Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Экономика 8276 0 пікір 26 Тамыз, 2024 сағат 13:57

Үкімет: Бюджет кірісінің тапшылығы байқалады

Фото: zakon.kz

Қаржы министрлігі 2024 жылғы 1 тамызға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп жариялады.

Құжаттағы сандардан бюджет кірісінің алты айдағы жоспары 11,5 трлн теңге болғанымен, қазынаға түскені 10,2 трлн теңге екенін көруге болады. Яғни, бюджет кірісінің тапшылығы 1.29 трлн теңге болған.

Жоспардың орындалмауына салық түсімдерінің ойдағыдай болмауы қатты әсер еткен – 7,75 трлн теңгенің орнына 6,06 трлн теңге кірген. Яғни, салық түсімдерінің тапшылығы 1,69 трлн теңгеге дейін жеткен. Алайда мемлекет меншігіндегі активтердің кірісі, бюджет кредиттерінің сыйақысы сияқты салықтық емес табыстар артығымен орындалған – 120,6 млрд теңгенің орнына 876,8 млрд теңге түскен.

Ал Ұлттық қордан алынуы керек болған 3,4 трл теңгенің орнына 2,9 трлн теңге игерілген.

Осының бәрі бюджет шығысының да толық орындалмауына әсер етсе керек – 13,6 трлн теңгенің орнына 12,9 трлн жұмсалған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2025