Алматы: 32 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды
Алматының Экономика басқармасы тұрғындардың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.
Биыл маусым айында жылдық инфляция мамырдағы 9%-дан 8,4%-ға дейін баяулады. Бұл азық-түлік тауарлары бағасының 7,7%-ға және азық-түлік емес тауарлар бағасының 5,6%-ға дейін төмендеуі есебінен болды. 2024 жылы жылдық инфляция одан әрі 7-7,5%-ға дейін баяулайды деп болжанып отыр.
Биыл бірінші тоқсанда номиналды ақшалай кіріс орта есеппен әрбір алматылыққа 22,9% өсіп, 287 мың теңгеге жетті. Нақты мәнде өсім 11,9%.
Орташа айлық жалақы 454 мың теңге болып, номиналды мәнде жалақы 16,4%, нақты мәнде 6% өсті.
Тұрақты жұмыс орындарын құруға баса назар аударылып отыр. 32,7 мың жұмыс орны құрылды, оның 75%-ы тұрақты. Осылайша, жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендеді.
Ал биыл 6 айда Алматыда негізгі капиталға 715 млрд теңге инвестиция тартылды. Өсім 15,8%. Жеке инвестиция 21,1% өсіп, 656,4 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.
Әсіресе, инвестиция IT-сектор (3,8 есе өсу), туризм (2,5 есе), өңдеуші өнеркәсіп (2 есе), денсаулық сақтау (2 есе) және көлік саласында (+47,1%) байқалған.
2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 10% өсіп, нақты өсім 2 трлн теңгеден астам сомаға бағаланды.
Abai.kz