Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
Ел іші... 1288 0 пікір 22 Тамыз, 2024 сағат 15:38

Маман пікірі: Біз үшін ең бастысы - кеншінің өмірі!

Сурет Ерболат Тәңірбергенұлының жеке мұрағатынан алынды

Қойнауы қазба байлыққа толы Абай облысында  Қаражыра, Жезкент, Ақтоғай сынды тау-кен өндіріс орындары тек осы өңірдің ғана емес, бүкіл еліміздің тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.

Кеншілер мерекесі қарсаңында Полюс Арсенал компаниясының басшыларының бірі Базарбаев Ерболат Тәңірбергенұлымен жолығысудың сәті түсті. Әңгіме осы кен орнының өміріге келу тарихы мен бүгінгі күніне қатысты өрбіді.

Сол себепті,  Ерболат Тәңірбергенұлының Жезкент жайында сөз еткен шежірелік баянын сол күйінде бермекпіз. КСРО кезінде Алтай экспедициясының бас геологы Леонид Иванович Панкуль Орлов өндірістік кешенінің тарихында үлкен үлес қосып,  XX ғасырдың 50-ші жылдары алғашқы руда өндіріле бастады. 1961 жылы Қазақ КСР-ның Мемлекеттік жоспарында Орлов кен орнын барынша кеңейту жұмыстары қолға алынған бағдарлама қабылданды.

Аталған кеніштің құрылысы 1964 жылы басталып, 1974 жылы ҚазКСР республиканың Түсті металлургия министрлігінің бұйрығымен Орлов комбинаты дербес кәсіпорын болып қалыптасты. Араға бір жыл салып, 1975 жылы кеншілердің өтініші бойынша Орлов кенініне «Жезкент» атауы берілді. Тап қазір түрлі компиялар істеп жүрген осындағы кәсіпорын – Жезкент тау-кен байыту комбинаты деп аталды.

Полюс Арсенал – Жезкент тау-кен байыту комбинатының бір күре тамыры болып табылады. Компания  2011 жылы 9 ақпанда өмірге келді. Содан бері өз кеншілік өмірін Жезкентпен байланыстырып келеді. Қазір Полюс Арсенал 200-ден аса адамға жұмыс тауып беріп отыр.

Полюс Арсенал жаңа технология мен кеншілер білімін көтеріп, кәсіби шеберлігін арттыруға ылғида зор көңіл бөледі. Басқа өңірден вахталық тәсілмен жұмыс істейтін кеншілер түгелдей жатақханамен қамтамыз етілген. Әрі тегін үш уақыттық тамақ уақытылы беріліп отырады. Ең бастысы, адам өмірін бәрінен жоғары қоятын Полюс Арсенал өндіріс қауіпсіздігін сақтауға жете ден қояды.

Базарбаев Ерболат Тәңірбергенұлы кенші болып 20 жылдай тер төгіп келеді. Осы еңбек өтелінің 6 жылы Полюс Арсеналмен тығыз байланысты. Біз осы облысымыздағы Жезкент, Ақтоғай сынды ірі өндіріс орындарындағы адал еңбегімен тер төгіп жүрген кеншілерді төл мерекесімен республика тұрғындары атынан құттықтаймыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2068