Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4290 0 пікір 7 Ақпан, 2014 сағат 07:15

ХХII қысқы Олимпиада ойындары басталды!

Бүгін Ресейдің Сочи қаласында ХХII қысқы Олимпиада ойындары басталмақ. Ақпанның 7-сі мен 23-і аралығында әлемнің 88 елінен келген 2800 спортшы (паралимпиада спортшыларын қосқанда 3500) қысқы спорттың 15 түрінен, 98 медаль  жиынтығын сарапқа салатын болады.

     Алғашқы қысқы олимпиада ойындары 1924 жылы Франсияның Шамони қаласында ұйымдастырылған болса, әлемнің әр түкпірінде өткізілген қысқы олимпиада ойындардың саны бүгінгі күнге дейін 21-ге жеткен. Ал Ресейде қысқы оимпиада ойындары алғаш рет өткелі отыр.

    Сочи мен елдің өзге де қалаларында қысқы Олимпиада ойындарына тура 1000 күн қалғанда жарысқа қанша күн, сағат, минут, секунд қалғандығын көрсетіп тұратын  хронометрлер іске қосылған. Бүгін сол сағаттар соңғы секундтарды санауда.

   Биылғы Сочи Олимпиадасына еліміздің атынан барған делегацияда құрамында 102 адам бар. Қатарында  50 спортшы, 31 жаттықтырушы, 6 дәрігер мен массажист, команда  штабындағы 5 адам, 5 тілші және тағы 5 жеке тұлға бар.  Қазақстан құрамасы өздеріне артылған сенімді ақтап, командалық топта үздіктердің қатарынан көрінуді мақсат етіп отыр.  

Бүгін Ресейдің Сочи қаласында ХХII қысқы Олимпиада ойындары басталмақ. Ақпанның 7-сі мен 23-і аралығында әлемнің 88 елінен келген 2800 спортшы (паралимпиада спортшыларын қосқанда 3500) қысқы спорттың 15 түрінен, 98 медаль  жиынтығын сарапқа салатын болады.

     Алғашқы қысқы олимпиада ойындары 1924 жылы Франсияның Шамони қаласында ұйымдастырылған болса, әлемнің әр түкпірінде өткізілген қысқы олимпиада ойындардың саны бүгінгі күнге дейін 21-ге жеткен. Ал Ресейде қысқы оимпиада ойындары алғаш рет өткелі отыр.

    Сочи мен елдің өзге де қалаларында қысқы Олимпиада ойындарына тура 1000 күн қалғанда жарысқа қанша күн, сағат, минут, секунд қалғандығын көрсетіп тұратын  хронометрлер іске қосылған. Бүгін сол сағаттар соңғы секундтарды санауда.

   Биылғы Сочи Олимпиадасына еліміздің атынан барған делегацияда құрамында 102 адам бар. Қатарында  50 спортшы, 31 жаттықтырушы, 6 дәрігер мен массажист, команда  штабындағы 5 адам, 5 тілші және тағы 5 жеке тұлға бар.  Қазақстан құрамасы өздеріне артылған сенімді ақтап, командалық топта үздіктердің қатарынан көрінуді мақсат етіп отыр.  

    Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Қазақстанның құрама командалары қысқы Олимпиада ойындарына осымен 6-шы рет жеке команда ретінде қатыспақ. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан спортшылары қысқы Олимпиада ойындарында 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль еншілеген. Ал осыдан төрт жыл бұрын Ванкуверде өткен  Олимпиадаға Қазақстаннан 8 спорт түрінен 37 спортшы барған болатын.

     Қазақстан құрамасы Сочиде жалпы 98 медаль топтамасының 53-ін сарапқа салуға қатысады. Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатында еліміздің Көк байрағын шаңғы жарысында өнер көрсететін спортшымыз Ердос Ахмадиев алып шығады. 4-ші ақпанда Олимпиада қалашығында Қазақстан Республикасының туын ресми түрде көтеру рәсімі өтті. Қазақстанның спорттық делегациясының  басшысы  болып – ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов бекітілді.

   Енді спорт түрлері бойынша Агенттік тарапынан  берілген мәліметтерге қарайық. Шаңғы жарысында – Ердос Ахмадиев, Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Марк Старостин, Евгений Величко, Сергей Черепанов, Денис Волотка, Роман Рогозин, Анастасия Слонова және Татьяна Осипова жүлделі орындарға таласады.

   Ал коньки тебу спортынан – Денис Кузин, Дмитрий Бабенко, Роман Креч, Александр Жигин, Федор Мезенцев және Екатерина Айдова бақтарын сынайды. Мәнерлеп сырғанауда – Абзал Рақымғалиев пен Денис Тен, шорт-тректе – Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Аслан Даумов пен Инна Симонова  өнер көрсетпек.  Ал фристайл бойынша 9 спортшыға сенім артамыз. Соның ішінде могул (шаңғы фристайлының бір түрі) бойынша – Дмитрий Рейхерд, Дмитрий Бармашов және Павел Колмаков, акробатикада – Сергей Берестовский пен Бағлан Інкәрбек. Әйелдер арасында могул бойынша Юлия Галышева мен Дарья Рыбалова, акробатикада – Жібек Арапбаева мен Жанбота Алдабергенова  ел намысын қорғайтын болады.

   Шана спортынан – Елизавета Аксенова, тау шаңғысынан – Игорь Закурдаев, Дмитрий Кошкин, Мартин Хубер және Екатерина Черепанова, тұғырдан шаңғымен секіруден – Алексей Пчелинцев, сноубордтан – Валерия Цой жеңіс туын желбіретуге күш салады.

  Және де биатлоннан 10 спортшы бақ сынайды. Ерлер бәсекесінде – Диас Кенешев, Ян Савицкий, Сергей Наумик, Антон Пантов, Александр Трифонов, әйелдер бәсекесінде – Елена Хрусталева, Марина Лебедева, Дарья Усанова, Алина Райкова и Галина Вишневская жеңісті қолдан бермеуге бекініп отыр.                                                             

     Жалпы, Олимпиада ойындарында топ жарған спортшыларымыз сый-сыяпаттан кенде қалмайтын тәрізді.  ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары  Елсияр Қанағатовтың  айтуына қарағанда Олимпиадада жеңімпаз болып танылған спортшы 250 мың АҚШ долларына ие болады. Екінші орын үшін – 150 мың, үшінші орынға – 75 мың АҚШ доллар беріледі. Сонымен қатар алтыншы орынға дейінгі көрсеткішке қол жеткізген спортшылар мен бапкерлері де сыйақыдан құр қалмайтыны белгілі болды.

    Жарыс болған соң жарқын жеңістер мен жеңілістер болатыны белгілі. Кімдердің оза шауып, жүлде алатынын сайыс барысында көрерміз. Дегенмен алдын-ала жорамал жасаушылар да жоқ емес. Мәселен, халықаралық «Infostrada» сараптама орталығының жорамалы бойынша Қазақстан Сочиде бір алтын, бір қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте 21-орын алуы ықтимал. Infostrada «алтынды шаңғышы Алексей Полторанин жекелей жарыста иеленеді, қола жүлдені Алексей Полторанин мен Николай Чебатько командалық жарыста алуы мүмкін» деп болжайды.

  Ресейлік «Спорт экспресс» газетінің сарапшылары Қазақстан екі алтын, бір қола алады деп топшылайды. Басылым «қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин 15 шақырымға классикалық жүгіру мен 50 шақырымдық жаппай стартта алтын алады» деген болжам жасап отыр. Ал 1000 метрге конькимен жүгіруден әлем чемпионы Денис Кузинге орыс журналистері «қола медаль» беріпті. Ал мәнерлеп сырғанаудан біз үміт артып отырған Денис Тен «Спорт экспресстің» ешбір болжамына енбеген.

    Sportsmyriad.com порталының болжамын айтсақ, Қазақстан кем дегенде екі медаль алады. Яғни, аламан бәйгеде қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин алтын медаль олжаласа, конькишіміз Денис Кузин қоржынға күміс жүлде салатын көрінеді. Бұл, әрине, болжам.

   Алайда, осы айтылған жайт жүзеге асар болса, Қазақстан  88 елдің ішінен үздік жиырмалықты түйіндеуге мүмкіндік алады. Дегенмен, біз, мәнерлеп сырғанаудың шебері Денис Тенге үкілі үмітімізді тағып отырмыз.  Ол алдын-ала болжам жасауда шетелдік мамандардың назарынан тыс қалғанымен, Сочиге тек жүлде үшін баратыны сөзсіз. Тіпті сол жүлденің алтын болуы да ғажап емес. Сондай-ақ, фристайлшыларымызға да жүлдеге ілігуге толық мүмкіндік бар. Демек, қысқы Олимпиаданы үздік он бес елдің қатарында аяқтауға да шамамыз толық жетеді.

   Қош, енді Олимпиада жайында бірер сөз қозғасақ. Жалпы, Ресей Олимпиада алауын ашық ғарыш кеңістігіне шығарған алғашқы ел ретінде есте қалды. Елдің  екі ғарышкері былтыр қарашаның 9-ында халықаралық ғарыш стансасынан ғарыш кеңістігіне шыққанда Олимпиада алауын бірге алып шықты. Ол сәтте алау тұтанған жоқ, себебі ғарыш кеңістігінде ауа жоқ болғандықтан, от жанбайды. Қауіпсіздік мақсатында ғарыш стансасының ішінде де алау жағылған жоқ. Бұған дейін тұтандырылып эстафеталық тәртіппен14 мың адамның қолынан өтіп, Ресейдің 83 аймағы мен автономды республикасын аралап келген Олимпиада алауы Сочиге бүгін жеткізілмек.

   Сочидегі ең басты мәселе – қауіпсіздік. Себебі  Сочиге жақын жатқан Кавказ жағы ең мазасыз аймақ болып саналады. Оның үстіне «Имарат Кавказ» қарулы тобының басшысы Доку Умаров ойындардың шырқын бұзуға әрекет ететіндіктерін айтып салған. Бұған дейін 2013 жылдың 29-желтоқсанында Ресейдің Волгоград қаласының вокзалында жарылыс болып, 17 адам қаза болды, 45 адам жараланды. Ертеңінде троллейбус жарылып, 14 адам қаза тауып, 15 адам зардап шекті.  Сондықтан Сочи Олимпиадасында  қауіпсіздікке баса мән беріліп, Ресей қауіпсіздік қызметінің қарамағындағы 100 мың сарбаз ойындар өткізілетін алаңдардағы  қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған. 

   Жалпы, Ресей Олимпиаданы өткізу құқына ие болған күннен бастап дайындық жұмыстарына қомақты қаржы салды. Бүгінде Сочи Олимпиадасына жұмсалған сома 51 миллиард АҚШ долларына жеткен. Оның басым бөлігі аймақтың инфроқұрылымы мен спорт нысандарына жұмсалғанын айта кетейік. Өйткені, Сочиде қысқы спорт түрлеріне арналған нысандардың болмауына байланысты барлық кешенді жаңадан салуға тура келді. Алдағы ойындарда спортшылар сайыстың 15 түрінен бақ сынайтыны белгілі. Жарыстар Олимпиадаға арналып салынған 11 спорт кешенінде өтеді. Оның 6-уы теңіз жағалауынан орын тепсе, 5 спорт нысаны тауда орналасқан.

   Сочидегі ойындарды өткізуде Coca-Cola,   Atos S.A., Dow General Electric,  McDonald’s,   Omega,   Chemical,   Panasonic,   Procter & Gamble,  Samsung,  VISA  дүниежүзілік олипиадалық серіктестер мен Аэрофлот, Bosco, МегаФон,  Российские железные дороги,  Роснефть, Ростелеком, Сбербанк  России,  Volkswagen Group Rus сияқты ұлттық серіктестері демеушілік етеді.

   «Сочи-2014» Олимпиадасы ресми сайтының мәліметінше, спортшыларға  тапсырылатын 1300 медаль дайындалған. Олимпиада ойындарының ең керемет әрі есте қаларлық сәттерінің бірі ол ашылу салтанаты екені белгілі. Яғни, бүгін жалауын желбірететін доданың ашылу салтанатына 3000 әртіс қатысып, олар бір мезетте үш сахнада түрлі қойылымдарын көрсетпек.

  Дүйім жұрт көз тіккен аталмыш додада жарысқа түсетін спортшылар соңғы жаттығуларын өткізіп, дайындықтарын пысықтап, дайын тұр. Кімнің бабы, кімнің бағы шабары уақыт еншісінде. Қазақ елінің спортшыларына сәттілік серік болып, жеңіс туын желбіретіп жанкүйерін қуанышқа бөлесе екен деп тілейміз.

Ерлан БАПАНОВ, «Президент және Халық» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570