Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4348 0 пікір 28 Қаңтар, 2014 сағат 06:26

Поэзия падишасы Мәңгі әлемге аттанды

Егемен ел болғалы талай ұлыларымыз бен ұлықтарымыздан біртіндеп айырылудамыз. Өмір заңы – қашып құтыла алмаймыз.

Дегенмен, әр тұлғаның орны бөлек. Фариза Оңғарсынқызы  сондай бітімі ерек тұлғаның бірі. Ол қазақ әдебиетіне өжет те нәзік жандар толқынын ала келді. Өмірдің күйбеңінен бас тартты, өлеңге ғұмырын арнады. Халқымыздың тарихында ұлтшыл қыздар шоғырының жаңа заманғы буынын бастады. Содан да болар Алтайдан Атырауға, Сібірден Қаратауға дейінгі апайтөс даламыздың халқы бұл жолы өзгеше аза тұтты.
Мұны Фариза апамыздың жаназасына 5 мыңдай адам жиналған қаралы жиында астана әкімі Иманғали Нұрғалиұлы тебіреніспен атап өтті.  Аумағы атшаптырым Көрме сарайына жиналған адам тізбегі ақынмен қоштасу рәсімінде толассыз 2 сағат бойы өтті.

Өңірден келген зиялы топтар, бірін бірі сағына көріскен алаштың жайсаңы мен жақсылары, ақынмен бірге бірін бірі аялап жатқандай болды...

Ақын апаның құрдасы,сырласы, Халық жазушысы Әбіш Кекілбай ақын азасы қазақ даласынан асып, электрон кеңіске де ұласқанын айтты.
Қаралы жиында сөз алған академик ақсақал Кенжеғали Сағадиев ақын қайтардан 4 күн бұрын үйіне барғанда, құрбысымен емен-жарқын күліп,  әңгімелесіп отырғанын, ақынның бұл ғұмырындағы әр сәтін адамға лайық  сүріп, ажалды қасқайып қарсы алған рухының мықтылығына деген таңқалысын жасырмады. Фариза Оңғарсынованы белгілі ақын Серік Тұрғынбеков азалы өлеңімен жоқтап, зал толы жұртты тағы бір толқытты...

Қабірге қарай жылжыған автобус пен жеңіл көлікте есеп жоқ. Қабанбай батыр баба жатқан Сарыбел қорымында орналасқан ұлттық пантеонға халқы ақын қызын арулап жерледі.

Бақыл бол, ақын апа! Топырақ торқа болғай! Тіріңде өлеңнен рух өрдің, енді халқыңа Жаратқанның шапағатын сыйлаушы, жеткізуші болғайсың!

Abai.kz

Бауыржан Жақып. ТҰЛА  БОЙЫ ШУАҚ ПЕН МЕЙІРІМ ЕДІ...

(Фариза  Апай  рухына)

Тірлігінде ел-жұртын дән-риза етті,

Өмірін өлеңге арнап Фариза өтті.

«Шілдені» оқып тебіренген жүректерді,

Суыт қайғы қаңтарда қари жетті.

Шын ақынның киесі бар екенін,

Аққан уақыт біздерге тағы үйретті.

Жақсыларға жан сырын ақтаратын,

Күлімсіреп, жақындап тоқталатын.

Жастар көрсе, Шуақ пен Мейірім еді,

Жақтырмаған адамы жоқ болатын.

Жанарлары Апайдың от болатын,

Көрген сайын жүрекке шоқ қонатын.

Өтті өмірден, қыранның қанатындай,

Дүр сілкініп, қабағын қаққан ақын.

«Неге ерте кетті!»– деп ал, қой сұрақ,

Іздесек те таппаймыз ондай Шуақ.

Ешкімменен Ешқашан толмайтындай,

Енді оның орыны қалды ойсырап.

Өмір деген осы екен бір-ақ күнгі,

Атырауың толқыннан жыр лақтырды.

Астанаңда қойғанда жер қойнына,

Алматыңның аспаны жылап тұрды.

...Тірлігіңде бермедің қуат кімге?!

Өлеңіңмен төкпедің шуақ кімге?!

Бүкіл қазақ даласын ақ қар басып,

Апай, орның білінді-ау бір-ақ күнде!...

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560