Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 5545 0 пікір 14 Ақпан, 2014 сағат 06:03

Бедеулік

Тұрмысқа шығып, отбасылы болған әрбір әйел балалы болуды армандайды. Ана бақытына бөленгісі келеді. Алайда бұл жолда кедергілер де жоқ емес. Ерте заманда ата-әжелеріміз білмей келген бедеулік қазір үйреншікті құбылысқа айналды. Баланы дүниеге әкелуге қабілетті қыз-келіншектер неге бұл індеттің шырмауында қалып отыр? «Індет» деп айтуымызға да себеп бар. Елімізде, тіптен дүниежүзінде бедеулікке шалдыққандар саны өсуде. 2000 жылдары еліміздегі бедеуліктің көрсеткіші 8-10% аралығында болған болса, қазірті таңда 16-17%-ға көтеріліп кеткен. Өкініштісі сол – бедеулікті емдеуге осы ауруға шалдыққандардың көбісі асықпайды. Салдарынан 20-25 жылға дейін сәби күтумен өмірлері өтіп жатады. Тез арада емделіп, 10-12 жылдың ішінде бала сүйіп, қуаныштары қойнына сыймай жүргендер де бар.
Иә, сонымен бедеулік нендей дерт? Оның себептері қандай?

Тұрмысқа шығып, отбасылы болған әрбір әйел балалы болуды армандайды. Ана бақытына бөленгісі келеді. Алайда бұл жолда кедергілер де жоқ емес. Ерте заманда ата-әжелеріміз білмей келген бедеулік қазір үйреншікті құбылысқа айналды. Баланы дүниеге әкелуге қабілетті қыз-келіншектер неге бұл індеттің шырмауында қалып отыр? «Індет» деп айтуымызға да себеп бар. Елімізде, тіптен дүниежүзінде бедеулікке шалдыққандар саны өсуде. 2000 жылдары еліміздегі бедеуліктің көрсеткіші 8-10% аралығында болған болса, қазірті таңда 16-17%-ға көтеріліп кеткен. Өкініштісі сол – бедеулікті емдеуге осы ауруға шалдыққандардың көбісі асықпайды. Салдарынан 20-25 жылға дейін сәби күтумен өмірлері өтіп жатады. Тез арада емделіп, 10-12 жылдың ішінде бала сүйіп, қуаныштары қойнына сыймай жүргендер де бар.
Иә, сонымен бедеулік нендей дерт? Оның себептері қандай?

Алматыдағы №1 қалалық ауру­хананың дәрігері И.Датбасованың айтуынша: «Еліміздегі бедеулік күрт өсіп барады және бұл өте алаңдатарлық жайт. Негізгі себепті де кесіп айту қиын. Біріншіден, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды немесе жыныс органдарының жасына сай жетілмей қалуы, ол жатырдың өспеуі, аналық бездің ұрықты дұрыс шығармауы, түтікшелердің бітеліп қалуы, т.б. Екіншіден, өмір сүру үрдісі – ол салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, киген киім, т.б. осының бәрі де әсер етпей қоймайды». Сонымен қатар жастайы­нан жыныстық қатынасқа түсіп, артынан түсік жасату бедеулікке шалдықтыратын ең басты себеп екен. Ғалымдардың зерттеуінше, бедеуліктің 70%-ы алғашқы жүктілікте түсік жасатқандықтан болатын көрінеді. 2009 жылы әлемде 30 миллион жасанды түсік жасалса, соның 300 мыңы Қазақстанға тиесілі. Қазіргі уақытта Қазақстанда жасанды түсік жасатушылардың жас ерекшелігі 14-50 жас аралығын қамтиды. Бұл дегеніміз бесіктен белі шықпаған өрімдей қыздарымыз бен ақыл тоқтатқан әйелдер де осындай қадамға барып жатыр деген сөз. Ресми деректерге сүйенсек, еліміздегі жасөспірім қыздардың 10 мыңнан астамы екінші мәрте түсік жасатқандар екен. Жастық шағын пайдаланып көңіл көтереді, ішімдік, темекі, есірткі қолдану сынды әуестіктері пайда болады. Осының бәрі де адам ағзасын өте қатты өзгертеді, аурудың түр-түрін тудырады. Бедеулікке тек қана әйелдер кінәлі емес. Ер кісілердің де үлесі бар көрінеді. Аса мән берілмей жүрген аурулар соңында осындай үлкен дертке шалдықтырады екен.
Бедеуліктің себептері өте көп. Ол климат, экология, тамақтану, түрлі аурулар. Қоршаған орта мен экология адам денсаулығындағы негізгі фактор. Ауаның ластануы, химиялық элементтердің адам ағзасында кездесуі – осының бәрі кері әсерін тигізері сөзсіз. Тіпті бедеулік қан арқылы да берілетін көрінеді. Анасынан не болмаса сонау бір кезеңдерде осы аурумен ауырған туыстарынан тұқым қуалап жұғуы мүмкін. Тағы бір себеп, жас­тайынан соққыға жығылған немесе жыныс мүшелері қатты соққы алған қыз-жігіттер өсе келе бедеулікке шалдығады.
Эндокриндік аурулар да бедеулікке шалдықтырады. Бұл ауруларға көпшілік аса мән бермейді, алайда гормондардың дұрыс жұмыс жасамауы не болмаса мөлшеріне жетпей, яки асып кетуі тууға қабілетті әйелді де ауру етеді. Эндокринологтар жастар отбасын құруды жоспарлаған болса, ең алдымен дәрігерге қаралып тексерілуі қажеттігін ескертеді. Себебі отбасын құрған соң сәби жоспарланады, ал бұл үшін ағзадағы гормондарды қадағалау керек. Йод жетіспеушілігінен кейбір келіншектер ана атану бақытынан айырылып отыр.
Заман шарықтап бара жатыр. Онымен қоса адамзат та, техника да даму үстінде. Қарапайым қалтамыздағы ұялы телефонның қаншалықты зиян екенін көпші­лігіміз біле бермейміз. Онсыз тағы өмір жоқ. Бұл – шындық. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, биология ғылымдарының кандидаты Нұргүл Бергенева: «Бедеулік, белсіздіктің басты себебі дұрыс тамақтанбау мен радиацияның әсері. Қазіргі тағамдардың барлығында химиялық элементтер толып жатыр: бояғыштар, концорегенді заттар, ауыр металдар, т.б. Жұмыстағы компьютер, сканер, телефон; үйдегі теледидар, тоңазытқыш, кір жуатын машина барлығы аз мөлшерде болса да радиациялық сәуле шығарады. Бұл сәулелер ағзаға жинақтала келе ауру ошағына айналады. Ноутбукті тізеге қойып отыру, қалта телефонын қалтаға салып жүру де дұрыс емес. Міне, осылардан бедеулік пайда болады» дейді
Елімізде бедеулікпен белсене күресіп жатқан орталық та, ұйым да саусақпен санарлық. Алдымен ауызға түсетіні – аты елге танымал эмбриолог-дәрігер Салтанат Байқошқарованың орталығы. Мұнда бедеулікті емдеуге барынша күш салынады. Суррогат ана қызметі де пайдаланылады. Денеден тыс ұрықтандыру арқылы қаншама сөнген шырақтар қайта жанды. Үміт оты оянды. Осы уақытқа дейін осы әдіспен елімізде 8000-ға жуық сәби дүниеге келген. Бұл да болса бедеулікті шешудің бір жолы. Алайда бұл қызмет түрі өте қымбат. Жуыр­да осы «Экомедке» келіп емделіп жүрген құрбымызды көрдік. Бағасы өте қымбат екенін айтты. «Ақшасын қойшы, бір нәтиже берсе екен» деп отыр. Осы орайда суррогат ана жайын айтар болсақ, бұл, әрине, сауапты да жауапты іс. Бірақ мұны кәсіп етіп алғандар көбейіп барады. Жап-жас болып суррогат ана болуға келісетін бойжеткендер бала тууды бизнеске айналдырудың алдында тұр. Бірақ амал нешік, бала керек, сәби күлкісі мен оның тәтті қылығының алдында қандай дүние үстем дейсіз. Бұл әдісті қолдайтындар бар, қолдамайтындар бар. Шешім өздерінде. Суррогат ана қызметіне көбіне жатырын алдырған немесе тууға қабілетсіз әйелдер жүгінеді екен. 2011 жылы «ҚР Отбасы және неке туралы» Кодекске «суррогат ана» мәселесі арнайы бап ретінде енгізілді.
Халқымызда бедеулікті емдеудің қазақы емдері де бар. Ертеде ішірткі іштіру, жаңа туған баланың кіндігін бедеу әйелге көрсетпей көміп тастау және таңғы шыққа жалаңаяқ жүргізу сынды тәсілдермен емдеген көрінеді. Сонымен қатар ата-баба рухына табынып, әулие-әмбиелерге түнеп, бала тілеу де көп таралған.
«Бала тапқандікі емес, баққандікі» деген нақыл сөз текке айтылмаса керек. Баланы бауырға басу деген бар. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтқан екен: «Ешкімі жоқ жетім балаларды өз асырауына алған адам менімен жұмақта көрші болады». Бала асырап алу – бедеулікті аздап болса да сейілтуде. Өзінде болмай өзгенікін бауырына басу арқылы ұрпақ тәрбиелеп, өмірден үміттеніп ғұмыр кешу – тіршілікте ұшырасатын құбылыс. Біреулер бір балаға зар болса, енді біреулер сол бейкүнә сәбиден өз еркімен бас тартуда. Бедеу әйел жетімді бауырына басып, күндердің күнінде өзінің аяғы ауыр болыпты дегенді де естігенбіз. Тұңғышын өзі тумаса да өз баласындай көріп, бауыр еті туғанынан да артық көретіндер бар. Себебі баланың бөтені болмайды ғой. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның мынандай өсиеті бар: «Балалы болыңдар, көбейіңдер. Себебі мен сендердің көптіктеріңмен мақтанамын». Балалы болу маңдайларына жазылмаған кейбір әйелдер амалсыздан күйеуінің екінші әйел алуына келісімдерін береді. Шариғатта мұсылман еркекке төрт әйел алуға рұқсат берген. Осы орайда балалы болу, көбею жағын да ескерген болар.

Балнұр Ержанқызы

"Ана тілі" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570