Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2834 0 пікір 14 Ақпан, 2014 сағат 04:49

Жұмаш Көкбөрі. Кері кетуіміздің он бір көрінісі

Ұлттық теңгенің құнсыздануы – Қазақстан халқын бір-ақ күнде қайыршы күйге түсірді.  Өз басым мына биліктің  бұл қадамын қасақана жасалған қастандық деп санаймын. Себебі ме, себебі, бұл билік – Қазақ Елі өзінің тәуелсіздігін алған күннен бастап: «біз орекеңдерсіз күн көре алмаймыз, солармен мәңгі бірге болуымыз керек» деумен келе жатқаны естеріңізде шығар?..

Ең алғаш рет ұлттық валютамыздағы Қазақ Ұлылыларының бейнелері алынып тасталып, оның орнына қайыр сұраған алақан салынды. Бұны – бір деңіз!

Екінші, Қазақ жеріндегі Ресей әскери полигондары  мұрттары бұзылмастан, сол күйінде сақталды. Байқоңыр ғарыш айлағы -  Ресейдің басыбайлы меншігіне айналғалы қашан?! Байқоңырдың олардың басыбайлы жері екенін білдіріп, таяуда тағы бір орысқұл Т.Мұсбаев «біз орыстармен мәңгі бірміз...» деп, өз аузымен айтты емес пе?..

Үшінші, жасанды тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап, орыс тілі - бодандықта жүрген кезіміздегіден де жоғары беделге ие болды, оған мемлекеттік тілмен бірдей «ресми тіл» деген өкілеттілік берілді. Биліктің барлық сатысы - ресми ісқағаздарын, ресми жоғары деңгейдегі барлық келісім-шарттарын осы ресми тілде жүргізіп келеді. Орта, жоғары оқу орындарында орыс тілі оқулықтары оқытылады.

Төртінші, біздегі жоғары деңгейдегі мемлекеттік істердің барлығы дерлік Мәскеудің қабағына қарап шешіледі.

Мемлекет басшысы, барлық басқосуларды  тек ресми тілде өткізеді. Ол тіпті, шетелге барған сапарларының барлығында да орыс тілінде сөйлейді. Себебі, «үй артында кісі бар. Ана орекеңдерден ештеңені де жасыруға болмайды».

Бесінші, «Кедендік одақ» деген арқылы Қазақстан экономикасын Ресей экономикасына құлдыққа басыбайлы бере салды. Одан Қазақстан ұтылмаса, ұтқан жоқ. Бұл билікке «бары бир».

Алтыншы, енді  Қазақстанды «өз еркімен» «Еуразиялық одақтың» қорасына кіргізіп жіберіп, мәңгілікке бодандық қамытын кигізбек. Сөйтіп, ата-бабаларымыз сан мың жыл бойы арман еткен Тәуелсіздігімізге нүкте қойылмақ!

Жетінші, кешегі Қазақ Көшінің тоқтатылуы, қандастарымыздың байырғы атамекеніне оралуларына тыйым салу – Қазақстаннның басты саясатына айналып, ана жуан жұдырық қожайындары алдында тағы бір ұпай жинауларына себеп болды.

Сегізінші,   «Мәңгілік ел», «Қазақ елі», «Қазақ Республикасы» деген  сөздер арқылы билік уақытша болса да, Қазақ Ұлтының басын айналдыра тұрып, ұлтымызды қайтадан құл етпек!

Тоғызыншы, «2050-жыл», «30 ел» деген қиял-ғажайыптар арқылы Қазақ Ұлтын осыншама жылға өзгелерге жалға құлдыққа бермек! Немесе осы жылдар ішінде Қазақты жер бетінен тып-типыл етіп жойып жібермек!

Оныншы, ұлттық теңгені жасанды түрде құнсыздандыру арқылы Қазақ ұлтын тұтастай қайыршыға айналдырып, тентіреп кеткен ұлтымызды  әлем алпауыттарының қорасына кіргізе салмақ!

Он бірінші, 2014 жылдың 12-ақпанынан бастап, Қазақстанның басты қалаларына ауыр әскери техникалар мен бес қарулары сай әскерлерді енгізіп, ертең біреу-міреу бас көтере қалса, қырып салмақ! Бұл жолы ана ЖАҢАӨЗЕН қырғыны далада қалады. Бұл тексіздер, негізінен Қазақ Ұлтын қанға бояйды! Аман қалған қазақтарды «Итжеккенге», Сібірге, Такламаканға айдап, тоз-тозын шығарады.

Сөйтіп, біздің Қазақ «құдайдан мүйіз сұраймын деп жүріп, құлағынан айрылады»!

«Иә, шынында да осы Тәуелсіздік – біздің не теңіміз еді?..»

Мен бұл сөздерді ашынғаннан айтып отырмын!

Әйтпесе, әлемдегі есі дұрыс адам осы бір қасиетті «Тәуелсіздік! Азаттық!» деген сөздерді жек көре ме?!.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570