлы бабамыз Күлтегін, Тоныкөк қағандарымыздан қалған өсиетте: «Шығыста Табығаш деген халық бар. Күллі түркілердің жауы, содан сақтаныңдар! Себебі олар адамды мақтамен бауыздайды» - деген екен. Қазір қытайлар бізді ақшамен де мақтамен де бауыздап кетіп жатыр. Парақорлық – қытайдың  тарихи қалыптасқан дүние танымы деуге де болады. Тарихта сандаған экономикалық және әлеуметтік жағдайды бастан кешірген қытай үкіметінің шет мемлекеттерге қарата көзқарасы мен қытай азаматтарының құн көзқарасын барған сайын күрделендірді. Қытай үкіметі үшін керегі сыймай жатқан адамын таратып, қысымнан құтылу, халқына жұмыс, байлық табу мүмкіндік ашу. Ал қытайлар үшін керегі тек қана ақша.

 2000-2010 жылдар аралығындағы АҚШ пен Батыс елдеріндегі экономикалық күйзелісті сәтті пайдаланған қытайлар көптеген жерлер мен нысандарды, зауыттарды сатып алып үлгірді.  Сөйтіп әлемдік экономикалық дағдарыс қытайдың пайдасына шешілді.  Алайда, АҚШ  әр штатта қытайдың экономикалық және миграциялық экспанциясына қарсы қаулылар қабылдап үлгірді.

Сонымен АҚШ пен Батыстан тұмсығы тасқа тиген қытайлар экономикалық-миграциялық саясатты қара құрлыққа бұрды.  Төраға Ши Жинпиң ең алғашқы мемлекеттік сапарын Ресейден бастап, Африка елдеріне аттанғандығы соның белгісі еді.

2013 жылдың басында Пәкстанның Гвадар портын (Ормуз бұғазына жақын) Қытайдың мемлекеттік компаниясына тапсырып алды. Қытай әлемнің әр түкпіріне мұнай тасымалданатын Ормуз бұғазына таяу орналасқан бұл портты дамытуға 100 миллион АҚШ долларынан астам қаржы салған еді. Сонымен қоймай Қытай Шириланка мен Танзаниядан да бір-бір портты осылайша өткізіп алған болатын. Осылайша қара қытай қара құрлыққа ағыла бастады.

 

Африка: «Қытайлар – африканы жаулауға келген жаңа отаршылар»

Қара құрлыққа қытай үкіметі ақшаны аямай төкті. Мемлекеттік мекемелерден тартып, әлеуметтік нысандарға дейін жалғасты. Өкініштісі қытайдың бұл саясаты да тарихи қалыптасқан парақорлықтың шеңберінен аса алмады.

Жуықта Қытайдың «Қытай көне хабарлар газетінде» Чен Шымейд атты автордың  «Африкалықтар қытайды неге жек көреді?» атты мақаласы басылды. Мақалада автор өзінің досы Лю Жыроңның Африканы аралау, жұмыс істеу барысындағы естеліктерін мысалға келтірген. Лю мырзаның айтуынша, Африканың қытайларды жек көруі қытайлардың өздерінің моральсіздіктерінен екен.  

 

Қытайша тәкаппарлық –қытайдың соры болды

Қытайлар Африканы өздеріне борыштар сезінеді, яғни Африка елдеріне жасаған азды-көпті көмектерінің бодауын қайтару керек деп санайды.  Ал Батыс елдерінің Африканы боданда ұстағанын ескеріп,  Батыстың  құлдығынан құтылғандықтан Батыс елдеріне байланысты өшпенділігі бар деп қарайды. Ал қытайлар өздерін африкалықтарға көмектесіп келеміз деп есептейді. Өкініштісі африкалықтар ақ нәсілділерді бірінші санатты, африкалықтарды екінші санатты, ал қытайларды ең төмен санатты нәсілге жатқызады екен.

Қытайлар басқа халықтардың діни сенімдері мен тұрмыс-салтына немқұрайлықпен қарап, өздерін олардың көзін ашушы, оларды бағушы, қожайыны  санап, жергілікті «құлдарды» құлдық түзіммен басқарғысы келеді, әрі барынша солай істейді. Міне бұл – жергілікті халықтың ашуын туғызуда.

Қытайлар өлермен еңбекшілдігі, көнбістігі мен төзімділігі арқасында дамудың қарқынды сатысын бастан өткізді. Деседе рухани жақтан тоқырау мен әлеуметтік жағыдайдың қиындығы, ата-бабаларынан келе жатқан залымдықтары мен кекшілдіктері себебінен қалыптасқан моральдік құлдырау – қытайдың әлем алдындағы беделіне дақ түсірді. Күллі қоғамды қытайдан сақтануға жетеледі.

 

Жемқорлық пен залымдық

Себебі, қытай билігі және қызмет бабымен Африкаға барған қытайлар жергілікті жердің билігі мен басшыларына қарата аталмыш «ақша арқылы ауыздықтау» саясатын қолданды. Ақша болса болды бәрі шешіледі» - деген қортық түсініктерін негізге алды. Тіптен жергілікті билікті жемқорлыққа бет бұруға итермеледі. Жемқорлық жайлаған елде орналасу, кен ашып баю, заңсыздықтан құтылу оңай деп санады. Осының бәрі жергілікті халықтың қытайға деген наразылығын тудырды, өшіктірді, жек көрнішті етті. Сонымен қытай Африканың қарсы алмайтын тұрғындарына айналды. Оның үстіне Батыс ақпарат құралдарынан естілген қытай туралы жағымсыз ақпараттар «Қытайларды Африканы жаулауға келген жаңа отаршылар» деген қоғамдық пікір қалыптастырды.

Чен Шымей мырза мақаласында төмендегі дәлелдерді мысалға келтіріпті.

Қытайдың Африкаға берген көмегі шынында өте мол. Гананы мысалға алар болсақ, мемлекеттік театр, Афофи су құрылысы, шығыс Даңми райондық шипахана, әскери лагері қатарлы неше ондаған нысан салып берді. Жақында 3 миллиард долларлық қарыз сомасын тағы берді. Өкініштісі, Ганада сақшылардың тұтқындауынан қашып шыққан бір қытайлық жұмысшы ақпарат құралдарына былай деген еді:« Гана сақшылары бір ауыз сөз айтпастан, бұлап-талап, шатыр, машина жабыдықтарын өртеп жіберді,  куәлік, телефон, мал-мүліктердің барлығын алып кетті, жүрер кезде тау арасында жасырынып жатқан қытайлық жұмысшыларды автоматпен оқтың астына алды».
Гана – Африкадағы Оңтүстік Африкадан кейінгі алтын өндіретін екінші ірі ел. «Түстік қытай таңы газетінің» хабарына қарағанда, 2005-жылдан бастап 50 мыңнан астам қытай азаматы  Ганаға барып алтын қазумен шұғылданған. Осы алтын қазушылардың көп бөлігі қытайдағы ең кедей райондардан келген болып, қатерге басын бәй тігіп, жақсы тұрмыс пен ақша үшін келгендер.
Гана жирмасыншы ғасырдың 80-жылдарынан бастап, шағын көлемдегі алтын кендерін ашуды  шектеген болатын. Өкінішке орай қытай зымияндары оған мүмкіндік бермеді. Қытайлар әр алуан зымиян тәсілдері мен  жергілікті мансаптыларға пара беру арқылы, емін-еркін, кедергісіз, шағын көлемдегі алтын кендерін заңсыз ашты. Қытайлар жергілікті адамдар тарабынан сақшы мекемесіне алып барылғаннан кейін , сақшыға пара беріп, сақшы мекемесінен алшаңдай басып шығып кете береді.
 

Ақша үшін экологияны құрбан ету

Қытайлар ганалықтардың алдындағы асын тартып алып қана қоймай, жер-көктің  бәрін қорыс-қопа етіп қазып, химялық қоспалар арқылы алтын қорытып, көптеген егістіктер мен орман-тоғайларды, өзен-көлдерді, жер асты су қайнарларын уландырды. Жергілікті халықтың айтуынша:« қытайлар біздің болашағымызды ойрандап қана қоймай, біздің балаларымыздың да болашағын ойрандады». (http://www.21ccom.net/articles/qqsw/qqgc/article_2014011899229.html )

 

Жергілікті халықты кәсіптену орайынан айыру

Қытайлардың тағы бір жек көрінішті болу себебі: Африкаға жұмыс немесе саяхат визасымен барғаннан кейін, түрлі айла-шарғы арқылы сол елде қалып саудамен немесе басқа жұмыстармен шұғылданулары. Олар тұрмыс жағдайының қандай болуына қарамастан, көнбіс, шыдамды еңбекшіл болғандықтан кез-келген ел мен жерде өмір сүруге қабілетті. Осылайша базарды, еңбекті жаулай бастады. Жергілікті халықтың кәсіптену орайын түгелдей тартып алды. Тіптен 2011-жылы 5-қаңтарда Танзаняның Өнеркәсіп-сауда Министірілігінің орынбасары Лазаро Няланду астана Дарессаламдағы бір сәулетті сауда базарында сауда істеп жатқан қытайлық саудагерлерге 30 күн ішінде шекарадан шығып кетуін қатаң ескертті. Өйткені бұл саудагерлер қаржы қосу деген атпен Танзаняға келіп, «ер-әйел дүкендерін» ашып , жергілікті тұрғындардың кәсіптену орайын түгел жаулап алған. Ашуға булыққан бұл министр:«Үкіметіміз қаржы қосу салауатымен елімізге келген шетелдіктердің ең соңында ұсақ алыпсатар немесе кебіс жалдаушыға айналуына мүлде немқұрайды қарамауы керек, онсызда мұндай қызметтерді жергілікті тұрғындар  істеп кете алады», - деді. Ол тағы да ескерту беріп: «кейбір адамдар елімізбен қарым-қатынасы өте тығыз елдерден келгенімен заң алдында барлық адам тең. Бұл жағынан ешкімді де бетің-жүзің демеу керек», -деген.
Сонымен Африканың бір бөлім елдері қытай жұмысшыларына қарата қатаң шектеу бұйрығын шығарды.

 2010-жылы Оңтүстік Африканың « The Sunday Times» гәзетінің 14-күнгі санында, Оңтүстік Африка Республикасының сақшылары Кейптаун мен Дыбаннан 16 қытайлық жұмысшыны тұтқындап, сот үкімі арқылы шекарадан шығарған.  Аталаған газеттің әшкерелеуінше, қытайдың осы елдегі бір телеграф серіктігі әр айда неше жүз заңсыз жұмысшыны шекарадан кіргізеді екен. Тексерілген қытайлық 350 жұмысшының еңбек істеу визасынан мәселе байқалған. Бұл еңбек істеу визасында жемқорлық әрекеттер бар болып, көптеген инженерлер мен жоғары дәрежелі басқарушылар үш айлық саяхат паспорты мен шекарадан кірген.

 

Гуманитарлық көмектің жемқорлықтың жеміне айналуы

Чен мырзаның айтуынша, Қытайдың Африка елдеріне берген көмек формасы дұрыс емес. Әдетте қытайлар көмекті қарапайым халыққа емес, билікке береді. Бұл көмек беру тәсілі биліктің жемқорылққа жол беруіне себеп болып, халықты көмектен қағады. Осылайша қытайлар мен жергілікті үкімет билігі бірлесе отырып жемқорлықтың батпағына батады.  Ал АҚШ бастаған Батыс елдері жергілікті биліктің жемқорлыққа жол беруінен алаңдап, көмекті қоғамдық ұйымдар арқылы тікелей халыққа азық-түлік, киім-кешек ретінде жеткізіп отырады. Осылайша Батыс елдерінің азық-түлігі мен киіміне қарық болған қарапайым жұрт Батыс елдерін ұнатады. Ал қытайлар сол жемқор билікпен бірге жексұрын болып қала береді.

 

Қытайлар Африкада құлдыққа жегілсе, Қазақстанға келіп қожайынға айналуда

Қазақстандағы компанияларда жұмыс істейтін  қытайлардың жалақысы  қазақтардан 4-10 есеге дейін жоғары дегенге африкалықтар сенбейтін болу керек. Ал Африкада қытай жұмысшылары жергілікті жұрттан жалақыны ең аз дегенде 12 есе аз алады.  Сонда қазақтардың құны көк тиынға татымай ма?

Оңтүстік Африканың Үкімет мәнсаптысы Патрик Грауннің айтуынша, қытайдан арзан еңбеккүшін әкелудің өзі «заңсыз адам саудасын істеумен» барабар. Оңтүстік Африканың сақшы тарауларының тексеруіне негізделгенде, Оңтүстік Африкадағы қытайлық еңбекшілердің айлық еңбек ақысы әрең 2500 ранд болса, жергілікті жалданбалы еңбекшілердің айлық еңбек ақысы 30 000 рандттан төмен емес, сонда жергілікті жалданбалы қызметкердің еңбек ақысы он екі қытайлық еңбекшінің  еңбек ақысына тең деген сөз.  Міне бұл  2010-жылы Оңтүстік Африканың « The Sunday Times» гәзетінде жарияланған хабар.  Қытайлар ақша үшін өз қытайларын да аямайды. Ал біздің Қазақстанда бұл керісінше болып тұр.

Африка елдері қаншама кедей саналғанмен заңнамалық жүйесі әлде қайда кемелді: жергілікті халықтың мүддесін басқалардың таптауына бермейді. Ал бізде бәрі керісінше. Кез келген келімсек әлсіз заңды пайдаланып, жемқор мәнсаптыларды сатып алып қазақтың қан-терін сорып жатыр. Қазір қытай мұнай-газ компанияларындағы қытайлардың жалақысы қазақтардан бірнеше есе жоғары. Оның үстіне сол Африкадан қуылған қытайлардың Ақтөбе мен Ақтауда жүргендерін 2012 жылы қарашада өз көзіммен көрген едім. Қытайдың Ақтаудағы мұнай бұрғылау компанияларында бірнеше қытай Африка мен Пәкстанда болғандықтарын жыр етіп айтатын. Сол Африкадан қуылғандар қазаққа келіп құтырып жүрген жоқ па? Қазақтың байлығын сорып қана қоймай, қыздарын қатын, ұлдарын отын етуде. Ал қойдан қоңыр – жуас қазақ қытайдың арам ақшасына құныққан сатқындардың құрбанына айналып отыр.

 

Бір қазаққа кеткен өшін екінші қазақтан қайтарады

Қытайлардың кекшілдігі туралы айтылар әңгіме көп. Атасынан аманат болып келе жатқан кегін бір ғасырдан соң болса да олар қайтаруды парыз санайды. Мысалы6 кеше ғана «Шалқар» ғаламторында қытайға тиген Алма атты алматылық қыздың 2 баласымен қаңғып қалғаны туралы мақала басылды. Ал әлгі байшыкеш қытай азаматы Алматыдағы үкімет мәнсаптыларын ақшаға сатып алып, ақшасы мен үйіді де қазақ әйелі мен баласына қалтырмай ажырасып кеткен. Қаңғып қалған қазақ қызының мұңын тыңдайтын алматылық азаматтар жоқ сыңайлы...( http://suhbat.xalhar.net/forum.php?mod=viewthread&tid=128936 )

Мақаланың ұзын ырғасына қарағанда, бұл әйлдің бұрыңғы жігіті осы қытайдың біраз ақшасын жымқырып кеткен, залым қытай ақыры қызды алдап қолға түсіріп, одан 1 бала сүйген, екінші баласына жүкті болғанда ажырасу талабын беріп, соттарды сатып алып, ың-жыңсыз ажырасып үлгірген. Тағы бір арамдығы бұл қытайдың қытайда әйелі, бала-шағасы болыпты. Осылайша бір қазаққа кеткен кегін бір қазақтан қайтарған. Ал сатқын соттар мен мемлекет мәнсаптылары  атасынан қалған аманатты орындағандай болып алшаңдап жүр...

Демек, қытайлар үшін өздерінен «ұлы» халық жоқ. Дін мен қорқыныштан бір жола құтылған атеист қытайлар үшін тек ақша табу мен билік ғана бұл өмірдің мәні есептелмек. Ақша мен пайдаға кенелетін кез келген іске жан сала кірісетін қытайлар адамгершілік пен обал-сауапты, ұлы табиғатты, тіптен жеке мүдделері үшін бір ұлтты-мемлекетті құрбаныққа шалуға бар.  Қытайлар басқа халықтардың діни сенімдері мен тұрмыс-салтына немқұрайлықпен қарап, өздерін олардың көзін ашушы, оларды бағушы, қожайыны  санап, жергілікті «құлдарды» құлдық түзіммен басқарғысы келеді, әрі барынша солай істейді. Міне, мұны, біздің Қазақстан да бастан кешіруде. Кезінде Ақтөбеде қытай ән ұранын таң ата шырқаған қазақтар енді сол қытайлардың «жуас құлдарына» айналды. Қазір қытай ән ұраны айтылмағанмен қытайдың алдында тапталған ұлт намысы мен байлығы әлі сол күйінде қалуда.

Ал біздің билікте отырған жемқор мәнсаптылар  келімсектер үшін әсіресе «айласы  алпыс қатынға жүк болған» қытайлар үшін оңай шағылатын жаңғаққа айналған. Кім көрінген келіп пайдаланып кететін жалпақ шешейдің күнін кешуде.

Ендеше, заңды кемелдендіріп, келімсектерге кіріптар болудан құтылуға талпынуымыз керек, ағайын!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560