Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2024
Көкмұнар 1264 4 пікір 13 Тамыз, 2024 сағат 14:52

Петропавл атауы өзгере ме? Әкім не дейді?

Коллаж суреттері: qaz365.kz / ulysmedia.kz

«Өзекті емес»: Облыс әкімі Петропавл атауы өзгертілмейді деп жауап берді, деп жазады Qaz365.kz сайты. 

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласының атауын Қызылжар деп өзгерту туралы сұраққа жауап берді.

«Бүгінгі күні бұл өзекті мәселе емес деп ойлаймын. Өйткені, бізде абаттандыру, жылумен қамту, әлеуметтік салаға қатысты мәселелер күн өткен сайын көбейіп келеді. Петропавлдың атын өзгертуді күтуге болады, бірақ бұл саясатқа қатысы жоқ», - деді ол.

Әкім ең алдымен тұрғындардың пікірін ескеру керектігін атап өтті.

«Көпшілік атауды өзгертуді қолдаса, біз оны қарастырамыз», - деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Abai.kz

4 пікір