Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2900 1 пікір 10 Ақпан, 2014 сағат 03:56

Руза ханымды тіл жорығындағы жеңісімен құттықтаймыз!

Суретте - Руза Бейсенбайтегі. Сурет "Азаттық" радиосынан алынды.

Керекулік қоғам белсендісі, қазақ тілінің шырылдаған жанашыры Руза Бейсенбайтегі «Цесна» банктің павлодарлық бөлімшесін сотқа беріп, ақыры өзінің туған тілі жолындағы шайқаста жеңіп шықты. Расында, бұл сотты «шайқас» демеуге болмайды: өз жерінде өлімшінің күйін кешкен қазақ тілінің мүддесі үшін өткен бұл тартыс 10 айға созылған еді.

Астана қаласының Саырарқа аудандық сотында қазақ тілін қорлаған банкке қарсы Руза түсірген шағым қазақ қызының пайдасына шешілді. Былтыр көктемде Руза «Цесна» банктің жергілікті бөлімшесінен салық төленгенін растайтын түбіртекті алғанда, аты-жөнінің қате жазылғанын аңғарады. Түбіртекте тұтынушының тегі мен хат мәтінінде қазақ әріптерінің орнына түсініксіз түрлі тыныс белгілері түскен екен. Тұтынушы банк қызметкерлеріне кемшілікті түзеу керектігін талап етеді. Алайда банк қазақ әріптерін оқитын бағдарламаның жоқтығын сылтауратып, банк клиентінің талабын орындамайды. Ескертуінен нәтиже шықпағасын, Руза Бейсенбайтегі ақыры сотқа жүгінуге мәжбүр болады.

«1997 жылы аты-жөнімді қазақ тілінде жазылған куәлікке ауыстырдым. Содан бастап әртүрлі кедергілерге кезігіп келемін. Не қазақ тілінде бағдарламалар жоқ, не барған жерлерімде фамилиямды қате жазып, келемеждеп қояды. Ал мына мәселе былтыр басталды. «Цесна» банктің Павлодардағы бөлімшесіне барып, жеке кәсіпкер ретінде салық төлемек болғам. Олар: «Біздің бағдарламамызда қазақша әріптер жоқ. Сондықтан басқа жерге барыңыз», – деп кеңес берді. Мен сол жолы салықты «Қазпоштаға» төлеуге келістім. Бірақ банк қызметкерлеріне үш айдан кейін келіп, тағы салық төлейтінімді ескертіп кеттім. Уәделі уақытта келгенімде, бағдарлама өзгертілмеген болып шықты», – депті Руза Azattyq.org интернет-сайтында.

Ескерте кетейік, Руза Бейсенбайтегі – біздің газетіміздің белсенді авторларының бірі. Керекудегі қазақ мәселесіне байланысты жан шырқыратар жағдайларды әлденеше рет жазып, республика қоғамдастығын құлағдар етіп жүрген Батыр қызымыз. Ол бүткіл елге байланысты өтетін қоғамдық жиындар мен құрылтайларға қатысып, өзінің азат ойын ашық айтып жүрген ел белсендісі.

Осы сотта ол Қазақстан президенті 2005 жылы бекіткен №550 қаулыда көрсетілгендей, «Әлеуметтік-коммуникативтік салаларда қызмет алдымен мемлекеттік тілде, содан кейін орыс тілінде көрсетілуі керек» деп жазылған талапқа сүйенгенін айтады. Осы мемлекеттік құжатта көрсетілген талаптың әрдайым орындала бермейтінін Руза бұған дейін де әлденеше рет көтерген еді. Мәселен, дәл осы мәселе бойынша ол 2011 жылы «Павлодар лифт» мекемесімен де соттасқан еді.

«Оның айтуынша, бұған дейін Павлодардағы мемлекеттік және қоғамдық мекемелерде қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап етіп, сотқа шағымданған ешкім болмаған. Руза Бейсенбайтегі адвокат Абзал Құспаннан заңдық көмек алып, сот процесін жеңіп шыққанын айтады. Оның сөзінше, «Павлодар лифт» жергілікті сот шешімінен кейін қазақ және орыс тілінде қызмет көрсететін болған», – дейді бұл орайда «Азаттық».

Иә, амал нешік, өз жеріңде, өз еліңде жүріп, өз тіліңді сот арқылы қорғаудың қорлығын да бастан кешуге тура келеді. Егер Рузаның бастамасымен әсіресе орыстар жиі қоныстанған шығыс, батыс және солтүстік аймақтардағы тіл жанашырлары қоғамдық науқан жүргізген болса, бұл өңірлердегі қазақ тілінің бейшара халі біраз оңалар ма еді?!

Қысқасы, банк өкілдері қатыспаған сот талқысында Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ләззат Баян бұл іске қатысты сырттай шешім шығарған екен. «Сот «Цесна Банк» АҚ-ы бағдарламаларын Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына сәйкестендіруді міндеттейді. Республикалық БАҚ арқылы Бейсенбайтегі Руза Зәйкенқызынан кешірім сұралсын. Моральдық залал келтіргені үшін «Цесна Банктен» 50 мың теңге өндірілсін. Сот шығыны ретінде 2597 теңге қайтарылсын және жол шығын ретінде 4 мың теңге өндірілсін», – деді судья сот отырысына нүкте қойған шешімінде.

Қуанышты ма, жоқ әлде өкінішті ме – ол жағын тілі омпырайған қазақ оқырман таразыласын: ал біз Руза ханымды тіл жорығындағы жеңісімен құттықтаймыз!

Түпнұсқадағы тақырып:  «Қазақ қызы өз тілінің мүддесін сотта қорғап шықты»

«Общественная позиция» (проект «DAT» № 05 (229) от 06 февраля 2014 г.

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570