Сенбі, 12 Қазан 2024
Жаңалықтар 555 0 пікір 9 Қыркүйек, 2024 сағат 11:53

ШҚО-да жалған тендр жасаған шенеуніктер жазаланды

Фото: pexels.com

Шығыс Қазақстан облысының шенеуніктері төтенше жағдай болмаса да, ойдан оқыс жағдайлар орнатып, тендер ойнатқан.

Облыстың прокуратурасы хабарлағандай, олар жалпы құны 1,4 млрд теңге болатын 78 келісімшартты заңсыз жасаған.

Прокуратура осы тендерлер өткен кезде облыста төтенше жағдай мүлде болмағанын, бірақ, шенеуніктер бір көзден шарт жасасып, мемлекеттен ақша алғанын анықтаған.

Прокуратура бұл шарттарды заңсыз жасаған лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлап отыр. Олар 1,4 млрд теңгені жымқырғаны үшін әзірге 14 млн теңге айыппұл төлеген.

 

Abai.kz

0 пікір