Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық-қанығы 1425 6 пікір 8 Тамыз, 2024 сағат 14:41

Қазақстанға Жапон премьері Кишида келе жатыр

Фото: Reuters

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

9 тамызда Астана қаласында «Орталық Азия + Жапония» Диалогының бірінші саммиті өтеді.

10 тамыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр. Ал бұл Ресей тарапы бұл жиыннан саяси астар іздеуде.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова Жапония Орталық Азияға келу арқылы Ресеймен байланыс жүйесіне нұқсан келтіріп жатқанын айтты.

«Жапонияның Орталық Азияға, мыңдаған шақырым қашықтықта ену әрекетінің артында біз экономикалық мүдде емес, Вашингтондағы әкімшілік деяминацияның директивалары айтқан экономикалық жүйеге нұқсан келтіру ниеті бар екені бірнеше рет айттық. Бұл осы  елдер мен Ресей Федерациясы арасындағы ондаған жылдар бойы қалыптасқан қарым-қатынастарға кедергі келтіру», - деп қосты ол.

Захарованың айтуынша (Орталық Азия елдері) Ресейге және Қытайға қарсы  батыстық «ережеге негізделген тәртіп» идеологиясына «тартылғысы» келеді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338