Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2799 0 пікір 5 Ақпан, 2014 сағат 11:30

«Экотаксидің» қазақтарды «ұрғаны» бар...

2009 жылдан бері қоғамдық көлік базарына кіріккен «Экотакси» былтырдан бастап жаңа қызмет көрсетуге кірісті. Қызметі аясы әзірге Астана мен Алматы қалаларын қамтуда. Көліктер қолайлы әрі экологиялық таза отынмен жүреді. Алайда, бұл ұйым қазақтілді азаматтарды менсінбей отыр, ұйымның сайтында қазақ тіліндегі парақша мүлдем жоқ. Қызмет көрсету тілдері - тек қана ағылшын және орыс тілдері.

Осылайша, «Экотакси» өз тұтынушыларын алалап, қазақтарды тілдік тұрғыдан кемсітушілікке ұшыратып отыр.

Ата заңның жетінші бабының  бірінші және екінші тармағында:

  1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi.
  2. Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады – делінген. Яғни, «Экотакси» мемлекеттік және жергiлiктi өзiн-өзi басқару ұйымы санатына жатпайтындықтан, компания тек қана қазақ тілі – мемлекеттік тілде қызмет көрсету тиіс. Тілге қатысты басқа заңнамалар ҚР Конституциясымен қатар келген жағдайда Конституция баптары мүлтіксіз орындалатынын компания басшылығы білсек керек.

Ендігі жерде азаматтарды бөлектеп, тілдік тұрғыдан құқықтарын бұзып отырған компания кемшілікті дереу түзетеді деген сенімдеміз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572