Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4701 0 пікір 29 Қаңтар, 2014 сағат 06:44

Абай болыңыз, алаяқ!

...Түтіндеп барып от жанады, жарқылдап барып күн жауады. Қайта-қайта айта берсек түтініміздің түзу шығуына селбесі тиер деген желеумен қылмыстылық тақырыбына қайта бір айналып соққымыз келді. Атам қазақ «екі кісі күнәкер болса, бір кісі дәнекер» демей ме, дәнекерлікте титімдей үлесіміз болса, нұр үстіне нұр. Заң тілімен айтқанда – әрекетсіздіктің өзі қылмыс. Қоғамымызда етек алған алаяқтықтан қалайша қорғану керек?

Пластикалық карта төңірегіндегі қауіпсіздік

Пластикалық картаға қатысты алаяқтықтан қорғанудың жалғыз амалы – кәдімгі қауіпсіздік ережені ұстану. Банк қызметкерлері өз клиенттеріне пластикалық картаға мұқият болуын қадап айтып, оны өзге адамға берме, қараусыз қалдырма, пин-кодты кез келген жерге жазба, әсіресе пластикалық картаның өзіне жазбаңдар деп қиғылық сала өтініп,  пин-кодыңды ешкімге жария етіп айта көрме деп жатады. Құлақ асып жатқан кім бар? Әсілі, картаны импритер арқылы өткізгенде (электрондық төлем жасайтын аппарат) осы үдерісті адамның өзі байқап тұрғаны абзал. Өйткені алаяқ төлем жүргізілген 1-2 минут ішінде-ақ карта иесінің назарын басқа жаққа аударуға ұмтылып, картаның магнит жолағынан бүкіл мәліметтерді, есептегі соманың көлемін көшіріп алуы бек мүмкін. Төлем түбіртектерін міндетті түрде сақтаған дұрыс дейді мамандар.

Айналым-шығындарды күнделікті тексеріп отырса құба-құп, күрт азайып кетсе, із суытпай банкіге шағымданған жөн, өйткені банк, өз кезегінде, ішкі қауіпсіздікті қадағалайтын төлем жүйесіне шағымданып үлгеруі тиіс. Банк қауіпсіздігінің мамандары төлем картасын жоғалтқан, ұрлатқан уақытта тез хабарлауыңды талап ететіні тегін емес. Қылмысты тергеуді апта кейін емес, із суытпай жүргізу әлдеқайда ұтымды емес пе?

Картаны сақтандыру мүмкін бе?

Кейбір банкілер пластикалық картаны жоғалтқан кезде, алаяқтардан қорғану мақсатында сақтандыру қызметін ұсынып әлек. Банк қызметкерлерінің айтуынша, клиенттер бұған асығатын емес, жайбасарлық танытып жүрген көрінеді. Мұның басты себебі, картаны жоғалтқан жағдайда жаңадан алар картаның құны сақтандырудан көп болмаса керек.

Алаяқтарға не қауіпті?

Бір өтірікті бүркеуге он өтірік керек. Міне, осы түсінікті ұйымдасқан қылмыстық топтар басты қару етіп алған. Қылмыстық кодексте (177-бап) „алаяқтық – бөтен мүлікті ұрлау немесе сенімге қиянат жасау арқылы мүлікті алдап алу“ дегенге саяды. Кейінгі жылдарда алаяқтық қарқынының тұрақты түрде өсуі байқалады. Қазақстан республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің мәліметтеріне жүгінсек, жыл сайын алаяқтық жасаудың бес мыңдай оқиғасы тіркеледі екен.

Қолданыстағы қылмыс туралы заңымыз алаяқтық ұғымын анықтай келе, қоғамдық қауіптілігі неғұрлым жоғары екендігін айғақтап, осы қылмыс үшін бас бостандығынан айыру мерзімі – 5 жыл көзделген.

Қазірде әркім өз құқығын білгені абзал. Құқықтық қоғамның қажет ететіні осы. Ал адам мен азаматтың құқықтарына қатысты мәселелерді шешетін құқық қорғау, соның ішінде ішкі істер органдары. Құқықтық насихат, құқықтық мәдениет мәселелері қазіргі күні буы бұрқырап тұрған өзекті мәселе айналып отыр. Біз қазіргі күні азаматтардың құқықтық санасын, оның ішінде заңгерлік сауаттылықты арттыру жөніндегі жұмыстарға зәруміз. Құқықтық насихаттың сапасын арттыру, заңнаманы және құқықты қолдану бойынша азаматтардың күнделікті өмірінде жиі кездесетін қомақты мәселенің бір парасы орын алған жәйттар бойынша ішкі істер органдарының кезекші бөліміне хабарласу. Әрбір ішкі істер бөліміндегі жедел кезекшінің әрекеті қандай болмақ? Халық үшін жадынама ретінде ұсынатынымыз – жедел кезекшінің әрекеті және учаскелік полиция инспекторы әрекеттері. Мәселен, жедел кезекші:

- арыздарды ақпараттарды тіркеу кітабына тіркейді;

- басшылыққа хабарлайды;

- оқиға болған жерге полицияның кешенді күштерін жібереді;

- қылмыскерлердің белгілері, қай жаққа қашқаны және қылмыскерлер иемденген заттар туралы бағыттама береді;

- криминалдық полиция қызметкерлеріне хабарлайды;

- оқиға болған орынға кезекшіліктегі тергеу тобын әрі басшылық атынан жауапты болып түсетін лауазымды адамды жібереді;

- жедел кезекші оқиға болған жерге сол аумақта қызмет атқаратын учаскелік полиция инспекторына хабарлап, соған жібереді;

- оқиға туралы лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің қызметкеріне хабарлайды;

- жедел кезекші оқиға орнына келген жедел тергеу тобымен осы қылмыс туралы толықтырулар мен қосымша ақпарат алу үшін тығыз байланыста болады;

- жедел басқару орталығының техникалық құралдарын қолдана отырып, мысалы: бейнекамералар арқылы қылмыскерлерді іздестіруді жүзеге асырады. такси қызметкерлерінің хабардар етеді.

учаскелік полиция инспекторы:

- оқиға болған жерге келгенде, бүкіл пәтерді аралап, олардың ішінен қылмыстың куәгерлерін анықтайды;

- осы аумақты тұратын өзінің профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды, мәселен, қылмыс жасаған үшін сотталғандарды, қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарды полиция бөліміне жеткізеді;

- лицензиялық рұқсат беру жүйесінде есепте тұрған газды тапаншалары бар адамдарды тұрғылықты мекен-жайынан тексереді;

- қылмыскерлер иемденіп кеткен заттар туралы әкімшілік учаскеде орналасқан ломбардтарды, зергерлік шеберханаларды хабардар етеді;

- қылмыс жасалған жерде қылмыскерлерді анықтау мақсатында сол жерде күнделікті қызмет ететін такси қызметкерлерін анықтайды;

- оқиға болған орыннан келген тергеу жедел тобынан, жедел кезекші осы қылмыс бойынша жиналған материалдардың толықтығын тексереді;

- полиция бөлімінің бастығына зерделеуге ұсынып және қол қойдырып материалды тергеу бөліміне әрі қарай тергеу әрекеттерін жүргізу үшін тапсырады.

«шымшык сойса да, касапшы сойсын» деген ғой. халық алдында беделі жоқ десе де, адамның құқығын қорған бірден бір орган осы. қаперге алып жүрген қайыл, ағайын.

Елеужан Серімов,

полиция полковнигі

Қарағанды қаласы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552